Читайте также:
|
|
Неміс классикалық философиясы XVIII ғ.-XIXғ. 1-ші жартысында кең қанат жайды..Неміс классикалық философиясы философияның дәстүрлі проблемаларынан(болмыс,ойлау,таным, т.б.) гөрі адамның мәнін зерттеуге;даму проблемасына ерекше көп көңіл бөлді. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген. Жастайынан әлсiз бала болып өзiнiң денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған. Өмiрiнiң аяғына шейiн қатаң тәртiптiң негiзiнде өмiр сүрiп, денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi жанұя құрудан да бас тартқан.И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негiзгi еңбектерi «сын» деген сөзден басталады. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Кант философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.
И.Канттың философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
1. «Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі болмыс, табиғат, жаратылыстану мәселелері болды. Ол даму проблемасында табиғаттың дамуына көңіл бөлген алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі шығармасы «Жалпы тарих және аспан теориясы», Кант онда өзінің космологиялық теориясын түсіндірді. Күн жүйесінің пайда болуы туралы болжам жасады (әлемнің пайда болуының анологиясын қарастырды) бұл теория кейін Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
И.Канттың ойынша бiз өмiр сүрiп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан-алуан объектiлер бар. Ал олардың көбi бiз сияқты саналы пенделердi тудыруы мүмкiн. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгiлiк iс-әрекет пен жаңару жолында өмiр сүредi, ол өзiнiң бiтпейтiн қайта-құру әрекетiн тоқтатпайды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797) (агностицизм и априоризм). Осы кезде ол өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).
«Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаңа замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.Егер адам өзінің ақыл-ойының мүмкіндіктерінен шығып кетсе,онда ол шешілмейтін қайшылықтарға (антиномияларға) душар болады.Антиномиялардың болуы Кант ойынша ақылдың қабілетінің шектеулігінің дәлелі.
Өмiрiнiң “сындық кезеңiнде И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: “Мен ненi бiле аламын, “Мен не iстеуiм керек, “Мен не нәрсеге үмiттене аламын, “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады.
И.Канттың гносеология (таным) саласында жасағанкоперникандық төңкерісі мен нені біле аламын? деген сұраққа жауап беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағынада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген).Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, априорлық деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн көрсететiндi айтады.И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиi кездесетiн категориялары - ол трансцендентальдықжәнетрансценденттiк.
Трансцендентальдық деп И.Кант тәжiрибенiң алдында және сол тәжiрибелiк танымның мүмкiндiгiн жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттiк деп тәжiрибелiк шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.Кант философиясының маңызына келер болсақ,ол Күн жүйесінің пайда болуы туралы ғылыми түсінік берді;адамның ақыл-ойының танымдық қабілетінің шектеулі екендігі туралы идеяны ұсынды;соғысты айыптап,болашақта мәңгі тыныштық артынан орнайтындығына сенімді болды.
21. Шеллингтің натурфилософиясы. Табиғат философиясы.
Жаңа дәуірдегі философияда натурфилософиялық мәселелерді өз заманындағы ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен ұштастырып, сонымен қатар біршама жаңа ойларды дүниеге келтірген Шеллингті, бұл жағынан алғанда, ешкіммен салыстыруға болмайды. Оны Фихтенің жасаған «Үлкен Мені», әсіресе табиғатты тек қана құрал ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Дүниенің алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көреді. Ол -субъект пен объектінің тепе-теңдігі. Өзінің алғашқы кейпін алар болсақ, ол - өзінің субъект, иә болмасаобъект екенін әлі білмейтін рух, саналы және бейсаналы іс-әрекеттің теңдігі. Сонымен Шеллинг тің сөздерімен айтсақ, Абсолют «өзінің мәні бойынша идеалды да реалды да емес, ойлау да, болмыс та емес бірдеңе». Алайда бұл бірдеңенің дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашқы нақтылы көрінісі - ол Табиғат. Егер Фихтенің фило- софиясында «әрекет ет!» деген талап үлкен орын алса, Шеллинг: «Бол!»-дейді. Шеллинг Фридрих Вильгельм Йозеф — философ, неміс классикалық идеализмінің көрнекті өкілі. Негізгі еңбектері: «Трансцендентальдық идеализм жүйесі», Дүниежүзілік жан жөнінде», «Өнер философиясы», «Философия және дін» т.с.с. Табиғат философиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазған.Онда Канттың идеясы ен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. “Транцендеталдық идеализм жүйесінде” Фихтенің субъективті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Еркіндік туралы Шеллинг ілімі “Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде” (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Шеллинг еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. 1815 жылы Шеллингтің дүниеге көзқарасында мистикалық элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Шеллингтің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |