Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пікірлер мен сын-пікірлердің үлгілері

Читайте также:
  1. Сонымен қатар, тепе-теңдік экономиканың классикалық және кейнсиандық үлгілері ажыратылады.
  2. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен Өтебойдақ Тілеуқабылұлының ағартушылық туралы ой-пікірі

«Қаржы және есеп» мектебінің «5В050900-Қаржы» мамандығының IV курс студенті

Д.Б. Абдыкадырованың «Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы» тақырыбына жазған дипломдық жұмысына

П І К І Р

Дамыған рыноктық қатынастардың жағдайларында бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің және оған ықпал етудің белсенді құралы бола бастайды. Алайда, бұл қатынастардың даму деңгейі бюджеттік механизмнде бюджеттік ресурстадың қалыптасуындағы және пайдалануындағы орталықсыздандырудың болып жатқан үдерістерімен, жекелеген өнірлердің қаржылық дербестігінің өсуімен қозғау салынған жаңа тәсілдемелерді іздестіруге себепші болады. Осыған байланысты Д.Б. Абдыкадырованың дипломдық жұмысының тақырыбы өте көкейтесті болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда жеткілікті теориялық деңгейде мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен мазмұны,оның функциялары және елдің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы рөлі ашылған.

Екінші тарау мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын талдауға арналған. Дипломант практикалық материалды -- Алматы облыстық қаржы басқармасының материалдарын, бюджеттік қаражаттардың қалыптасуы мен пайдаланылу ерекшеліктерін (бұл туралы кестелер мен берілген кесте мен диаграммалар айғақтайды) ашып көрсетуге статистикалық деректерді орынды пайдалана білген. Дипломдық жұмыс фактлердіжай аттап көрсету ғана емес екенің атап айтқан жөн, автор түрлі көзқарастар бойынша, өз пікірін білдірген. Мұның бәрі дипломантқа бірқатар ұсыныстарды тұжырымдауға және негіздеуге мүмкіндік берген.

Атап айтқанда, қазіргі кездегі бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы практикасына сын көзбен қарай отырып, дипломант қазіргі уақытта жүргізіліп отырған бюджеттік регионализм саясатының негізінде бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша табыстар мен шығыстарды баламалық межелеу үнемі жата бермейтіндігін атап өткен.

Үшінші тараудың зерттеу пәні, бюджеттік саясат, оның орнықты экономикалық өсу жағдайындағы ерекшеліктері мен даму перспективасы болып табылады. Халықаралық тәжірибеге және бюджетаралық трансферттердің жұмыс істеу практикасына сүйене отырып, жұмыста бюджетаралық субвенциялар мен алынымдарға сипаттама беріледі, бірқатар аймақтардың, донорлардың және субвенциарлардың мысалында қарастырылған біздің еліміздегі олардың жұмыс істеуінің қолданыстағы практикасы ашылған.

Тұтастай алғанда, Д.Б. Абдықадырованың дипломдық жұмысының жеткілікті теориялық және практикалық деңгейде орындалғандығын, жинақы аяқталған зерттелім болып табылатынын дәлелдейді, қойылған талаптарға сай келеді және МАК-тың алдында ашық қорғауға жіберуге болады.

 

Ғылыми жетекші

(э.ғ.к., доцент немесе

э.ғ.д., профессор) қолы аты-жөні


« Қаржы және есеп» мектебінің «5В050900-Қаржы»

мамандығының IV курс студенті С.С. Ивановтың

«Қазақстанда иннвестициялардың тиімділігін артырудың

қаржылық проблемалары» тақырыбына жазған дипломдық жұмысына

ПІКІР

Экономиканың дамытудың, құрылымдық қайта құруды табысты жүзеге асырудың, ғылыми-техникалық негізде өндірістік әлеуетті қалыптастырудың қажетті шарты жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Инвестициялар тиімділігін арттыру мәселелері экономика дамуының әр кезенінде көкейтесті болып табылады және өнбойы зерттеуді мұқтаж етеді және осы дипломдық жұмыста өзінің бейнелеп көрсетуін тапқан. Дипломдық жұмыс жоспарға сәйкес жазылған және кіріспеден, үш тараудан және қортындыдан турады. Кіріспеде проблеманың қазіргі жай күйіне қысқаша сипаттама беріледі, тақырыпты таңдау негізделген, зерттелімнің мақсаты мен міндеттері анықталған.

Бірінші тарауда инвестициялардың экономикалық мазмұны, олардың тұрпаттары (типтері) мен нысандары, инвестициялық қызметтің объектілері мен субъектілері ашылған. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен нысандары, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік инвестициялық саясаттың қағидаттары мен басымдықтары бөлек зерделенеді. Осында Қазақстандағы инвестициялардың динамикасы мен құрлымы әр түрлі параметрлер: қаржыландыру көздері, экономиканың салалары, елдің өңірлері бойынша талданылады.

Екінші тарау қазіргі кезеңде инвестицияларды қаржыландыру көздерін талдауға, сондай-ақ нақты инвестиция жобаларын тиімділігін бағалауға арналған. Сандық материал инвестицияларды жобалау көздерінің құрлымын бейнелеп көрсететін, шетелдік инвестицияларды бағалаудың бағыттары кестелер түрінде көрсетілген. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауждың әдіснемесіне және оны практикалық қолдануға ерекше көңіл бөлінген.

Үшінші тарауда инвестициялық ресурстарды тарту, шоғырландыру және ұтымды бөлу проблемалары зерделенеді; кәсіпорындардаң инвестициялық белсенділігі және тұтастай алғанда Қазақстанның инвестициялық климатының мәселелері қарастырылған. Жұмыста инвестициялық қызметті жетілдірудің мүмкін болатын жолдары, инвестициялар тиімділігін арттырудың көкейтесті проблемалары баяндалған. Зерттелімнің әрбір кезеңі бойынша тиісті түйіндер жасалынған, олар қортындыға саяды және автордың нақтылы ұсыныстарымен қосарланады.

Зерттелімнің жүйелік сипаты теория мәселесінің шаруашылық жүргізу практиксымен етене байланысы жұмыстың арттықшылтары болып табылады. Көрнекті ғалым-экономистердің ұсыныстарын талдау проблемалары мен оларды шешу жолдарын автордың өзіндік көре білуімен қосарланады. Қазақстанда инвестициялық қызметті сипатайтын көрсеткіштерді талдау бірқатар жылдарға жасалынған, мұның өзі олардың динамикасы мен үрдістері туралы жорамалдауға мүмкіндік береді. Жұмыста өңірлер деңгейінде инвестициялық саясатты іске асыру және инвестициялық ресурстарды ұтымды бөлуде және пайдалануда биліктің жергілікті органдары мен басқарудың жауапкершілігін арттыру проблемаларына ерекше көңіл бөлінген.

Мазмұны, көлемі және ресімделуі бойынша жұмыс оған қойылатын талаптарға сәйкес келеді және Мемлекеттік аттестаттау комисиясының алдына қорғауға жіберіледі.

 

Ғылыми жетекші

(«Қаржы және несие» кафедрасының

аға оқытушысы) қолы аты-жөні

«Қаржы және есеп» мектебінің «5В050900-Қаржы»

мамандығының IV курс студенті Д.Б. Абдыкадырованың

«Қазақстанда иннвестициялардың тиімділігін артырудың қаржылық проблемалары» тақырыбына жазған дипломдық жұмысына

СЫН-ПІКІР

Қорланым мен инвестицияның, экономикалық өсу өзара тығыз болғандықтан инвестициялық ресурстарды жұмылдыру және ұтымды пайдалану мәселелері ұдайыөндірістік үдерісте орталық орын алады. Зерттелім тақырыбының көкейтестілігі ешқандай күмәндар тудырмайды.

Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеде, үш тарауда және қортындыда ашылады. Бірінші тарау тиімділікті арттыру, соның ішінде инвестициялық қызметте мемелекеттік рөлін көшейту қажеттігі, мемлекеттік инвестиция саясатты іске асыру нысандарын өзгерту мәселесіне теориялық тәсілдемелерді қамтиды.

Жұмыстың праткиалық бөлімі ерекше ынта тудырады. Екінші тарауда инвестиция үдерісті әдістемелік қамтамасыз етудің мәселелері талданылады. Жұмыста инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға тәсілдемелер қарастырылған. Нақты инвестициялық жобаның мысалында оның тиімділігіне баға беру қарастырылған және оның өніршендігіне сипаттама берілген. «Алтын бидай» ЖШС-нің жабдықтар сатып алу бойынша инвестициялық жобасы әр түрлі көз-қарастар тұрғысынан: экономикалық және қаржылық тиімділігі, жобаны іске асырудың әлеуметтік нәтижелері талданылады. Бұл реттте жобаның таза ағымдағы таза құнының, табыстылықтың ішкі нормасының есеп-қисаптары, залалықсыз нүктесі жасалынған.Республика экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың көкейтесті проблемалары жеке қарастырылған.

Үшінші тарауда құқықтық қамтамасыз етумен, қаржы рыногының жай күйімен, халықтың, жеке инвестрлардың және т.б. жинақақшаларының әлеуетін жеткіліксіз пайдаланумен байланысты инвестициялық жобаларды дамыту проблемалары дәйекті түрде зерделенеді. Анықталған проблемаларды ғалымдардың, практиктердің ұсыныстарын пайдаланумен, позитивті шетелдік тәжірбемен шешу ұсынылады.

Дипломдық жобаның позитивтік жақтарын атай отырып түйіндермен ұсыныстардың негізділігін атап көрсеткен жөн. Сандық материал таладамалық кестелер түрінде келтірілген және Қазақстанда инвестициялардың динамикасы мен құрлымын бейнелеп көрсетеді, мұның өзі көрнекі түрде инвестициялық жобаны іске асырудың кезендерін бейнелейді. Бұл дипломдық жұмыстың артықшылығы зерттелімнің жүйелі сипаты, түйіндер мен ұсыныстардың негізділігі болып табылады. Алайда, біздінше инвестициялық жоба өтемділігінің мерзімін есептеу дұрыс болар еді.

Дипломдық жұмыс оған қойылатын талаптарға жауап береді және тиісті қорғалған жағдайда А-(90) бағасын қоюға болады.

 

Рецензент –

э.ғ.д., Тұран Унивеститетінің

профессоры қолы аты-жөні

 

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 297 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | <== 11 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав