Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджет кірістерін талдау

Читайте также:
  1. Que: Нарықты кешенді талдау мен болжау жоспарына енбейді
  2. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  3. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  4. Анализ бюджета
  5. Анализ исполнения сметы расходов бюджетных учреждений
  6. Анализ объемов работ, услуг бюджетных учреждений.
  7. Анализ ресурсов бюджетных организаций.
  8. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс әрекетінің қазіргі жағдайы
  9. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс-әрекетінің қазіргі жағдайы
  10. Бюджет как основное звено государственных финансов

 

Кез-келген мемлекеттің бюджетінің (мейлі нарықтың экономикадағы мемлекет болсын) негізгі қайнар көзі - салықтар болып отыр. Оны төмендегі диаграмма арқылы анығырақ көруімізге болады.

Салықтардың бюджеттегі үлес салмағы:

Бұл жерде бюджеттің 69,7%-нің өзін толығымен салықтық түсімдер алады. Ал қалған 22,5% капитал айналымынан түсетін түсімдер, 6,0% салықтьң емес түсімдер, ал 1,8% трансферттер алып отыр.

Ал республикамыздың салық жүйесіндегі үлес салмағы айтарлықтай салықтар қатарына қосылған құнға салынатын салық, табыс салығы және әлеуметтік салықтар жатады. Осының ішінде қосылған құнға салынатын салықтың алатын орны ерекше. Бұл салық жанама салықтар жүйесінде ең негізгі орынды алады.

Жанама салықтар қатарына жататын акциз салығының да бюджеттегі орны айтарлықтай. Оны келесі графиктен көруге болады.

 

Бұл жерде 2001-2002 жылдардағы жанама салықтар, соның ішінде ҚҚС пен акциз салығы бойынша бюджетке түсімдер көрсетілген. Бұл салықтар бойынша бюджетке түсімдер 2001-2002 арасында айтарлықтай төмендегенін көріп отырмыз. Мысалы, ҚҚС бойынша 2001 жылы бюджетке түсім 37,6% құраса, 2002 жылы бюджетке түсім салық бойынша 29,7% құрады. Ауытқу 7,9%-ті алып отыр.

Оған себеп, соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктегі көптеген отандық кәсіпорындардың нарықтық бәсекелестікке ілесе алмай, жабылып қалып отыруы, яғни бұл дегеніміз ҚҚС ставкасының жоғары болуы, өнім бағасының бірнеше есе өсуіне себеп болып отыр.

Бюджетке түсімнің кемуінің келесі бір себебі республикада салықтық ауыртпашылық деңгейінің жоғары болуынан, салықтық заңдылықтардың бұзылуы мен салық төлеушілердің нарықтық бәсекелестікке төтеп беруі үшін салық төлеуден жалтаруларының жиі қолданылуы. Бұл көлеңкелі бизнестің дамуына әкеліп соғып отыр. Сонымен қатар салық қызметі органдары кейбір қызметкерлердің арсыздығы мұндай жағдайды ушықтыра түсіп, салықтық заң бұзушылықтардың кең етек жайуына әкеліп соғуда.

Жанама салықтардың келесі түрі акциз салығы бойынша бюджетке түсім 2001 жылы 8,7%-ті құраса 2002 жылы 6,1% құрап отыр. Ауытқу 2,6%-ті құрауда. Бұған себеп, соңғы жылдардағы акциздік тауарлар тізбегінің кемуі себеп болып отыр. Сонымен қатар, жоғарыда қосылған құнға салынатын салық бойынша айтылған кемшіліктер акциз салығына қатысты да қайталанып отыр.

Осындай себептерге байланысты жанама салықтардың республикамыздың бюджетін құраудағы көрсеткіштері осындай деңгейде болып отыр.

Кейс сұраќтары:

1. Аталѓан жаѓдайды ќызіргі жаѓдаймен салыстырып, ќорытынды жасањыз.

2. Бюджет кірістерініњ оптималды ќ±рылымы ќандай болуы керек?

3. Бюджетті толыќтыру кµздерін жетілдіру бойынша ±сыныстар беріњіз.

4. Кєсіпкерлерге салыќ ж‰гін азарту немесе кµбейту бюджет кірістеріне ќалай єсер етеді?

5. Салық төлеуден жалтарумен ќалай к‰ресуге болады?




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 174 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Кесте 3 | Кесте 1 | Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс әрекетінің қазіргі жағдайы | Азақстан Республикасының ауыл шаруашылығын несиелендіру. | Тактикалыќ кейстер | Инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы | ОҚО-дағы негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың қызмет түрлерi бойынша игерiлуi | Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс-әрекетінің қазіргі жағдайы | Халықтық әлеуметтік қорғау мәселелерін талдау | ОҚО жұмыспен қамтылу жєне кедейшілікпен көресуге талдау |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав