Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тпелі процестер өзінің сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-реформаторлық болып келеді.

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Азақстанда көпбалалы отбасы болып саналады, егер отбасында ... болса.
  9. Ай философияда мәдениет алғаш рет философиялық зерттеудің пәні болып қалыптасқан?
  10. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы

Қоғамның бір жүйеден екіншісіне табиғи-эволюциялық процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипатқа ие болуы мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың жергілікті кезінде байқалуы мүмкін.

Мысал ретінде, реформаторлық сипаттағы жергілікті өтпелі экономикаға 1917 – ші жылдан кейінгі Ресейдегі социиализм құрлысы кезеңін айта аламыз. Осындай жағдай 1946-шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды.Реформаторлық сипаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі Германияның тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін айтамыз. Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Любвиг Эрхардтың (1897 – 1997ж ж.) жасаған бағдарламасының негізінде өту жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық реформаторлық сипат алады. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтудегі басты міндеттері мыналар:

1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру. Мемлекетсіздендіру деп экономиканы мемлекеттік басқару қызметін мемлекеттен алып тастауын айтамыз. Меншікті жекешелендіру дегеніміз меншікті жеке меншікке беру және меншікке деген мемлекеттің абсолюттік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40% шеңберде қалады.

2.Қазақстан кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту)

3.Нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы, басты нәрсе тауар мен қор биржасы және басқада әртүрлі нарықтың құрылуы;

4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында экономиканы монополиясыздандыру.

5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.

Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.

Тпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамассыз ету.

Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы, адам экономика үшін емес, экономика адам үшін болуы керек.

Азақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлар мен байланысты түсіндіріледі:

- ұлттық, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрлымдық, табиғи – шикізаттық, табиғи-климаттық және географиялық сипаттармен.

Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекетінде жүзеге асырады.

Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғаш рет әлемдік практикада әкімшілдік - әміршілдікпен ғана емес,сонай-ақ қоғамда меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас мешік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырады.

Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілдік - әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді жұмып қойып, ұлттық құндылықпен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірибсін көшіре салу, экономиканы реформалауға толық мүмкіндік жасамайды.Сондықтан, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық құндылығымызбен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.

Алайда нарыққа өтудегі әлемдік тәжірибенің құндылығы- Қазақстан үшін өте жоғары. Қазақстан өзге елдермен салыстырғанда өз бетінше даму жолына кеш түсті, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан-2030 "Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, бұл Қазақстанға өзгелердің жақсы жақтарын да, жаман жақтарын үйренуге мүмкіндік береді."

Шіншіден, Қазақстанның териториалық-географиалық жағдайы- өркениеттіліктің батыспен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып,өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуында бұл фактор шешуші роль атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030 "Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, "біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдаланабілді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа мен Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын".

Бүгінде, Қазақстан осындай жолдардың түйіскен торабында, Ресей, Қытай,Орта Азия елдері,Таяу және Орта Шығыс елдері аумақтарында сауда ауқымын кеңейтіп отыр.

Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одақтың халық шаруашылығы кешенінің экономикалық байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы одақтық экономикамен интеграциялық елдерде болған, еліміздің қауқарлы ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы әлеуеті талап етілмей қалды.

Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту,металургиалық,химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – совхоздар көп болды. Республикада олар- 2059-ға жетіп, барлық ауылшаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Қазақстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әрқайсысында орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймайды.

Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өндірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.

Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру-республиканың өзіндік жағдайынан,өзінің моделін құру факторрын көбірек ескереді. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып,нарықтық экономиканы өзіне тән ұлттық моделін құрады.

Және, бірінші кезекте "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында атап өткендей, Корея, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Тайланд, Малайзия секілді "Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны белгілі." Сондай -ақ, бағдарламада, "біздің үлгі басқа өзге елдің ешқайсысына ұқсамайды.Ол өзіне барлық өркениет жетістіктерін сіңірген" деп сызып көрсетілген.

 

 

4. Нарықтық емес экономикадан аралас, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика ға өтуінің варианттары

 

Теория мен тәжірибе, нарықтық экономикаға өтудің мүмкін болатын үш нұсқасын көрсетеді:

Жедел (естен тану), элементі бойынша, екі секторлы.

Нарықты жүргізудің бірінші нұсқасы тартымды көрінеді, алайда Польша, Ресей, Венгрия және Қазақстан елдерінің тәжірибесі бұл процестің тіпті қолайлы экономикалық жағдайдың өзінде жылдарға созылып кететіндігін көрсетті (Польша мысалында). Элементтер бойынша нұсқасында нарық қалыптастыруды біртіндеп, кезектілікпен жүргізуді ұсынады.

Екі секторлы нұсқа жоспарлы сектордың сақталуы жағдайында нарықтық сектордың қалыптасу үлгісін ұсынады, яғни мұнда экономикада "жоспарлы" және "нарықтық" секторлардың белгілі бір уақыт ішінде болуы туралы сөз болады. Екі секторлы экономика мдеясын жалпы түрде венгер экономисі Янош Корнай өзінің "Экономикалық реформаларға қатысты ****" еңбегінде (1989 ж) ұсынды.

Экономиканы реформалаудың екі секторлы нұсқасы Қытайда бірнеше кезеңде қолданылды:

1978-1984 жж.- (кәсіпорынның экономикалық қызметін жаңалаудың көптеген эксперименттерінің басталуы);

1985-1987жж.- (қала мен ауылдағы жан-жақты реформалар)

1988 ж бастап.- (өмірдің барлық салаларында экономикалық реформалардың кеңеюі мен тереңдеуі)

Экономикалық реформалар барысында ҚХР экономикасына қатысты жоспар мен нарықтың өзара іс әрекеті туралы ойлар жаңарып отырады.

Директивті жоспарлау негізінде өндірілген жалпы өнімнің үлесі қысқарды және 16,2 %+ды құрады, ұсынылымдық жоспар негізінде өндіріс көлемі 42,8 % қысқарды, ал өндірістің нарықтық реттелетін үлесі 40 % ға жетті.

Алайда, басқару субъектілерінің өсуіне және экономиканың теңсіздігінің ушығуына байланысты және оның дамуының төмендеуінен, макроэкономикалық басқаруды жетілдіруге баса күш салу қайтадан күшейеді. Бір мезгілде тұтастай алғанда нарық жүйесінің қалыптасу проблемаларына келуде де белгілі бір алға басушылықтар байқалады.

Сонымен бірге, Қытайда экономикалық реформалар жүргізуде мемлекеттің ролі жеткілікті елеулі. Мемлекет шешуші сектор мен кәсіпорынды тікелей басқарады, мақсатты бағытталған баға және кірістер саясатын жүргізеді, жұмыспен қамту, демографиялық, аймақтық саясат, нарықтық сипаттағы жоспарларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Қытай экономикалық реформасының табысы анық. Экономикалық өсім қарқыны орта әлемідк деңгейден 4 есеге өсті. Қытай сөзсіз әлемдегі көшбасшы елдің біріне айналды.

Нарыққа өтудің соңғы екі нұсқасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясы" бағдарламасында іске асыру көзделген.

Бағдарламада барлық салалардың нарыққа өтуінің жедел жәе бір мезгілде өту әдісі алынып тасталған, қатаң орталықтандырып басқару жүйесін нарықтық қатынастармен алмастыру, кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметін тікелей мемлекеттік реттеу элементтерін реформалау стартын сақтай отырып біртіндеп қажет алғы шарттар жасай отырып, өту бағыты қабылданған.

1993 жылдың 11 мамырында егеменді мемлекеттің идеологиялық қзыметтері мәселелері бойынша өткен респбуликалық мәжілісте Қазақстан Респбуликасы Президенті қайда? қандай жолмен? Қандай қоғамға барамыз? деген күрделі сұраққа былай деп ажауап берді:

"Біз, қазіргі заманда капитализм мен социализм нің қайшыласуымен меме, олардың өзара бірігуімен, синтезімен сипатталатын дәуірден бастау алуымыз керек. Бұндай құбылыс, өз кезінде "конвергенция" деген теримнмен белгіленген. Сондықтан, әлемдік қауымдастықтың дамуының тендециясы- капитализм мен социализм емес, демократия мен аралас әлеуметтік бағыттағы экономика. Қазақстан адамзат өркениетінің магистралды жолынан егеменді ел ретінде тыс қала алмайды.

Стратегиялық мақсаты - аралас әлеуметтік бағытталған түрлі меншік нысандарының (жеке және мемлекеттік) өзара әрекеттесуі мен бірігуімен бәсекелестік бастауға негізделген нарықтық экономика құру.

Стратегиялық мақсатқа 15-20 жылда үш кезеңмен қол жеткізу белгіленеді: алғашқы үш жылда (1992-1995 жж) экономиканың тұрақтануына қол жеткізу, тұтыну нарығын қалыпты жағдайға келтіру, меншіктің едәуір бөлігін мемлекетсіздендіру; одан кейінгі 7-10 жылда (1996 жылдан шамамен 2005 жылға дейін) экономиканың шикізаттық бағытын жою, инфрақұрылымды дамыту, тауар, еңбек және капитал нарығын дамыту: одан кейінгі 3-5 жылда экономиканы ашық түрде жеделдетілген қарқынмен дамыту, жаңа дамыған индустриалды елдер қатарына кіру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ("Қазақстан-2030") өткен жылдарды қорытындылап, Қазақстан Республикасының нарыққа өтуінің екінші бағдарламасында қойылған міндеттердің жүзеге асырылуына баға берілді, дамудың келеңсіз сипаттары мен 2030 жылға дейінгі жүзеге асырылуы тиіс ұзақ мерзімді жеті басымдықтар белгіленді:

-ұлттық қауіпсіздік:

- ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;

- шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

- Энергетика ресурстары

- Инфрақұрылым

- Кәсіби мемлекет

Қойылған мақсаттарды үш кезеңде жүзеге асыру: 1998-2000 жж,2001-2010жж,2011-2030 жж. (Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. -Алматы, Білім, 1997.)

 

Ұғынуға қажетті терминдер:

Өтпелі кезең; өтпелі экономика; ттүрлері,,нышаны, сипаты, міндеттері; дәстүрлі экономика; формациялық жіктеу; өркениеттілік жіктеу; нарықтық жіктеу; экономиканың инерциялылығы, өтпелі кезеңнің тұрақсыздығы.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 179 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав