Читайте также:
|
|
Суреттері берілсе дқрыс болар еді!!!!
1.Тамшылатып суарудың мәні, қолданылатын жағдайлары
Тамшылатып суару – дақылдың тамыры орналасқан топырақ қабатына ылғалды ұзақ мерзімде, жәйлап тамшылатып беру. Осының негізінде вегетациялық мерзімде топырақта тиімді ылғал режимі қамтамасыз етіледі. Тазартылған су арнайы құбырлармен түтікшелер арқылы өсіп тұрған әр дақылдың нақ түбіне, тамырына беріледі.
Бұл суару әдісі су тапшы аймақтарда жеміс ағаштарын, жүзімдіктерді және көк-өністі суарғанда қолданылаады. Мұнда берілген ылғал барынша дақылдың суды тұтынуына жұмсалады. Сондықтан, бұл әдісті қолданғанда су барынша үнемді жұмсалады, маусымдық суару мөлшері 50-75%-ға кемиді.
2.Тамшылатып суарудың тәртібі
Мұнда егіске су жиі беріледі. Сондықтан топырақ ылғалдығы қолайлы дәрежеде болады, оның ауытқуы аз болады. Бұл дақылдың өнімін өсіреді. Зерттеулерде анықталғандай құмшауыт топырақ жағдайында егіске су күнде беріледі. Ал саздақты топырақ жағдайында егіс аптасына екі мәрте суарылады.
Көп жағдайда егіс күнде бір рет суарылады. Мұнда бір тәуліктік суару мөлшері дақылдың бір күндік суды тұтыну мөлшері арқылы анықталады:
m = к р е,
бұл формулада: к – суарып жатқанда ылғалдың булануға кететін мөлшерін ескеретін коэффициент; р - өсімдіктің тамыры айналасына жиналған тұздарды шаюға жұмсалатын ылғал мөлшерін есепке алатын коэффициент; е – дақылдың бір тәуліктік суды тұтыну мөлшері.
Сонымен, тәуліктік суару мөлшері белгілі. Алдын-ала егісте қандай жаңбырлтқыш түтігі қолданылатыны анықталады. Осы екі мәлімет негізінде жаңбырлатқыш түтіктің жұмыс істеу уақыты немесе суару мерзімі табылады.
3.Тамшылатып суару жүйесі
Тамшылатып суару жүйесі сорғыдан, сүзгіден, минералды тыңайтқышты қоса беретін қондырғыдан, суды жеткізуші, таратушы, ылғалдандырушы құбырлардан, жаңбырлатқыш түтіктерден құралады. Сонымен қатар бұл жүйеде судың өтімі мен қысымын өлшейтін су өлшеуіш пен манометрлер де болады.
Суды жеткізуші, таратушы, ылғалдандырушы құбырлардағы арын мөлшері 7-28 м шамасында болады.Олар жер бетінде, кішкене арықтарда емесе топырақ ішінде орналасады. Ылғалдандырушы құбырлар ара қашықтығы дақылдар қатарының қашықтығына сәйкес анықталады. Сондықтан, бұл мөлшер 0,8 ден 6-8 метрге дейін ауытқиды.
Жаңбырлатқыш түтіктер көбінесе пластмассадан жасалады, Олардың ылғал жіберетін қуысының диаметрі 0,3-2 мм. Судағы тасындылар құм немесе гравий сүзгілермен ұсталады. Осылар арқылы 10 микрон түйіршікті тасындылар ұсталады.
4.Тамшылатып суарудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
1.Ылғалдың мол үнемделуі;
2.Ылғал негізінен транспирацияға ғана жұмсалады;
3.Ылғал топыраққа төмен қарай сүзілмейді;
4.Арамшөп нашар өседі;
5.Тыңайтқыш молынан үнемделеді;
6.Ылғал-ауа режимдері мен қоректі режимдердің қолайлы болуы себебінен мұндағы дақылдың өнімділігі жаңбырлатып суарумен салыстырғанның өзінде 20-60 % жоғары.
Кемшіліктері:
1.Құбырлар мен жаңбырлатқыш түтіктердің тасындылармен, химиялық құрамалармен және балдырлармен бітеліп қалу қауыптілігі;
2.Егістің микроклиматын реттеу мүмкіншілігінің жоқтығы;
3.Егістікте дақыл түрі өзгергенде барлық жүйені де қайта салу қажеттілігі;
4.Суармалы жүйенің қымбаттылығы.
Бақылау сұрақтары:
1. Суару әдістерінің түрлері?
2. Егістікті топырақ бетінен суару әдістерінің міндеттері?
3. Егістікті топырақ бетінен суару әдістері қандай екі топқа бөлінеді?
4. Жүйектер ара қашықтығы қандай көрсеткіштерге байланысты анықталады?
5. Жүйекпен суарудың артықшылықтары?
6. Жүйекпен суарудың кемшіліктері?
7. Жүйекпен қандай дақылдар суарылады?
8. Жүйекпен су бергенде су арық табанында ғана жатады. Осыдан егіске қандай пайда?
9. Жүйекпен суару әдісін есептегенде қандай төрт маңызды көрсеткіштер анықталады?
10. Тақталап немесе беткейлеп әдісімен қандай дақылдар саурылады?
11. Тақта ені қандай санға қалдықсыз бөлінеді?
12. Тақталап суару әдісінің артықшылықтары?
13. Тақталап суару әдісінің кемшіліктері?
14. Көлдетіп суару әдісі қандай жағдайларда қолданылады?
15. Көлдетіп суару жер беті еңістігі және топырақтың суды сүзгіштігі қандай болғанда пайдалы?
16. Көлдетіп суарудың кемшіліктері?
17. Егісті жаңбырлатып суаруды қолдану жағдайлары?
18. Жаңбырлатып суарудың кемшіліктері?
19. Жаңбыр қарқындылығы нені көрсетеді?
20. Рұқсат етілген тиімді жаңбыр қарқындылығы қандай жағдайларға байланысты анықталады?ЕТР
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 153 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |