Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

Читайте также:
  1. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты
  2. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  3. Ай ойшыл ақиқатты шындық білімге сәйкес деп түсінді?
  4. Арнайы білім беру мазмұны
  5. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
  6. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
  7. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар
  8. Дания, Норвегия, Финляндия, Нидерланды,Греция, Үндістандағы инклзивті білім беру тәжірибесі
  9. Дидактика негіздері элементарлық білім беру теориясы.

1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.

3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.

4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтіп тұруға міндетті.

5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
34, қр орта білім жүйесін оның міндеттері

Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикад жергіліктіатқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді,Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып қалып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.
Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.
Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.

35 мұғалімнің кәсіби беделін арттырудың жолдары

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді..

36, педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары

Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.
Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.
Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.

37. педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
— педагогикалық іс — әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

— педагогикалық кәсіби білгірлігі;

— педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;

— педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:

— пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

— тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

— әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

— іс — әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;

3. Ситуацияларды меңгеру;

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

38. мұғалімнің өз білімін көтеру тәсілдері

Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол- білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары. Өзіндік білімді көтеру, бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет. Педагогикалық сөздікте- бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі делінген.педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа тұрпатта мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек. себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді,, оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді. Дипломдағы білім мұғалімге жетпейді, ол оны өсірмейді.

І. Педагогтың өзіндік білімін көтеруіне қажеттілікті тудыратын мотивтер:
• Күнделікті ақпаратпен жұмыс;
• Шығармашылық талпыныс;
• Қазіргі заманғы ғылымның дамуы "педагогика, психология";
• Қоғам өміріндегі өзгерістер;
• Бәсекелестік;
• Материалдық стимул;
• Қызығушылық

Мұғалімнің өзіндік білімін көтеруінің бағыттары:

• Әдебиеттер (әдістемелік, ғылыми, публиц, көркем);
• Интернет;
• Видео, аудио т.б;
• Білім жетілдіру курстары;
• Семинарлар мен конференциялар

Формалары: - жеке - топтық

Жүзеге асыру процестері:

- Жаңа педагогикалық технологияларды оқып- үйрену, енгізу;
- Әріптестерінің сабағына қатысу және тәжірибе алмасу;
- Кәсіби қызметіне өзіндік анализ жасап отыру;
- Қазіргі педагогика және психология саласында өз білімін жетілдіріп отыру;
- Қазіргі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға қызығушылық таныту;
- Құқықтық және жалпы мәдениетін, өзінің эрудициялық деңгейін жетілдіру

Нәтижеге жету жолдары:

- Педагогтың өзінің білімін көтеруге, дамуға деген қажеттілігі;
- Өзінің тәжірибесіне өзіндік анализ жасау ерекшелігі;
- Рефлексия жасай алу шеберлігі;
- Зерттеушілік қабілеті;
- Шығармашылыққа деген ұмтылысы;
- Жеке басы мен және кәсіби қызметінің өсуіне деген құлшынысы болса,онда, мұғалімнің кәсіби өсу деңгейі жоғарылайды.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 192 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав