Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарық-кәсіпорын- мемлекет.

Ал қытайлық үлгі: мемлекет-кәсіпорын-нарық.

дамушы елдерде: кәсіпорын-мемлекет- нарық.

Ғалымдар соңғы екі үлгіні нарыққа өту жолына түскен барлық посткеңестік елдерге тән екендігін айтады.

Жоғарыда көрсетілген қоғамды жіктеуде қайшылық жоқ,олар бірін-бірі толықтырады. Дәуірлерді нені өндіргенмен емес, қайта қалай өндіргендігімен және қандай өндірістік күштермен екендігімен айыра аламыз деп жазған К.Маркс.

Өндірістік күшердің даму деңгейі қоғамдық процестің жалпы критерийі болып табылады. Басқаша айтсақ,меншік түрінің әртүрлі жағдайында жұмыс күші өндіріс құрал-жабдықтарымен қайта біріктіріледі,қалай үйлестіріледі және қалай экономикада басқарылады: нарықтық бәсекелестік арқылы,жоспарлау арқылы немесе екеуінің көмегі арқылы ма,яғни аралас басқару жүйесі мемлекет пен нарық арқылы.

Белгілі ғалым-экономистер, америка жоғары оқу орнына арналған «Экономикс» оқулығының авторлары Р.Макконнел мен С.Л.Брюдің көзқарастары бойынша, әлемдегі индустриалды дамыған елдерді екі белгісімен ажыратуға болады:

1. Өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншіктің түрлері бойынша;

2. Осы экономикалық қызметтің үйлестіру және басқару әдістері бойынша. [4]

Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш күштер өндірістік қатынастармен диалектикалық бірігу жағдайында болады. Өнірістік қатынастар –бұл өндірістің қоғамдық түрде жүзеге асуы. Өндірістік қатынастар – бұл әлеуметтік-экономикалық меншіктік қатынастар.

Өндірістік қатынастардың өндірістік күштермен бірігуі өндіріс әдісін құрайды, яғни қоғамның экономикалық құрылуы, оның экономикалық базасы. Экономикалық немесе өндірістік қатынастар отбасылық, діни, құқықтық, мәдени, саяси, әлеуметтік қатынастар мен қосылып, қоғамның қондырмасын құрайды. Базис пен қондырма өзара диалектикалық бірігуі жағдайында болады

Базистің өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтары қоғамның жаңа күйге көшуіне объективті жағайлар тудырады.

Бұл кезде қондырма қоғамның бір күйден басқасына көшуіне көмектесуі мүмкін немесе өтуге кедергі жасайды.

Адамзат қоғамы өзінің бүкіл тарихында өндірістік күштер деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты арасындағы объективті туындаған қайшылықтардың әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан басқасына, төменгі өркениет баспалдығынан жоғарғысына ауысуы. Меншік түрлерінің ауысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік қатынастар пайда болады.

Қоғам адамзат өркениеттілігі баспалдағымен көтеріле отырып, қауымдастық (қоғамдық) меншік түрінен жекеге, жекеден қоғамдыққа (мемлекеттіке) қозғалыс жасап, экономиканы тек қана рынокпен немесе тек қана мемлекетпен басқарады. Қазіргі жағдайда өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтар адамзат қоғамының аралас экономикаға, аралас меншік (жеке мен мемлекеттік) түріне,басқару тәсілінің аралас (рынок пен мемлекеттік) жүйесіне көшумен жойылады.

Тарихқа терең үңіле отырып байқағанымыз, бұрынғы заманның өзінде меншік түрлері таза күйінде болған емес,олардың кез келгенін басқасымен аралас күйінде кездестіреді.Мұндай жағдай көрнекті турде біздің дәуірімізге дейін VІ- VІ ғасырда Ертедегі Рим мен Ертедегі Грецияда байқалады.ол елдерде сол кездерде көне дүниелік (антикалық)меншік өмір сүрді.

Көне дүниелік (антикалық) меншік-қауымдық меншік түрінің жерге деген синтезін құрайды.Бұл мемлекеттік міндеттерді және әрбір азамат меншігін шешудің негізі болып табылып, оларға ол еркін шешім қабылдай алмады.Осы дәуірге Ертедегі Афина мен Ертедегі Рим жетістігі дәлел, әсіресе жеке тұлғаның, мәдениеттің өрлеуі, сондай-ақ азаматтық, саяси және экономикалық өмірдің дамуы қарқынды болғаны тән.

Бұрынғы социалистік елдерде, КСРО-мен қоса 70-ші жылдардан бастап, өндірістік қатынастар сипаты өндіргіш күштер дамуы деңгейімен қайшылыққа келді. Бұл мемлекеттік меншіктің басқа меншік түріне қарағанда 90% болуымен, барлық ұлғаймалы өндіріс аясын терең монополиялап, экономика дамуын тежеуден байқалады.

Осы елдердің экономикасы қатаң орталықтан жоспарлаудың қысымында болып, экономикалық мүделікті жоққа шығарып,ғылыми – техникалық прогреске селқос көңіл бөлді. Қоғамдық өндірістік тиімділігі 70-ші жылдардан бастап қатты төмендеп, тауардың тапшылығы жалпы белең алды. Экономика өндірістің жеткіліксіз дамуынан экономикалық дағдарысқа тап болды. Осыдан барып нарыққа өтудің объективті қажеттілгі туды. Өтудің қажеттілігі 1985 – ші жылғы сәуірден бастап анық байқалады.Осы жылдан бастап мемлекеттік басқару аппаратында «қайта құру»термині пайда болып, ол 1987-ші жылдың маусым айынан «нарық» басқарудың бөлінбейтін элементі ретінде дәріптеледі.

 

2. Өтпелі экономика: оның түрлері,




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав