Читайте также:
|
|
Еуропалық Одақ
Польша Премьер-министрі Дональд Туск, Түркияның Еуропа Одағына мүшелігінің толық қолдайтынын айтты.
Кездесулерден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Премьер-министр Тайип Эрдоган мен Польша Премьер-министрі Дональд Туск тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Польшамен 600 жылдық тарихи қатынасы бар Түркияға аяқ тіреуі өзі үшін де үлкен маңызға ие екенін айтқан Д. Туск, Польша мен Түркия арсында алауыздық тудыратын мәселелерден ада екендігіне, екі елдің достық қарым-қатынаста болуына ризашылығын білдірді.
Туск, басқосуларда екіжақты қарым-қатынастарды назарға алғанын айта келе, Түркияның «ядролық әрекеттерге қадам басқанын және осы тәжірбиелерді бөлісуге дайын екендіктерін» сөз етті.
Басқосу барысында «инфрақұрылымның күрделі объектілерін» талқылағандықтарын тілге тиек еткен Туск, «Алдымыздағы он жыл ішінде күрделі инфрақұрылым объектілерін жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Өздеріңізге мәлім болғандай, Варшавада жасалатын екінші метро желісін де Түрік фирмасы қолға алды» — деді.
Польша Премьер-министрі Туск, Түркия мен Польша арасындағы виза тәртібінің де реттеліп жатқанын айта келе, «Виза тәртібінің өзгеруі үшін кездесулер өткізілетінін, Польша өз тарапынан формалдылықтардың азайтылуы үшін қолдарынан келгенін аямайтынын» да ескертті. Бұл өзгерістердің, Еуропа Одағының заңдылығына сәйкес екенін де естен шығармаған Туск, визаларға қатысты мәселелердің бітетінін сөз қылды.
Туск, «Еуропалық одақтастарымызды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырамыз» — деп айтты.
Түркияның, халықаралық бірлестіктерде көрсетіп жатқан еңбектерін де мойындайтындықтарын айта келе Туск, Ауғанстанда Түркияның маңызды одақтас болғандығын да еске салды.
КИПР МӘСЕЛЕСІ
Польша Премьер-министрі Туск, 2011 жылдың екінші жартысында Еуропалық Одаққа (ЕО) төрағалығын алға тарта отырып, Польшаның Кипр мәселесіне қатысына қатысты, «Бұдан алдын да айтқанымдай, біз үшін Түркияның ЕО мүшелігі дау тудырмайды»
Түркияның жетістіктерінен сөз қозғаған болуы Туск, келіссөз шарттарының Кипр мәселесінің шешілуіне себін тигізгенін баса айтты.
Туск, «Мәселені шешу үшін қолымда алтын кілт болса да сіздерден аянып қалмас едім» деді.
Премьер-министр Туск, Польшаның ЕО жолында көптеген мәселелермен бетпе-бет келгенін, сол себептен оптимист болу керектігін, Польшаның төрағалық кезеңінде мәселені шешуде әрдайым қол ұшын беруге дайын екендіктерін жеткізді.
Бұл мәселенің «ақ/қара мәселе емес екенін» айтқан Туск, «Кипр үшін жанжалдасушы мемлекеттер ешкімнің де құқықтарының жүз пайыз еместігін білетін болса, Кипр мәселесінің оң шешім табатыныа сенімдімін» — деді.
Польша Премьер-министрі Туск, Полшалық бір тілшінің, «Түркияның Еуропалық Одаққа кіруі жөнінде, Армения иддеяларының талқыланып-талқыланбағандығы мен осы мәселенің шешілместен Түркияның ЕО-қа қалай кіретіні» тектес сұрағына, Польша мен Түркия арасында «Талқыланбайтын мәселе қалмайтындығымен» жауап берді.
Бұл мәселенің, «ғылыми, заңды әрі шынайы түрде қарастырылуына аса мән бергендіктерін» білдірген Туск, ұлт тарихында трагедиялық оқиғалар орын алуы мүмкін екендігін, алайда бұл оқиғалардың көп уақыт өткесін, «екіжақты келісім аясында қарастырылуы» керек екендігін баса айтты.
Дональд Туск, «Бұл мәселелердің шешілуінде екіжақты ынтымақтың мәні зор» — деді.
1. Ғұн және Хань империялары арасындағы геосаяси мәселелер
2. Ғұндардың Батысқа жылжу процесін көрсетіңіз
3. Ғұн және Византия империясы: тарихи сабақтастығын көрсетіңіз
4. Аттила және оның саяси қызметі
5. Еуропадағы ғұн тайпаларының қоғамдық өмірі
6. Ғұн және Батыс Рим империялары: саяси және әлеуметтік-экономикалық
мәселелер
7. Каталаун шайқасы және оның әлем тарихындағы орнын көрсетіңіз
8. Ғұн мемлекеті және Еуропадағы варварлық корольдіктер
9. Аттиланың Италия жеріндегі соғыстарындағы саяси мақсаттарын
айқындаңыз
10. Аттила және Рим императоры ІІІ Валениниан арасындағы саяси
факторларға тарихи талдау жасаңыз
11. Аттила және Византия императорлары: саяси және экономика тартыстар
12. Аттила мен Рим папасы І Лев және Рим қаласының тағдыры
13. Ғұн мемлекетінің әлем тарихындағы орны
14. Галлия жеріндегі соғыстарға сипаттама беріңіз
15. Ғұн тайпаларының еуропалық өркениетке тигізген әсерін бағалаңыз
16. Авар қағанаты ның тарихы және оның түркі әлемі мен Еуропа тарихындағы орнын
көрсетіңіз
17. Авар қағанатының Византия империясымен жүргізген соғыстары
18. Авар қағанатының әлеуметтік саяси құрылысы
19. Авар қағанатының Түркі халықтарының тарихындағы рөлін өркениеттілік
көзқарас негізінде сипаттаңыз
20. Авар қағанатының көрші елдермен қарым-қатынастары
21. VІ-ХІ ғ.ғ. Еуропа даласындағы түркі халықтарының тарихы мен Еуропа
халықтарымен өзара әрекеттесуін көрсетіңіз
22. VІ-ХІ ғ.ғ. Еуропа даласындағы түркі халықтарының мәдениеті
23. Түрік тайпаларының этногенез құрылымының даму сатылары
24. VI-IX ғғ.Түркілердің наным-сенімдерінің қоғамға ықпалын көрсетіңіз
25. Печенегтер мен олардың Еуропа тарихына тигізген әсерін бағалаңыз
26. Хазар қағанатының Еуразия тарихындағы ролі
27. Хазар қағанаты және арабтар: сыртқы саяси, әлеуметтік және діни
мәселелер
28. Хазар тайпалық бірлестігінің құрылуын көрсетіңіз
29. Селжұқтар мемлекетінің Еуропаға ықпалын көрсетіңіз
30. Қыпшақтар туралы тарихи зерттеулерге сипаттама жасаңыз
31. Қыпшақ тайпаларының әлем тарихындағы рөлі
32. Қыпшақ хандығы және Еуропа мемлекеттері: саяси, әлеуметтік, экономикалық
байланыстар және этникалық әрекеттесулер
33. Оғыздар мен селжұқтардың Батысқа қарай жылжуы
34. Оғыздар мен селжұқтардың Кіші Азиядағы саяси әрекеттерін сипаттаңыз
35. Түркі тайпаларының Еуропаға Ислам дінін таратудағы ролі
36. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
37. Алтын Орда хандарының Еуропаға ықпалы
38. 16-17 ғ.ғ.Ресейдегі түркі халықтарын генеологиялық жағынан көрсетіңіз
39. Осман түркі мемлекетінің құрылуы
40. Осман мемлекетінің әкімшілік және әскери басқару формасы
41. XІV-ХV ғ.ғ Осман сұлтандарының Балқанды иеленуі
42. Түріктердің Константинопольді алуы және Византияның тағдыры
43. ХV-ХVІ ғ.ғ. Осман империясының Орталық және Шығыс Еуропадағы
үстемдігі
44. ХV-ХVІ ғ.ғ. Осман сұлтандары мен еуропалық билеушілер арасындағы
саяси, экономикалық қатынастар тарихы
45. ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясаты
46.ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ресей: саяси, діни мәселелер мен
оның салдары
47. ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ұлыбритания: саяси және
экономикалық ықпалдастық
48. ХІХ ғ. Осман империясының ішкі саясатында жүргізген реформалары
49. ХІХ ғ. Осман империясының құлдырау себептерін көрсетіңіз
50. Еуропалық империялардың Осман империясына жасаған саяси және
экономикалық қысымына өзіндік баға беріңіз
51. Қырым соғысы: себептері, барысы және нәтижелері
52. ХІХ ғ. Осман империясы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы экономикалық
қатынастар
53. ХІХ ғ. Еуропа мемлекеттерінің Осман империясына көрсеткен
экономикалық қысымы
54. Осман империясы мен Англия арасындағы экономикалық қатынастар
55. ХІХ ғ. Осман империясының Еуропадағы ықпалынан айрылуы
56. ХХ ғ. Осман мемлекеті және Еуропа мемлекеттері
57. Осман империясының құлауы және ондағы Еуропа мемлекеттерінің ролі
58. Түркия Республикасының құрылу тарихы мен Еуропа елдерінің ұстанған
саясатын анықтаңыз
59. Мұстафа Кемаль Ататүріктің саяси қызметіне баға беріңіз
60. Мұстафа Шоқайдың түркі әлемі үшін жасаған қызметіне баға беріңіз
61. ХХ ғ. 50-60 ж.ж. Түркия және Еуропа: саяси және әлеуметтік-
экономикалық байланыстар
62. ХХ ғ. соңы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерінің Еуропа елдерімен
қатынастары
63. Қазақстанның Түркі әлемі мен Еуропа арасындағы ынтымақтастықты
нығайтудағы ролі
64. ХХІ ғ. Орта Азиядағы түркі тілдес республикалар және Еуропа
65. Қазіргі таңдағы Түркия Республикасы мен Еуропа мемлекеттері.
Еуропалық Одақ
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 107 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
ХХ ғ. соңы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерінің Еуропа елдерімен қатынастары | | | Антон Чехов. Палата № 6 |