Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ислам философиясф өкілдері: Әл- Кинди, Әл-Фараби,Иби Рушид мұраларына салыстырмалы талдау жасаңыз.

Читайте также:
  1. Que: Нарықты кешенді талдау мен болжау жоспарына енбейді
  2. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  3. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  4. Бюджет кірістерін талдау
  5. В Кашмире христианские школы являются главными объектами нападения исламистов
  6. В ЧЕМ ОТЛИЧИЕ МЕЖДУ ХРИСТИАНСТВОМ И ИСЛАМОМ
  7. ВЕРОВАНИЯ ИСЛАМА
  8. Вероучения и культ Ислама.
  9. Все мужчины, взятые в плен, если не примут исламизма, должны быть убиваемы, женщины же и дети поступают в неволю.
  10. Г) Размышления над прекрасными положениями исламской религии.

Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);

кейінгі (15 – 19 ғасырлар)

қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).

Дәстүрлі Ислам философиясы-нда Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның, Аристотельдің және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер жүйесін түсіндіру еді. Қазақстанда Ислам философиясының қалыптасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Ислам философиясының айрықша “мәртебесі” мен дүниетанымының ерекшелігін айқындаған филос. және қоғамдық ойдың дамуына Иасауидің қосқан үлесі сопылық – исламдық Алла тұжырымдамасын қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымына енгізу болып табылады. Исламның дүниетанымдық, әсіресе, имандылық пен адамгершілік аясындағы сипаттары қазақ ойшылдарының филос. ізденістерінен де көрініс тапты. Мысалы, Абай философиясының дүниетанымдық мәселелерін Ислам философиясы. арқылы қарастыруға болады. Абайдың “Отыз сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы принципін сатылап көрсететін оның діни-филос. тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абай тұжырымдамасындағы Жаратушыға көзқарас пен оған қызмет етудің екі қырын, бағытын нақты және анық бөліп қарау қажет: біріншісі – сана күшіне сүйене отырып, сенімнің не үшін қажеттігін анық түсініп, оның принциптерін ұстанып, исламды қабылдау, екіншісі – исламды соқыр сенімге сүйеніп қабылдау. Абай әрбір адам үшін ең бастысы сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу деп біледі. Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Ислам философиясы. идеяларын Шәкерім Құдайбердіұлы өз шығарм-нда жалғастырып, одан әрі дамытты. Шәкерім үшін ақиқатты іздеу – дүниетанымдық позиция үлгісін таңдап алумен тең. Шәкерім жақсы меңгерген және өзінің “Үш анығында” көрсетіп берген филос. зерттеу методологиясы Ислам философиясын зерттеушілердің назарын аудартады. Философиядағы материалистік бағыт позициясын талдап, сынай отырып, Шәкерім Ислам философиясының негізгі ережелерін қорғап, жария етті:

дүниедегі нәрсенің себепті негіздері – танымның өлшеусіздігінде, Жаратушының құдіреттілігі мен шеберлігінде;

жан мәңгі және бастапқы кезден-ақ өмір сүреді және айналымның әрбір кезекті процесінде ол жаңа сапалы биіктікке көтеріледі;

жанның ажырамас қасиеті – ар-ождан. Осының бәрін жинақтағанда, бұл үш ережені қадағалау – адамның жоғары дәрежеге көтерілуінің шынайы ақиқат жолы.[1]

17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері:

Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз: 1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұл философиялық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ, Башшар Бұрдұлы және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди. 2-Табиғиййұн: натуралистiк философияның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды философиясының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси, Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази. 3-Тiл және аналитикалық философия: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы уә синтаксы жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх, Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы, Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы. Белгiлi хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған. 4-Метафизикалық философия: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады. Әл-Кинди еңбектерiнде неоплатонист аристотелшi ағымның ақыл теориясын дамытқан. Көптеген философиялық еңбектердiң авторы жерлесiмiз әл-Фараби кейiнiрек «ишрақиййұн» деп аталған «Шығыс философиясын» жасау қажеттiгi туралы алғаш рет пiкiр бiлдiрген хакім, ойшыл. Басра шаһарында аты-жөндерi белгiсiз философтар тарапынан 946-950 жылдары шамасында құрылған «Ихуан-ұс Сафа» философтар қоғамы Бағдад уә Мысыр шаһарларында бөлiмшелер ашып, неоплатонист және неопифагорист бағыттарды қамтитын 51 рисаладан құралған ғылымдар энциклопедиясын шығарған. Шығыс философиясын жеке сала ретiнде дамыту жолында ең сүбелі жұмысты жасаған хакімдердің қатарынан Ибн Сина ерекше атауға тұрарлық тұлға. Ол «Мантиқ-ұл мәшриқиййин» және «әл-Хикмәт-ұл мәшриқиййа» (шығыстықтардың даналықтары) атты еңбектердi жазған. Әл-Ғазали еңбектерiнде неоплатонизм мен аристотелизмге қарсы пiкiрлер айтылған, ғалым философияны дiни шеңберде пайдаланып, әл-Әшаридiң кәлам жүйесiн негiзге алған.

18. Қайта өрлеу философиясындағы гуманизмге талдау жасаңыз:

Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады.

Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған...

Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді.

Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 90 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Философия пәні : адам және әлем мәселесіне сипаттама беріңіз? | Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер). | Неміс классикалық философиясы, И.Кант философиясының идеясын негіздеңіз. | Л. Фейрбахтың анторпологиялық философиясының мәнін ашаңыз | Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы. | Орқыт атаның рухани ілімін ашыңыз. | Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А.Иасауидің хәл ілімі. | Азақ философиясының қалыптасу ерекшелігін талдаңыз. | Жаңа заман философиясы, Р.Декарттың күмәндану принципі идеясын талдаңыз | Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз? |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав