Читайте также:
|
|
Людвиг Фейербах (1804-1872ж.ж.) – немiс классикалық философиясының соңғы өкiлi. И.Канттан бастап Гегельге дейiн немiс философиясының өкiлдерi идеалистiк бағыт ұстағанын. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. Гейдельберг университетiнiң теология (дiн зерттеу) факультетiне оқуға түседi. Бiрақ тез арада ондағы дәрiске қанағаттанбай, Берлин университетiне ауысып, Гегельдiң лекцияларын тыңдайды. 1828 ж Эрланген университетiнде диссертация қорғап, содан кейiн осы оқу орнында приват-доценттiк жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап Фейербах бiрте-бiрте гегельдiк көзқарастан ауытқып, материалистiк бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нәтижесiнде ол анонимдi (өз атын атамай) түрде 1830 ж. "Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар" деген еңбегiн жарыққа шығарып, онда жанның өлместiгi жөнiндегi дiни қағидаға қарсы шығады. Гегельдiң философиясының алғашқы негiздерiн зерттей келе Фейербах оның түп-тамырының теологияға кететiнiн айқын көрсетедi. Фейербахтың ойынша, қайсыбiр идеализм, соның iшiнде Гегельдiң философиялық жүйесi де, дүниеге деген нәзiктелген дiни көзқарас. Табиғаттың алдында өмiр сүрiп жатқан логикалық категориялар жөнiндегi Гегельдiң iлiмi басқаша сөздермен айтылған Дүниенi Жаратушы идеясы. Ойлауға қабiлетi бар пәнделерден басқа материадан тыс өмiр сүрiп жатқан таза ойлау ешжерде жоқ. Материя рухтан шықпайды, керiсiнше, материя рухты тудырады. Адамның ойлау қабiлетi – ол қандай ғажап болса да – мидың қызметiнен туады. "Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, сонымен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық - саналықтың, беймақсаттық мақсаттылықтың алдында өмiр сүредi". Фейербахтың ойынша, рух дегенiмiз – ол iс-әрекеттегi адамның қабiлетi, қасиетi. Денеден бөлiп алып, адамның шектелген және соңы бар өмiрiнен босатып қаралған рух Құдайға айналады. Мән дегенiмiз – ол ұғым ғана, оны адамның денесiн құрастыратын сүйектерiмен салыстыруға болады. Бiрақ тiрi адамның денесi, етi мен қаны да бар. Бiрақ, Гегельдiң философиясы тек өлiмтiктi жеп қоректенетiн қорқау сияқты Дүниенiң қаңқасымен ғана қанағаттанады. Олай болса, философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан емес, нақболмыстың өзiнен бастауы қажет. Онда бiз заңды түрде жалпылықтан емес жалқылықтан бүкiл философиялық ұғымдарды шығаруымыз керек. Өйткенi, қайсыбiр болмыс – ол нақтылы болмыс – дүниеде болып жатқан " бiрдеңе ", " мынау ", " анау ". Болмыс жалқылық пен жекелiктен тұрса, ойлау – жалпылықты тудырады.Таным мәселесiн қарай келе, Фейербах агностицизмдi қатты сынға алады. Оның ойынша, түйсiктер бiздi Дүниеден алшақтатпайды, керiсiнше, бiздi онымен байланыстырады. Ол сыртқы Дүниенiң бейнесi. Бұл жерде ол дiни терминдi қолданып оны "Евангелие" (яғни "Iзгi хабар") ретiнде түсiнедi. Түйсiктер арқылы бiз Дүние жөнiнде хабардар боламыз.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 100 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |