Читайте также: |
|
Каналдың оймадағы түрі әдетте бас каналдың басындағы кіші каналдар әлі қосылмаған бөлігінде орын алады, немесе каналдың бойында биік жерлер кездескен жағдайда жобаланады.
Каналдың үймедегі түрі суармалы желінің ең кіші каналдарына тән. Мұндағы мақсат - суармалы егістікке суды жеңіл тарату мақсатында каналдағы судың деңгейін барынша биік ұстау. Сонымен қатар каналдың бұл түрі оның біршама ойпат жерлерде өткенде де қолданылады.
Каналдың жартылай ойма – жартылай үймедегі түрі барынша көп қолданылатын түр. Өйткені бұл каналдың ең тиімді, ең ұтымды түрі. Мұнда негізінен оймадан алынған топырақ каналдың екі жағына салынған үйінді дамбаларының көлеміне жетуі тиіс. Осылай болғанда каналды салуға жұмсалған қаражат аз мөлшерлі болады.
Каналды жобалағанда оның табанының су тереңдігіне қатынасы маңызды.
Осы қатынас жоғары болса канал енді, ал суының тереңдігі аз болады. Мұндай каналдың артықшылықтары: 1) арнаның суға шайылуына беріктігі; 2) каналдағы су деңгейінің бағынышты каналдар және суармалы алқап деңгейінен жоғары болуы; 3) каналды салудағы құрылыс жұмыстарының арзандығы.
5-ші тарау, ал суреттері 6
Алайда, бұл ені үлкен, су тереңдігі аз, осы каналдар кемшіліксіз де емес. Олар: 1) канал бойында салынатын гидротехникалық ғимараттар мен көпірлерінің үлкендігі; 2) еңістік тең болғанда басқа каналмен салыстырғанда судың жылдамдығы аз; 3) бұл каналда басқа каналдарға қарағанда қамыс, басқа да суда өсетін өсімдіктер жылдам өсіп кетеді; 4) судың сүзілуіне қарсы қолданылатын шаралардың қымбаттылығы; 5) су өтімі жоғары болғанда каналдағы су иірімденіп ағуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 167 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |