Читайте также:
|
|
Жұмыссыздық белгілі бір жастан асқан жұмысы жоқ, қазіргі уақытта жұмысқа жарамды және осы кезеңде жұмыс іздеуші тұлғалар контингенті (саны) ретінде анықтауға болады. Жұмыссыздық әртүрлі себептер бойынша туындайды, оны келесі бірнеше топтарға бөлуге болады:
- халықтың артық (көп) қоныстануынан туындаған (мальтузияндық);
- капиталдың органикалық құрылысының өсуімен байланысты (марксизм);
- төмен жалақыға жұмыс істегісі келмеумен байланысты (неоклассиктер);
- жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігімен байланысты (кейнсиандық).
Қазіргі жағдайларда жұмыссыздықты түсіндіру үшін жұмыссызыдықтың кейнсиандық үлгісі жиі түрде пайдаланылады.
Неоклассикалық үлгіде жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраныс функциясы мен оның ұсыныс функциясы арқылы анықталады, мұнда еңбек бағасы ретінде нақты жалақы қатысады. Үлгі көрсетіп тұрғандай, жұмыс жасағысы келетіндердің барлығы нарықта қалыптасқан жалақы мөлшерлемесі (ставкасы) жағдайында жұмыс таба алады. Бұл, яғни, нарықтық экономика тетігі бүкіл еңбек ресурстарын пайдалануға және толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қабілетті, бірақ та жалақының нарықтық деңгейі жағдайында ғана.
Жұмыссыздықтың неоклассикалық үлгісі барынша ерікті сипатты білдіреді, өйткені төмен жалақы үшін еңбегін сатудан жұмыскерлердің саналы түрде бас тартуын білдіреді.
Кейнсиандық үлгіде жұмыссыздық макроэкономикалық тұрақсыздық формасы ретінде көрінеді және тауарлар мен қызметтер көрсетуге жиынтық сұраныстың жетіспеушілігінен туындайды, соның салдарынан фирма жұмыс күшіне сұранысты (және өндірістің өзге де факторларын) қысқартады. Кейнсиандық үлгіде жұмыспен қамту деңгейі соншалықты жұмыскерлерге қатысты болмайды, қаншалықты еңбек бағасымен емес, тауарлар мен қызмет көрсетулерге тиімді сұраныстың шамасымен айқындалатын, еңбекке сұраныс туғызатын кәсіпкерлерге қатысты болады. Осыдан шығара отырып, кейнсиандықтар нарықтық шаруашылықтағы жұмыссыздықтың лажсыз (еріксіз) сипаты туралы қорытынды жасайды.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері ажыратылады:
- фрикциондық (жұмысты іздеумен және күтумен байланысты);
- құрылымдық (өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты);
- циклдік (экономикалық конъюктурадағы ауытқулармен байланысты).
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың ұштасуы жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Табиғи жұмыссыздық, өндіріс қажеттілігіне қатысты салааралық және өңіраралық орын алмастыруды жеткілікті түрде тез іске асыруға қабілетті экономика үшін ең жақсы жұмыс күшін сипаттайды.
Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздар санының (U) жұмыс күшінің санына (L) қатынасын білдіреді.
Нақты және табиғи жұмыссыздық арасының әртүрлілігі циклдік (конъюктуралық) жұмыссыздықты құрайды. Циклдік жұмыссыздықтың өсуі, А.Оукен ұсынған әдіспен өлшенетін қоғамдағы экономикалық шығындарға әкеледі. Эмпирикалық зерттеулер негізінде ол циклдік жұмыссыздық шамасы мен ІЖӨ алшақтығы арасындағы тұрақты (орнықты) байланысты анықтады.
;
мұнда, Y – өндірістің нақты көлемі; Y* – әлеуетті ІЖӨ; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; y – Оукен саны.
Бұл формуланың мағынасы Оукен заңын білдіреді – егер циклдік жұмыссыздық 1%-ға ұлғаятын болса, онда нақты ҰЖӨ әлеуетті ІЖӨ-ден артта қалғанын білдіреді. Оукен параметрі әр елдер үшін әртүрлі.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 187 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |