Читайте также:
|
|
Мақсаты: музей қызметтері туралы мәлімет бере отырып бағалау.
Кілт сөздер: тиімділік, көрсеткіш, баға, әдіс.
Бизнес пен мәдениет заманауи қоғамда бір-бірімен жіпсіз байланғандай тығыз байланыста өзара толықтырылып отырады, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Осылайша өзара бағыныштылықтың терең саяси астары қоғамның тез жетілуіне серпін береді. Бұл бизнес пен мәдениеттің сабақтастығы өз кезегінде азаматтық қоғамның қалыптасуына алып келеді. Тек іскерлік істер мен мәдениет салалары ұштасқан кезде ғана қоғамда әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді өзін-өзі жетілдіру, мемлекеттік бақылаудан тыс өздігінен реттеу жүзеге асады. Осындай қоғамда ғана демократияға жол ашылады. Бизнес пен мәдениеттің ұштасқандығының айқын дәлелі- Ресей мемлекетінің ұстанымы болып табылады. Мәдениеттің және өнердің маңызды мәселелері салаларындағы қиындықтармен шектелмейді.
Мәдениет пен өнердің заманауи қоғамның дамуына қосар рөлі:
(а) Мәдениеттің экономикаға тікелей қосқан үлесі:
• Мәдениет пен өнердің өзіндік қамтитын аумақтары бар, өзіндік автономды құрылымдары өз кезегінде экономиканың белгілі бір жерде дами тусуіне ықпал етеді
• Мәдениет пен өнер қоғамның дамуының алғышарттары, БАҚ; туризм, өнеркәсіптік дамуы;.
(б) Әлеуметтік әсері:
• Мәдениет пен өнер адамдардың түйсіктеріне оң көзқарастарды қалыптастырады, әлеуметтік маңызы зор. Жеке азаматтың рухани кенелуіне, қоғамның өркендеуіне әсерін тигізеді.
• Элитарлы, ауқымды мәдениеттер, мысалы андерграундте әлеуметте жүріс-тұрыс қағидарларының әр текті үлгілері ұсынылады.
(в)Экономикалық қосалқы әсері:
• Мәдениет пен өнер әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімді. Себебі, мәдениет пен өнер қоғамның құндылықтарын сақтап, оны табысты және табыссыз мақсттарда қолданылуына серпінін тигізеді. Іскерлік пен менеджменттің жаңа технологияларына қарай, жарнама ретінде, public relations, қызметкерлермен жұмыс, өнеркәсіптің реинжинирингі, өнеркәсіптік мәдениеттің қалыптасуы,өнеркәсіптік өзіндік қайталанбас тәсілінін қалыптасуы.
• Өзара тиімді, іскерлік әлем мен мәдениеттің бірлігі. Азаматтық қоғамды қалыптастырушы тірек көздері.
• Мәдениет пен өнер арқасында, мысалы, демалыс қонақжайларын, қаланың зәулім сәулетті ғимараттарын әсем бедердеу арқылы қоршаған әлемдік сахнада қызығушылық ояту.
(г) Әлеуметтік қосалқы әсері:
• Мәдениет пен өнер әлеуметтік ортаны қызықты оқиғалар арқылы баурап алады.
• Олар өркениеттіліктің әлеуметтік бірлестіктерге әсерін, шығармашылықтың өркендеуін, қоғамды жаңашылдыққа баулу, ескі дүниетанымдардың ығысуы
• Мәдениет пен өнер — қоғамның ұжымдық зейін-жады, өшпейтін тарихи-мәдени мұраның әрі шығармашылық ойлардың бастауы.
• Олар арқылы өмір жаңарады, жеке тұлғаның ой-түйсігіне әсер етеді, оғаш қылықтардың оңалуына көмектеседі..
• Жас буынның қалыптасуына мәдениет пен өнердің сіңіретін ролі орасан зор.
• Мәдениет пен өнер жаңа заманауи құрылғыдар мен технологиялар арқасында одан әрі даму үстінде. Мәдениет пен дамудың сан түрлі байланыстарын атап, мәдениеттің қоғамның алға ілгері жылжуына ықпал етуші факторлардың бірі де бірегейі екендігін ескерген жөн.
Бақылау сқрақтары:
Мұражайды бағалаудың қандай сипаттамалары.
Мұражай ісіндегі коммуникация үдерісі.
Әдебиеттер: Тульчинский Г.Л. Маркетинг в сфере культуры. – Спб., 1995; Розен Б.Х. Период выживания: музеи в девяностые годы// международный журнал «Museum». 1994 - №182; Раньярд С. Музей как взаимодействие с аудиторией // Музей. Маркетинг. Менеджмент. – М., 2001.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 130 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |