Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ресей: саяси, діни мәселелер мен оның салдары

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясаты

Австриямен арадағы соғыс XVII ғасырда да жалғасты. Австрия XVII ғасырда отыз жылдық соғыстың әсерінен қиын жағдайда еді. Түріктермен қайта соғысу үшін және сыртқы жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін, жан-жақтан көмек іздей бастады. Осы мақсатпен, Испания, Венеция, Польша мемлекеттері, Папа және Бранденбург графтығы мен Бавария, Саксония, Швабия графтарына өтініш білдірді. Франция өзінің көмектеспейтіндігін және оған дұшпандық пиғылда екендігін білдірді. Ақыры, өзінің ұсыныстары мен өтініштерін қабыл еткізіп, келісімшартқа отырды. Венеция ұсынысты қабылдаумен бірге ірі соғыс жағдайына көшіп, бірақ өзінің одаққа кіргендігін сездірмеді.

Папа ХІ Иносан өзінің көмек беретіндігін білдіріп, католиктік бағытта болған мемлекеттердің барлығын Осман империясына қарсы соғысуға шақырды. Осыған байланысты, Австрияға жан-жақтан ақшалай және басқа да көмек түрлері келе бастады. Ең маңызды шекаралас күшті мемлекет Польша болды. Оның королі болған Жан Совесский, османдарға қарсы соғысуда Австрия билеушісі көмектеспегендіктен, оған өкпесі бар болатын. Бірақ, араға папа түсіп, бұл екі мемлекетті бір-бірімен табыстырып, екі ел арасында қуатты бір одақ құрылады. Поляктар соғысың соңына дейін австриялықтармен бірге соғысуға келісті және қырық мың әскер беріп, оған король өзі басшылық жасайтын болды. Сондай-ақ, егер түріктер жеңіліс тапса, поляктар Бужаш келісімі бойынша османдарға өтіп кеткен жерлерді, тіпті, Богдан мен Ефлакты алатын болды. 1683 жылы қаңтарда сұлтан кеңес шақырып, Австриямен жаңа соғысқа дайындалады, жан-жаққа адам жіберіп, өзіне әскер жинайды. Жоспар бойынша, барлық әскер Белградқа жиналып, оған уәзір-ағзам басшылық жасайтын болды. Әскерлер 1683 жылы ақпанның соңында Эдирнеде жасақталған әскерлер Белградқа келді. Ал Австрияның жағдайына келер болсақ, 31 наурызда Осман империясына Австрия-Польша одағына қол қойылды., Занта соғысы Осман империясының тарихындағы құлдырау кезеңінің ең ірі соғыстарының бірі болды. 1697 жылы қыркүйекте болған бұл соғыстан кейін-ақ түріктер жағы келісімге келуді ойластыра бастады. Занта соғысындағы австриялық әскердің басшысы болған Принц Ожен осы соғыстан кейін бір ай уақыт өткен соң, Босния территориясына кіріп, Боснияның үлкен қаласы Сарай қаласын тонап, оны өртеп [117. 7 п.]. кері қайтты. Осындай сәтсіздіктер, Осман империясын 1699 жылы Австрия империясымен және басқа да еуропа мемлекеттерімен болған атақты Карлович келісімін жасауға мәжбүр етті. XVI-XVII ғ.ғ. Осман империясы, Еуропа мемлекеттерінің ішінде Австрия империясымен ұзақ уақыт бойы соғысып, бұл мемлекет Осман империясының әлсіреуіне бірден-бір себеп болады.

 

ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ресей: саяси, діни мәселелер мен оның салдары

 

Османдықтар вассалы Қырым хандағы арқылы солтүстікте Ресеймен қарама қайшы саясат ұстанды. Ресей үшін әрине халықаралық аренадағы теңіз суларына шығу керек болды. Иван III патша тұсында Ливон соғысында Балтық теңізіне шығу әрекеті сәтсіз болғаннан кейін, Ресей бір жағынан Азов теңізі мен Қара теңізге шығуды көздеді.Бірақ бұл ниеті екі жүз жылдан соң ғана орындалды. 1696 жылы І Петр Азов бекінісін түріктерден тартып алды. 1700 жылғы Ресеймен жасасқан бітім шарты бойынша Ресей өзіне азов пен оған жақын жатқан жерлерді қаратып алды. 1768-1774 жж орыс-түрік соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. 18ғасырдың 2 жартысында Ресейге арқа сүйеген болгар, гректер, албандар, молдовандар,валахтар наразылықтарын күшейтті. 18 ғасырда Ресей Туркиядан Қара теңіз жағалауы мен Балқандағы бірқатар жерлерді жаулап ала бастады. Ресей империясының күшеюі тек Осман империясының ғана емес, Англия мен Франция үкіметтерін алаңдатты. Бұлар 2 мемлекетті әлсірету үшін қарсыластарды соғысқа айдап салып отырды. Бұған жағдай жасаған католиктер мен православтардың Түркия жеріндегі «қасиетті жерлерді»(Вефлием және Иерусалим) иемдену болды. Ресей Түркиядан Вифлиемдегі храмдарды православ шіркеуіне беруді талап етті. Бұған Түркия қарсы болды. Осыдан соң Ресей Түркиямен дипломатиялық қатынастарын үзіп, 1853 жылы Молдавия мен Валахияға орнықты. 1853 жылы қазанда Түркия Ресейге соғыс жариялады, осылайша Қырым соғысы(1853-1856) басталды. Соғыс барысында Түркия жағында Англия мен Франция, Австрия соғысқа араласып отырған. Нәтижесінде, 1855 жылы Венада келіссөздер жүргізілді. Австрия және Швеция тарапынан соғыс ашуынан қауіптенген Ресей жеңілдіктергі барып, 1856 жылы 18 наурызда Париж бейбіт келісімшартына қол қойды.

 

47.ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ұлыбритания: саяси және экономикалық ықпалдастық. Осман империясының әлсіздігін пайдаланып, Батыс Еуропа мемлекеттері Англия мен Франция және Австрия, Ресей оның иеліктерін иемденуді ойлады. Бұл «Шығыс мәселесі» деп аталды. Египет халқының Осман империясына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын Англия мен Франция қолдады. Бұл елдер осылайша Осман империясын әлсірете отырып, оны бағындыруға ұмтылды. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Нәтижесінде, билік басындағылар «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» деп, гректерді қырып-жоюға кірісті. Сұлтан І Махмут көтерілісті басу үшін Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. 19 ғ 1 ширегінде Осман империясында ішкі дағдарыс орын алды. Провинцияларды бас көтерулер көбейді. Елді басқару еуропалық үлгіге ауыстырыла бастады, әрі 1828 ж орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, Сербия мен Дунай княздіктері өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарыс тереңдей бастап, батыс елдеріне, соның ішінде Англияға тәуелділігі күшейді. 19 ғ аяғына қарай империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния деген иеліктерінен айырылды. Франция Алжир мен Тунисті, Англия Мысы мен Каирды түріктерден тарытп алды. 19 ғ соңында Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағына үстемдік етуге ұмтылды. Айта кетер болсақ, Англя өзге еуропалық мемлекеттер секілді Осман империясының иеліктерін бағындыруға тырысты. Мысыр, Парсы шығанағы, Қосөзен аймақтарын басып алды. Осман империясын алдымен экономикалық жағынан бағындырды. Осман империясы 1878 жылы банкротка ұшырағаннан кейін, Англия мен Франция мемлекеттік кіріс көздеріне өз бақылауларын орнатты.

 

48. ХІХ ғ. Осман империясының ішкі саясатында жүргізген реформалары. 19 ғ 1 жартысында Осман империясының жағдайы нашар еді. Көтерілістер, әскер арасында толқулар орын алды. ІІ Махмуд сұлтан 1826 жылы янычар әскерін таратып орнына жаңа әскер құрмақ болды. Янычарлар бұған көтеріліспен жауап қайтарды, ал үкімет оларды аяусыз жаныштады. Янычарлар корпусы таратылды. ІІ Махмуд мемлекетті басқару ішінде реформалар енгізді. Елдің аумағы аймақтар мен губернияларға бөлінді. Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды. Осман империясында жерге жеке меншік құқығы енгізілді. 20-30 жж реформалар кемшілігін билік басындағылар түсінді. Олардың арасында еуропалық өмірмен таныс, білімді қайраткер керек болды. Соның бірі Мұстафа Рашид паша болды. Ол бірнеше жылдар бойы Англия мен Франция елшілігінде қызмет атқарған. Оның жетекшелігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Реформа туралы жарлық ІІ Махмуд сұлтан кезінде әзірлене бастап, оны жариялау оның баласы сұлтан Абдул Меджид тұсында іске асты. 1839 ж қарашада сұлтанның жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» - «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. Жарлық 3 негізгі жаңарту мақсатын жария етті: 1)діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін, ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) салықтарды дұрыс және әділетті бөлу; 3) әскери қызмет мерзімін қысқарту. Жер туралы, қылмыстық іс және азаматтық кодекстері қабылданады. Сұлтан таққа отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды. 1839-1870 жж жүргізілген танзимат реформалары елді жаңартуға, оны артта қалудан сақтауға бағытталды. Танзимат реформалары мұсылмандардың, соның ішінде түріктердің де көңілінен шыққан жоқ.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 214 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Положение России в группе G 20 по темпам снижения ВВП| Осман империясы мен Англия арасындағы экономикалық қатынастар

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав