Читайте также:
|
|
Ұлтық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізілді:
-бірінші кезең 1991-1992 жылдар:
-екінші кезең 1993-1995 жылдар:
-үшінші кезең 1996-шы жылдан 1998-ші жылға дейін созылды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
-шаруашылық субьектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны құрып, өндірістік монополиясыздандыру қамтамасыз ету;
-шағын және орта бизнесті дамыту;
-шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық – шаруашылық құрлымды қалыптастыру;
Бағалы қағаздар нарығының субьектісі ретінде инвестициялық құрлым жүйесін дамыту және нығайту.
Азақстан Республикасының ерекше меншік обьектілері жекешелендіруге жатпайды.Олар – жер, онең байлағы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүнйесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтар.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді:бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпеидйтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып,үйлерді (пәтерді)жекешелендіру жүзеге асты: екінші кезеңде тұрғындар қайтарлмайтын жекешелендіру купонын алды.Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоы арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды.Ондай қор Қазақстанда 120-дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру инвестициялық купон иесінің өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ,тек қана оны инвестицялық қорына сала алады.Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам-шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 % мемлекетке жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акцоинерлік қоғамға қатысуы айтарлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімдерін үйлестірумен және пайдалы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, сондай-ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсугежетуді көздейді:
-ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;
-мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат – тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |