Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Депозиттік операциялар жүргізу кезіндегі банк пен депозит иесінің құқығы мен міндеттері

Читайте также:
  1. B) әдістемелерді жүргізу барысында орындалуына талап ететін технологиялық әркеттерге
  2. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары
  3. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
  4. Банк зменшив ставку за строковим депозитом
  5. бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  6. В международной статистике в объеме денежной массы, кроме наличных денег, учитываются также депозитные деньги.
  7. ДЕПОЗИТ
  8. Депозитарная деятельность и деятельность по ведению реестра
  9. Депозитарные расписки
  10. Депозитные и сберегательные сертификаты коммерческих банков

Депозитордың міндеттері:

1. депозит сомасы келісімшарт жасалған күннен кейінгі 3 банктік күн ішінде банкке аудару

2. депозитке орналастырылған мерзім ішінде депозитке алғашқы орналастырылған соманың 50% көлеміндегі жалпы сомадан 3 реттен артық өзінің депозиттік шотынан ақша алмасу.

3. осы келісімшартта көрсетілген жағдайларды сақтау

 

Депозитордың құқықтары:

1. депозиттік соманы қосымша ақша сомасы есебінен ұлғайту

2. осы келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату

Банк міндеттері:

1. депозиттік шотқа депозит сомасын есептеу

2. депозиттік шотқа қосымша ақша сомасын есептеу

3. осы келісімшарттағы шарттарға сәйкес депозиттік шоттарға ақшаны алу туралы депоз-ң тапсырысын орындау

4. депозит құпиясын сақтау

5. депозит және депозитші туралы мәліметтерді банк тек заңмен арнайы қарастырылған жағдайда ғана уәк.тұлғаға ұсынады

 

Банк құқықтары:

1. депозиттегі сома мерзімі аяқталғанға дейін өз бетінше басқару

2. есепшоттан депозитшінің келсімінсіз алуға уәк/і бар 3-ші тұлғаның өнімі бойынша ақша сомасын алу

3. депозит орналасқан мерзім ішінде осы келісімшарт негізінде депозит бойынша жылдық пайыз мөлшерлемесін өзгерту

4. келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтату үшін бұл туралы депозитшіге 3 банктік күн ішінде хабарлау.

 

 

Банктік шот ашу тәртібі. Жеке тұлғалар ағымдағы шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

1) жеке куәлік (жаңа үлгідегі төлқұжат);

2) жеке тұлғаның салық есебіне тұру фактісін растайтын құжат (СТН).

Шет мемлекеттердің азаматтары шот ашқанда мына құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұлғаның салық есебіне тұру фактісін растайтын құжат (СТН);

3) шет ел азаматтарын және азаматтық алмай, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар:

- шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұру рұқсаты;

- азаматтығы жоқ тұлғалардың куәліктері;

- Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұрып жатқан шет ел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаты - азаматтығы бар елдің паспорты болып табылады.

Жеке тұлға ағымдағы шот ашу үшін банкпен келісім шартқа отырады. Онда келесідей мәліметтер көрсетіледі:

- негізгі жағдайлар;

- келісім шарт заты;

- шотты жүргізу;

- код сөзі;

- сенімхат бойынша қызмет ететін тұлғалардың талабы бойынша шот бойынша операциялардың орындалуы;

- жақтардың жауапкершілігі, жауапкершіліктен босату;

- дауларды қарастыру тәртібі;

- басқалары;

- есеп кітабы;

- келісім шартты өзгерту тәртібі;

- клиенттің өтініші.

Заңды тұлғалар ағымдағы шот ашуы үшін келесі құжаттарды ұсынады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар үшін:

1) қазақ және орыс тілдерінде нотариалды расталған Жарғының (филиалдар мен өкілдіктер үшін - Жағдайдың) көшірмесі;

2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (екі жақтан) және түпнұсқасы;

3) заңды тұлғаның салық есебіне тұру фактісін растайтын құжаттың (СТН) көшірмесі (екі жақтан) және түпнұсқасы;

4) статистикалық картаның көшірмесі және түпнұсқасы;

5) егер құрылтайшылардың саны 2 және одан жоғары болса, құрылтайшалыр жиналысының протоколы; егер 1 болса, жалғыз құрылтайшының ЖШС құру туралы және әділет органдарында тіркелуі туралы шешімі (филиалдар мен өкілдіктер үшін – заңды тұлғаға филиал немесе өкілдіктің басшысы берген сенімхаты);

6) басшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (екі жақтан) және түпнұсқасы;

7) қол қою үлгілері және мөр табандары бар құжаттың 4 карточкасы (соның біреуі нотариалды расталуы тиіс);

8) шотты ашу туралы өтініш және ағымдағы шоттың ашылуы туралы екі келісім шарт;

9) егер бас бухгалтер қарастырылса, тағайындалу таралы бұйрықтың және төл құжатының көшірмесі;

10) егер қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта жоқ тұлға құжаттарды ұсынатын болса, ағымдағы есеп айырысу шотын ашуға сенімхат және төлқұжатының көшірмесі қажет.

Жеке кәсіпкерлер ағымдағы шотты ашу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және түпнұсқа;

2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (екі жақтан) және түпнұсқасы;

3) салық есебіне тұру фактісін растайтын құжаттың (СТН) көшірмесі (екі жақтан) және түпнұсқасы;

4) қол қою үлгілері және мөр табандары бар құжаттың 4 карточкасы (соның біреуі нотариалды расталуы тиіс);

5) егер қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта жоқ тұлға құжаттарды ұсынатын болса, ағымдағы есеп айырысу шотын ашуға сенімхат және төлқұжатының көшірмесі қажет.

Шот ашу үшін кассаға шоттың ашылуы күнінде 2 500 теңге төленеді. Шотты жүргізу үшін айлық комиссия 810 теңгені құрайды.

- құжатта көрсетілген тұлғалардың лауазымдары, аты-жөні, қойылған қолдың үлгісі, мөр таңбасының үлгісі;

- құжатта көрсетілген тұлғалардың қолы (бірінші, екінші реттік);

- банк клиентінің базалық нөмірі;

- банктің белгілері қойылады.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасында клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу туралы Ережеге» сәйкес клиенттің шоты бойынша 1 жылдан астам мерзім ішінде ақша қаражаттары мен қол жетімді қалдықтары қозғалысының жоқтығына байланысты банк клиенттің шотын жабады.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 130 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав