Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ндіргіш күштерді интернационаландыру бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі.

Читайте также:
  1. Бүкіл әлемде бар мәселе қатты толғандыруда: бүгін және ертең қандай басқару қажет?
  2. Дүниежүзілік шаруашылықта сан жағынан қандай мемлекеттер көп:A) дамушы мемлекеттер
  3. Тітіркендіргішпен бірге ырғақты тіннің максимальді қозу жиілігі аталады
  4. Халықаралық еңбек бөлінісінің теориясы мен ақиқаты және елдердің өзара байланысының өсуі.

Халықаралық еңбек бөлісінің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.

Ескіден келе жатқан ұлттық, жергілікті тар шеңбермен өз өндірісінің өнімімен шектелудің орнына жан-жақты қатынастар мен ұлттардың арасында бір-біріне байланысы күшейе түседі».

Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі-халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

 

 

Халықаралық экономикалық интеграция.

 

 

Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құруын халықаралық экономикалық интегрция процесі дейміз. Осы интеграциялық құрылымға – Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашқыда алты мемлекет енді: (Бельгия, Голландия, Италия, Ликсембург, Франция, Германия).

Ал, 1973-ші жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция. 1986-шы жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия, 1995 жылдан Австралия, Финляндия және Шведция қосылып- 370 миллион адамымен «Еуропа бестік» дүниеге келді.

Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет қаржы істерін бақылау жатады.

ЕЭҚ-тың Үкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесі жатады. Министрлер Кеңесінің шешімі серіктес - мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Совет жұмысының аясына қауымдасдық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді.

Әр мемлекеттің басшысы төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.

Еуропалық экономикалық қауымдастық территориясында енген елдерден келген салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады. Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп,

автомобиль шығаруға Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

Ал. 1967-шы жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда экономикалық тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды. Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин.

Латын Америка территориясында 1980-ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты «аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды құру болып табылады.

Бұл қауымдастыққа 11 ел кіреді. Аргентина, Боливия, Бразилия, Венесуэлла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб - пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.

Ал, 1992-ші жылы ақпан айының 17-де Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды. Олардың ұйғаруынша Канада - табиғи орманды ресурстарды, Мексика - мұнай мен арзан жұмыс күшін жіберіп отырады.

Сондай-ақ, 1991-шы жылы желтоқсан айында бұрынғы кеңес Одағына кірген республикалар егеменді мемлекеттер Декларациясын қабылдады. Одағының Шартына қол қойды. Сөйтіп, Тәулесіз мемлекеттер достастығы (ТМД) пайда болды.

ТМД – он екі егеменді, тәуелсіз мемлекеттер Қоғамы, бұған мыналар кіреді: Азербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Модавия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тажікстан, Түрікпенстан, Өзбестан, Украина жалпы тұрғындар саны 261 млн. адам. ТМД елдері Мемлекетаралық экономикалық комиеті құрылды. Мақсаты – бірыңғай экономикалық кеңістік құру.

1995 жылдың басында ТМД елдері Үкіметі басты деңгейде ТМД барлық елдерінде ұлттық есептеу жүйесіне көшуде келісімді шешім қабылдады. Макростатистикалық отчетностар мен бухгалтердік есептерге бұл бірыңғай статистикалық ақпаратты кеңістік құру үшін.

Жаңа реформалау жағдайында олардың араларында қалыпты экономикалық қатынастар түрі осы кезге дейін табылған жоқ.

 

 

Экономикалық әріптестіктің тиімді схемасының қалыптасуын Еуразиялық бестіктің (2000 ж) шартынан байқаймыз. Оған: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тажікстан Белоруссия елдері енді. Кеден оданы құрылды. 2006 жылдың басында ЕврАзЭС Өзбекстан енді. Евразиялық Экономикалық Одақ алты мемлекеттен құралды. Бірігудің нәтижесі бұл мемлекеттердің дамуында елдерге тез әлеуметтік экономикалық жеміс әкеледі.

ЕврАзЭС Еуропалық Экономикалық Одақта бірыңғай экономикалық кеңістікте болып және бірікккен экономикалық прогрес үшін ауқымды перспектива ашады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 171 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав