Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рөлдік ойындардың оқыту мүмкіндіктері.

Читайте также:
  1. Аға оқытушы- Рейдолда С.Р.
  2. Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
  3. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
  4. Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
  5. Бастауыш мектепте оқыту әдістемесін, дамыта оқытудың негізін қалаған педагог
  6. Информатиканың оқыту пәні, объектісі және құрамды бөліктері.
  7. Көруінде бұзылуы бар балаларға арналған жалпы білім беретін мектепте оқытудың шарттары.
  8. Кесте Рөлдік ойын түрлері
  9. Нұсқа Педагогиканы оқыту әдістемесі
  10. Нұсқа Педагогиканы оқыту әдістемесі

1.Рөлдік ойын себепті қоздырушы жоспардағы үлкен мүмкіндіктерге ие.Қарым-қатынас ешқандай себепсіз, яғни мотивсіз мүмкін еместігі белгілі.Бірақ оқу жағдайларында пікір айтуға себеп тудыру оңай емес.Қиындық келесі сатылыққа негізделеді:мұғалім жағдайды қарым-қатынас атмосферасы қалыптасатындай етіп суреттеуі тиіс, яғни ол өз кезегінде оқушыларда өз ойын көрсете білуге ішкі қажеттілік тудыруы қажет.

2.Рөлдік ойын жеке тұлғаның барлық болып жатқан нәрсеге жанасуын күшейтеді. Білім алушы өзінің «мені» арқылы болмаса да, бірақ тиісті рөлдің «мені» арқылы жағдайға кіреді және мұнда әртістің өзі ойнайтын кейіпкерге қатынасы көрінеді.Әдетте әртістер оларға үлкен қызығушылық білдіреді. Жеке тұлғаны анық түйсіну (тіпті кейіпкер жағымсыз болса да) «әртістің» эмоциялық тонусын көтереді, ал бұл нәтижеге, шет ел тілін меңгеруге оңтайлы әсер етеді.

3.Рөлдік ойын тіл материалын меңгеру кезінде ассоциативті қорды кеңейтуге ықпал етеді. Есте сақтайтын нәрсе - оқу пьесасы театр пьесасының типі бойынша құрылады, ал ол қалыптасқан жағдайдың сипатталуын, әрекет етуші тұлғалардың мінез-құлқын, олардың арасындағы қатынастардың сипатталуын болжайды.Сондықтан әрбір пікірдің артында нақты шындық үлгісінің кесіндісі тұрады.

4.Рөлдік ойын белім беру ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені этюдты орындау оқушылар тобын қамтиды, (рөлдік ойын тек диалог негізінде емес,сонымен бірге полилог ретінде құрылады) онда олар бір-бірінің көзқарасын ескере отырып, өзара бірігіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс. Рөлдерді бөлу оқушылардың тілдік, сондай-ақ әртістік мүмкіндіктерін ескеру қажет,біреулеріне вербалды,екіншілеріне ым-ишара рөлдерді тапсырып, үшіншілеріне мәтін негізінде айтып отыруға құқық беретін «суфлер»рөлдері тағайындалады.

5.Рөлдік ойын білім беруші мәнге ие.Білім алушылар қарапайым нысанда болса да театр технологиясымен танысады. Кез келген жаналық қолдау табады, өйткені білім беру жағдайларында мұндай мүмкіндіктер шектеулі, ал ойлап тапқыштық үшін үлкен кеңістіктер ашылады.Басқа күйге енудің өзі психологиялық диапазонның кеңеуіне, басқа адамдарды түсінуге ықпал етеді [ 8,53]

Рөлдік ойындардың ерекшеліктері: рөлдік ойынды қарым-қатынастың нақты үлгісі ретінде бағалауға болады, өйткені ол шын мәнінде өте маңызды белгілерімен ұқсауға тырысады және онда өмірдегі сияқты әріптестердің сөйлесуі және басқа мінез-құлықтары кездеседі [9,357].

Рөлдік ойын оқу ынтымақтастығы мен әріптестігін қалыптастыруға ықпал етеді. Себебі оның орындалуы жолдастарының пікірін дәл ескере отырып, бірлесіп әрекет етуі, бір-біріне көмектесуі тиіс,сонымен қатар оқушылар тобын қамтуды болжайды [10,11-13].

Мұғалімдер де, тәрбиешілер де және ата-аналар да, бәріміз есте сақтайтын жағдай - ересек адамның жұмыс істеуі міндетті сияқты,балаға да ойын қажет.

Ойын әрқашан шешім қабылдауды – қалай істеу керек, не айту керек, қалай ұту керек екендігін болжайды. Ойнаушылардың ойлау әрекетін тездетеді.Ал егер бала шет ел тілінде ойлайтын болса ше? Әрине,мұнда бай оқыту мүмкіндіктері жасырын тұр. Бірақ балалар бұл туралы ойланбайды. Олар үшін ойын бірінші кезекте – тартымды сабақ. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз оқушылардың қолынан да келеді.Теңдік, қызығушылық атмосферасы және қуаныш сезімі, тапсырманы орындай алатындығын түйсіну сөз бірліктерін еркін қолдануға кедергі болатын ұйялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне оңтайлы әсер етеді. Тіл материалы байқатпай меңгеріледі, ал осымен бірге қанағаттану сезімі пайда болады. Осылайша, біз ойынды жағдайлы–вариантты жаттығу ретінде қарастырамыз, мұнда оған тән – сезімталдық, мақсатты бағыттылық, сөйлеп әсер ету белгілері арқылы нақты сөйлеу қарым-қатынасына мүмкіндігінше жақындатылған жағдайларда сөйлеу үлгісін көп рет қайталау үшін мүмкіндік құрылады [12,42-44]

 




Дата добавления: 2015-04-12; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав