Читайте также:
|
|
Осман империясының әлсіздігін пайдаланып, Батыс Еуропа мемлекеттері Англия мен Франция және Австрия, Ресей оның иеліктерін иемденуді ойлады. Бұл «Шығыс мәселесі» деп аталды. Египет халқының Осман империясына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын Англия мен Франция қолдады. Бұл елдер осылайша Осман империясын әлсірете отырып, оны бағындыруға ұмтылды. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Нәтижесінде, билік басындағылар «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» деп, гректерді қырып-жоюға кірісті. Сұлтан І Махмут көтерілісті басу үшін Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. 19 ғ 1 ширегінде Осман империясында ішкі дағдарыс орын алды. Провинцияларды бас көтерулер көбейді. Елді басқару еуропалық үлгіге ауыстырыла бастады, әрі 1828 ж орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, Сербия мен Дунай княздіктері өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарыс тереңдей бастап, батыс елдеріне, соның ішінде Англияға тәуелділігі күшейді. 19 ғ аяғына қарай империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния деген иеліктерінен айырылды. Франция Алжир мен Тунисті, Англия Мысы мен Каирды түріктерден тарытп алды. 19 ғ соңында Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағына үстемдік етуге ұмтылды. Айта кетер болсақ, Англя өзге еуропалық мемлекеттер секілді Осман империясының иеліктерін бағындыруға тырысты. Мысыр, Парсы шығанағы, Қосөзен аймақтарын басып алды. Осман империясын алдымен экономикалық жағынан бағындырды. Осман империясы 1878 жылы банкротка ұшырағаннан кейін, Англия мен Франция мемлекеттік кіріс көздеріне өз бақылауларын орнатты. І Дүниежүзілік соғыстан кейін Түркияның экономикалық жағадайының өзгеруі,оның халықаралық қатынастарының беделін көтерді. КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында тоқыма кәсіпорындары салынды. 1932 ж Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 30 жж соңында Түркия Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартты.ІІ Дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ-пен жақындаса түсті.
55. ХІХ ғ. Осман империясының Еуропадағы ықпалынан айрылуы. Сұлтан өкіметі билігінің сақталуы елдегі дағдарысты одан ары тереңдете түсті. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарысы тереңдей түскен, Батыс елдеріне тәуелді ел болды. 1879 жылы Осман империясы өзінің батыс еуропа елдерінің алдында қарызын өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдің табыс бюджетін өз қолына алып қарызды төлеттіруге кірісті.Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIXғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған сайын тұрғындары өін-өзі билеуге ие болды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Қаћіраны түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солт. Кафрикалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция, Сирия мен Ливанда Англия Парсы шығанағы мен Қос өзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австрия-Венгрия әскерлері Босния мен Герцеговинаға енді.Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, Ресей империясының ықпалы күшейіп, Славян мемлекеттерін және Қаратеңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, XIXғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы «Шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.II Абдул Хамит енді Германия мен тығыз байланыс орнатуға бет бұрды. 1888 жылы билікке II Вильгельмнің келуі Германияны Осман империясы мен жақындатты. Герман императоры өзін «Мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеді. Неміс офицеріне Осман әскерін қайта құруға тапсырма берілді. Германияның Осман империмясының орныққандағының басты бір мысалы- немістердің Берлин- Стамбұл- Бағдат теміржолын салуы болды. Бұл әскери маңызы зор магистраль болашақта Бағдатты Парсы шығанағымен жалғастырады деп жоспарланды. Бұл Германияның өз әскерлерін Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуіне мүмкіндік беретін еді. Сөйтіп, ондағы Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне, Ресейге де қауіп төнетін еді.
56. ХХ ғ. Осман мемлекеті және Еуропа мемлекеттері. XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты. І Дүниежүзілік соғыстан кейін Түркияның экономикалық жағадайының өзгеруі,оның халықаралық қатынастарының беделін көтерді. КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында тоқыма кәсіпорындары салынды. 1932 ж Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 30 жж соңында Түркия Балкан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартты.ІІ Дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ-пен жақындаса түсті.
57. Осман империясының құлауы және ондағы Еуропа мемлекеттерінің ролі. 20 ғ басында Осман империясынынң халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 ж шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған әрекетінен кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерлерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер революциясының басталуы еді. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 ж шілденің 24-інде, 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. 1909 ж жас түріктер ІІ Абдул Хамид сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. Революциядан кейін ОСман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді.
58. Түркия Республикасының құрылу тарихы мен Еуропа елдерінің ұстанған саясатын анықтаңыз. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді. Ал, оның орнына құрылған Түркия Республикасы әлемдік тарихта жаңа қадамдарын жасай бастады. Мұстафа Кемаль билікке келісімен өзінің диктатурасын орнатып, қарсылас саяси партияларды заңсыз деп санады. Ол өз мемлекетін өркениетті елге айналдыруға тырысты. ЖАңа Түркия Республикасы 1923 жылда биліктің жаңа фомасында(президент, парламент, конституция) болды және де елдің астанасын Стамдулдан Анкараға өзгертті. Мұстафа Кемальдың Түркия республикасын құрудағы және оны нығайтудағы жүргізген іс шаралары үшін 1934 жылы Ұлы халық жиналысы оған «Ататүрк» атағын берді.
59. Мұстафа Кемаль Ататүріктің саяси қызметіне баға беріңіз. Мұстафа Кемал Ататүрк (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антантатарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық жәнезайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын. Мұстафа Кәмәл Османлы империясындағы Сәләник қаласында дүниеге келген. Туған кездегі толық есімі — Әли Риза ұлы Мұстафа. Әкесі — Әли Риза Ефенді, анасы — Зүбейде ханым. Балам батыр болсын деген ырыммен әкесі Мұстафаның бесігінің үстіне қылыш ілген екен. Мұстафа Кәмәлдің нақты қай күні туғаны белгісіз. Оның себебі, Османлы империясында екі түрлі күнтізбе қолданылған: һиджри және руми. Оның туған жылы 1296 жыл деп тіркелді де, қай күнтізбе бойынша екендігі айтылмады. 1296 жылқазіргі жалпы қолданыстағы күнтізбенің 1880-1881 жылдарына сәйкес келеді. Мұстафа Кәмәлдің өзінің айтуынша, анасы оған көктемде туғансың деп айтқан, ал қарындасы Макбуле Атаданның айтуынша, аналары Мұстафа қыстыгүні боран тұрған кезде түнде туғансың деп хабарлаған. Тарихшы Решит Саффет Атабиненнің ұсынысынан кейін Ататүріктің өзі туған күні ретінде Түрік тәуелсіздік соғысы басталған күнді, яғни мамырдың 19-ын қабылдады.Селанік пен Манастырдағы әскери мектептерде оқыған. 1895-ші жылы Манастырдағы Османлы әскери академиясына оқуға түсті. Мұстафа Кәмәл Латифе Ұшақлігілге үйленген. Ол 3 жыл отауласқаннан кейін ажырасты. Ататүрік жеті қыз бен бір ұл асырап алған. Бос уақытында кітап оқуды, атқа мінуді, шахмат ойнауды және суда жүзуді ұнатқан. Биге әсіресе құмар болған; вальс пен халықтық «Зейбек» би мәнеріне әуес болған. Мұстафа Кәмәл көптеген кітап жазып, жеке күнделік те жүргізген
60. Мұстафа Шоқайдың түркі әлемі үшін жасаған қызметіне баға беріңіз. Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан Автономиясының жетекшісі. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-ПетербургИмператорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империяастанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думағаарнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықтыТүркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады. Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан).Бұған Сырдария,Закаспий, Самарқан, Фергана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді.Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістанавтономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбудисайланады. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады
61. ХХ ғ. 50-60 ж.ж. Түркия және Еуропа: саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстар. Түркияның Грекиямен байланысы. І Дүниежүзілік соғыстан кейін 2 ел басшылары Мұстафа Кемаль Элефтериос Венизелос бірнеше жылғы келіссөзден кейін, 1930 ж Түркия мен Грекия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Венизелос ресми іссапармен Стамбұл мен Анкарада болды. Грекия Түркия Республикасы құрамына кірген барлық территорияларға наразылықтарынан бас тартты. Осыдан кейін 1934жылы Балкан пактісіне қол қойылып, Греция, Түркия, Югославия, Румыния арасында одақтастық шарты жасалды. Келісім бойынша осы елдер бір-біріне көмектесіп, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын болды. Екі ел бейбітшілікті қолдайтынын білідіріп, осы бағытта екі жақты кездесулер ұйымдастырылы. Ататүрк пен Венизелос бейбітшілікті сақтаудағы үлестері үшін Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. 1941 жылы Түркия алғаш болып Грекияға гуманитарлық көмек көрсеткен. Себебі, Афинаны Ось мемлекеттері(Германия, Италия, Жапония) оккупациялаған болатын. Түркия президенті Исмет Иненю грек халқына көмектесу туралы заңға қол қойды. Сол уақытта 1941 жылы маусымда Түркия нацистік Германиямен достық келісімге қол қойды. «Қырғи-қабақ» соғысы басталғаннан кейін Грекия мен Түркия арасында жақындасу байқалып, сол уақытта Грекия, Түркия және Югославия Жаңа Балкан пактісіне қол қойып, онда Кеңес одағына қарсы бірігіп қорғану шаралары туралы қаралған.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 128 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ресей: саяси, діни мәселелер мен оның салдары | | | ХХ ғ. соңы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерінің Еуропа елдерімен қатынастары |