Читайте также:
|
|
Каналдың көлденең қимасын трапеция тәріздес етіп сызамыз.Каналдағы су деңгейлерінің белгісі жер бедері белгісінен 5-10см жоғары болу керек. Есептегенде алдымен уақытша арықтың су деңгейін анықтайды, ол үшін жер бедерінің белгісіне 5-15см қосады. Уақытша арықтың су деңгейіне 5-10 см қосып, танаптық каналдың су деңгейінің белгісін анықтайды.
Канал табанының белгісін (КТБ) табу үшін су деңгейінің белгісінен су толу тереңдігі алынады. Су толу тереңдігі анықтап жатқан каналдың өтімділігі Q= f(h) байланыс графигі арқылы табылады.
5.1-кесте. Каналдағы ең биік су деңгейінен канал жалының (бермасы) биіктігі
Каналдың су өтімділігі, м3/с | Кәдімгі жер каналы | Қапталған каналда | |
∆,м | d-дамбаның ені,м | ||
![]() | 0,2....0,3 | 0,5....1,2 | 0,1...0,5 |
1...10 | 0,4 | 1,2....4,0 | 0,20 |
10...30 | 0,5 | 4,0 | 0,30 |
30...50 | 0,6 | 4,0 | 0,35 |
Канал табаны b=(1…2)h қабылдайды каналдың су өтімділігі Q‹1 м3/с, Q=1...3 м3/с өтімділікте b=(1…3)h, Q=3...5 м3/с енін b=(2…6)h етіп қабылдайды.
1.Су деңгейігің белгісін табу үшін
СДБ=ЖББ+5
10см,
мұнда ЖББ-жер бедерінің белгісі.
2.Канал табанының белгісін табу үшін:
КТБ=СДБ-h,
мұнда КТБ-канал табанының белгісі;
СДБ-су деңгейінің белгісі;
h-су толу тереңдігі (оны Q f(h)байланыс графигі арқылы табады).
3.Дамба белгісін табу үшін
ДБ=СДБ+∆,
мұнда СДБ-су деңгейінің белгісі;
∆- канал жалының (бермасы) биіктігі (кесте 5.1).
Каналдың бойлау сұлбасы белгілі масштабпен тұрғызылады. Мысалы тік сызығы 1:100, ал жазықтық сызығы 1:10000;1:20000.
Пикеттердің арақашықтығы 100м, магистральді канал үшін 500м деп қабылдайды.
Сурет 5.1- Шаруашылық каналының бойлық және көлденең қимасы
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 155 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |