Читайте также:
|
|
Өтпелі экономика типтерін өту процестерінің сипаты мен ауқымы бойынша айырады. Өтпелі экономиканың ғаламдық және жергілікті түрлерін бөліп қараймз. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты: индустралдық дәуірге дейінгіден индустралдыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустралдыққа (ақпараттық); екі өркениеттіліктен (шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениеттіке өту.
Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде жергілікті өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі модельден рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі экономиканың жергілікті нышаны мен түрлеріне қатты әсер етеді.
а) экономиканың инерциялылығы. Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциялық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрынғы ескі экономикалықтүрде сақтауды жүзеге асырады. Экономиканы оның түрін, жай-күйі мен құрыылымын, кадрларды қайта оқытуды өзгерту, жаңа экономикалық ойды 5-10- жылда қалыптастыру мүмкін емес, ал «500 күнде»жүзеге асыру тіптен қиын болмақ. (Ресей ғалымэкономистері С.С.шаталин мен Г.А.Явлинский 1990 жылы ұсынған "500 күн " бағдарламасы).
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялылығы ескерліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасады;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайдағы кез-келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, нарықтық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс.
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементтер, түрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен аралас түрде және т.б.
в) өтпелі экономиканың тарихилығы:
- өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;
-өтудің өзі белгілі мемлекетте болады. Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы шамамен ХХІ-ші ғасырдың басында белгіленуде.
г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық әлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.
Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлес бойынша, еркін нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түрінде - әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне көшуде.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сипатталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған елдердің өзінде өту мерзіміне әсер ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке меншік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді.Сондықтан мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп уақыт қажет етті. Біз атап отырған екі елде мемлекеттік меншік үлесі 14%-дан асқан жоқ, ал жеке меншік үлесі-76 % құрады.
Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудің жедел «естен тану» варианты әбден келеді, ал бұл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда Ресейде осы аталған өту варианты «500 күн» бағдарламасымен жүзеге асады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 161 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |