Читайте также:
|
|
1998 жылы аяқталған мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру Қазақстан Республиксында аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға негізделген көп деңгейлі, көпқұрылымды экономика қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Жекешелендіру мен мемлекетсіздендірудің бірінші кезеңінде 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасында кіші жекелешендіру жүзеге асты, онда 6198 кәсіпорын жекешелендірілді. Бұл негізінен 29,6 % сауда және 35,8 % тұрмыстық сала кәсіпорындары еді.
Екінші кезеңде 1993-1995 жылдары кіші жекешелендіру және ірі, орта кәсіпорындарды жекешелендру процесі өтті. 1625 шағын және 3500 орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді.
Жекешелендірудің соңғы кезеңінде 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасында 88817 шағын кәсіпорындар есепте болды, оның ішінде 81709-ы шшағын және 5344-і орта, 1814- і ірі кәсіпорындар.
111885 жалпы кәсіпорындар санындағы мемлекеттік меншіктің үлесі 2000 жылдың басындағы жағдайда барлық сала бойынша 18,7 %, ал жеке сектордың үлесі -79,3 % құрады.
Ауылшаруашылығында 9107 жеке кәсіпорындар құрылды, оның ішінде 6471-шағын, 1685 орта және 951 ірі кәсіпорындар. Жалпы саны 9469 ауылшаруашылығы кәсіпорындарынан 3,7 % мемлекеттік меншіктегі, 96,2 % жеке меншіктегі кәсіпорындар құрады. 58422 шаруа шаруашылықтары құрылды.
Тек 1997-200 жылдар аралғында үш жылдың өзінде шағын кәсіпорындарда жұмыс жасайтындар саны 3 есе өсті және 2000 жылдың басына 318378 адамды құрады. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1995-1998 жылдары екі есеге жуық, 64 мыңнан 116 мың теңгеге өсті.
Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша 1995 жылы жұмыссыздар саны 1994 жылмен салыстырғанда 70 мың адамға өсіп, 808,8 мың адамды құрады. 1996 жылы 1995 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны тағы 161,8 мың адамға өсті, одан тек 15 мыңы ғана еңбекке орналасты.[1]
Бұның барлығы бір жаңа меншік иесінің өндірістің экономикалық құлдырауы кезінде кәсіпорынның жандануы үшін қаржы қаражаттан қиындыққа бетпе -бет келуіне байланысты болса, екіншілері- өзінің нарықтық қатынастарға бейімделе алмай, жұмыс жүргізуге қабылетсіздігінен кәсіпорынды банкроттыққа апарып, жұмысшыларын қысқартуға мәжбүр болуынан болған еді.
Жұмыссыздар қатары толығуының тағы бір себебі: шетелдік бақсаруға берілген кәсіпорындарда жұмыс орнын сақтау жөніндегі келісім шарттағы айрықша жағдайлардың орындалмауы еді. Мысалы, 2000 жылы "Ақтөбемұнайгаз" бірлестігіндегі қытай инвесторлары 2000 жұмысшыны қысқартты. Тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің араласуымен ғана жұмысшылар жұмыс орнына қайтарылды.
Сарапшы-ғалымдар Қазақстан Республикасында мемлекетсіз ендіру мен жекешелендірудің кейбір келеңсіз салдарларын жаңа басшылардың қолында кәсіпорындардың нарықтық жағдайға бейімделу процестерінің созылып кетуімен байланыстарады. [2]
Үш кезеңді атап көрсетеді.
Бірінші кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды, ол- өндірістің қапыл құлдырауымен, 1993 жылы 3060 % гиперинфляцияның өсуімен, жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорындар мен аймақтар өз күштерімен экономикалық дағдарыстан шығуға талпыныс жасауымен сипатталады.
Бұл кезең кейіннен "либералдық стратегиялар кезеңі, экономикалық романтизм" кезеңі деп, Ресейдегі нарыққа өтудің мысалы бойынша С.С. Шаталин мен Г.Явлинский ұсынған "500 күн" бағдарламасы бойынша естен тандыру терапиясы деп те аталды, осы кезеңде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 6 желтоқсандағы қабылданған бағдарламасы бойынша Қазақстан 1991-1992 жылдары 720 күн ішінде нарыққа өтуі тиіс болатын.
Өткенді бағалай отырып, бүгінгі күні ғалымдар бұл қандай да бір тұжырымдасыз немесе тәжірибелік дайындықсыз өткен, үлкен ауқымдағы және радикалды іс болғандығына куә болуда,
Екінші кезеңде (1993-1995 жж.) ұсақ және орта кәсіпорындар қалыптасты, өнеркәсіп кәсіпорындарын реформалауға, кәсіпкерлікті қолдауға қаржылық ресурстар құю процестерінен жекешелендіру процесіне мемлекеттің араласуы сезіле басталды,
Үшінші кезеңде (1996-1998 жылдар) кәсіпорындардың тұтастай экономиканың дағдарыстан шығару, оны тұрақтандыру мен көтерудің механизмедрі мен негізгі қағидалары анықталды. Нәтижесінде, ірі және орта кәсіпорындарды жекешендіру аяқталысымен олардың құрылымдық қайта құрулары жақсарды, нарықтық қатынастарға бейімделуі, өндіріс тиімділігі артты, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізілді. Инфляция деңгейі 28,9 % төмендеді, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1997 жылы 1996 жылмен салыстырғанда 4 % өсіп, 104 %ады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында барлықТМД елдері деңгейімен салыстырғанда экономикалық өсуге қолайлы жағдай қалыптасты.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |