Читайте также:
|
|
млн. теңге
Несиелендіру әдістері | 2002 жылы | Пайыздық үлесі | 2003 жылы | Пайыздық үлесі | 2004 жылы | Пайыздық үлесі |
Бюджеттік несие | 6049,4 | 10,36% | 6390,3 | 9,73% | 9741,4 | 10,16% |
Банктік несие | 86,697% | 83,617% | 80,14% | |||
Ауылдық несиелік серіктестік | 641,3 | 1,02% | 800,0 | 1,2% | 2120,2 | 2,2% |
Лизинг | 1069,9 | 1,099% | 3576,8 | 5,44% | 7175,0 | 7,48% |
Барлығы: | 58341,6 | 100% | 65700,1 | 100% | 95894,6 | 100% |
Ауыл шаруашылығын бюджеттік несиелендіру қарқынды өсуде 2004 жылы қосымша 3692,0 млн. теңге жұмсалынған. Олардың ауыл шаруашылығын несиелендіру үлесі жылына орташа есеппен 30,5% өсіп отыр.
Банктердің ауыл шаруашылығын несиелендірудің орташа өсу қарқыны жылына 9,4 пайызды құрап отыр.
Ауылдық несиелік серіктестік ауыл шаруашылығын несиелендіру қарқыны жоғары. Олардың ауыл шаруашылығының несиелендіру үлесі жылына орта есеппен 63,2 пайызды құрап отыр.
Лизингтік несиелендірудің өсу қарқындылығы жоғары, бірақ зерттеу жүргізу жұмыстарының барысында бұл несиелендіру мөлшері тек Павлодар облысының ғана қажеттіліктерінқанағаттандыруға мүмкіншілігі бар екен.
Көріп отырғанымыздай ауыл шаруашылығын несиелендірудің жоғары қарқындылығы ауылдық несиелік серіктестер болып отыр (жылына орташа есеппен 63,2 пайызды құрап отыр).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын несиелендіру шарттары бюджеттік несиелерді шектеулі, ол өз кезегінде ауыл шаруашылығын несиелендіруде мумкеншіліктері де сәйкесінше аз келеді. Мерзімі бойынша бюджеттік несиелендіру ауыл шаруашылығын ешбір таңдаусыз қалдырады. Ауыл шаруашылық үшін бір жылға берілетін несие, жылда несиемен қамтамасыз ету үшін бюракратиялық кедергілерден өтуіне тура келеді. Бұл өз кезегінде қосымша шығындарға итермелейді. Пайыз бойынша бюджеттік несие 0-3% көлемінде жеңілдетілген несиелер береді. Бірақ қайта айтып кететін жайт бұл несиелер шектеулі сомада ғана береді. Берілу мерзімі тек бір жыл сонымен бірге тек ұлттық валюта күйінде ғана беріледі.
Ал банктік несиелерге келсек, олардың несиелендіру мүмкіншіліктері өте жоғары, бірақ ауыл шаруашылығын несиелендіруге деген қызығушылықтары төмен. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге қойылатын талаптары да қатаң. Мерзім бойынша банктік несиелер 1-3 жыл аралығында несиелендіреді. Ауыл шаруашылығының банктерден алынатын несиелердің оларға қиын түсуі, қатаң түсуі (енді ашылған ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендірмейді) бұл процесті ақтамайды. Пайыз бойынша банктік несиелер ауыл шаруашылығын несиелендірудегі тәуекелдердің жоғары болуына байланысты несиелерге қойылатын маржалардың жоғары болуына әкеледі 2003 жылы аграрлы аймақтарды несиелендірудегі банктердің орташа маржасы 11,4% болды. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге банктен алынатын несие өте қымбатқа түсуде.
Ауылдық несиелік серіктестіктің ауыл шаруашылығын несиелендіру мүмкіншіліктері шексіз, бірақ олар өз көздерін таба алмай отыр. Мәселен 2004 жылы банктер аграрлы аймқтардан тартылған депозиттердің үлесі 226,8 млрд. теңге болған, оның 99,7 млрд. теңгесі валюта күйінде, яғни 44%. Осыдан көретініміз ауыл шаруашылығының өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктері үлкен, ал қазір оны тек ауылдық несиелік серіктестіктер арқылы тартға болады. Сонымен ауылдық несиелік серіктестігінің ауыл шаруашылығы несиелендіруге қызығушылығы өте жоғары, себебі бұл серіктестік өз құрылтайшыларынан (шаруа қожалықтары) басқа ешкімді несиелендіре алмайды. Ауылдық несиелік серіктестік ауыл шаруашылығын 1-жыл аралығында несие береді. Бұны ауылдық несиелік серіктестердің ауыл шаруашылығын несиелендірудегі қызығушылықтарының жоғары болуымен деп түсіндіреміз. Ауылдық несиелік серіктестіктің ауыл шаруашылығын несиелендірудегі несие пайызы 5-10% көлемінде. Бұл ЖАҚ «Аграрлық несиелік корпорациядан» тартылған несие сомаларына қойылған өсімақыға байланысты болады. ЖАҚ «Аграрлық несиелік корпорация» АНС-терге 3-5 пайыздық өсімақыда несие береді.
Лизингтік несиелендірудің сомасы шектеулі себебі, қазіргі таңда жылдан жылға негізгі құралдарымыздың тез тозуы, ол жылдан жылға жұмсалынатын қаржы сомасын сәйкесінше артыруына итермелейді және олардың талаптарының ауыл шаруашылығының сұраныстарынан шыға алмауы, берілу мерзімінің аздығы пайызының артуына алып келеді. Ол ауыл шаруашылық үшін үлкен ауыртпалық. Үлкен қаржылық техникалардың берілу мерзімінің аз болуы техниканы лизингке алудағы үлкен қиындықтарға соғады. Пайыз бойынша лизингтік несие өзін-өзі ақтамауда. Бұл өз кезегінде лизингтік несиенің берілуде тәуекелдерімен байланысты.
Кейс сұрақтары:
1. Кейс материалдарын оқып үйренгеннен кейін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді
несиелендірудің экономикалық мәнін көрсетіңіз.
2. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер және оларды несиелендірудің экономикалық мәні неде.
3. Ауыл шаруашылығын лизингпен қамтамасыз ету мәселелері.
4. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын несиелендіру шарттары.
5. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің белсенділігін жоғарлату жолдарын атаңыз.
6. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің экономикалық жағдайы.
5. Х алықтық әлеуметтік қорғау мәселелерін талдау.
Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткелерді, мүгедектерді, асыраушысынан айырылған адамдарды және халықтық өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3,5 млн. артық адам (немесе барлық халықтың 23,6%) қамтылған. 2004 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар(жоспар) 1999 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен астамға көбейді.
Бұл халықтың табысының едәуір көбеюіне мүмкіндік берді, оны мынадай индикаторлардың өсуінен көруге болады. 1999 жыл мен 2004 жыл аралығында:
- жалақының ең төменгі мөлшері 2,5 есеге (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін);
- зейнетақының мөлшері1,9 есеге (3000 теңгеден 5800 теңгеге дейін);
- орташа жалақы-шамамен 2 есеге (11864 теңгеден 26048 теңгеге дейін);
- зейнетақының орташа мөлшері 2 есеге (4104 теңгеден 8529 теңгеге дейін);
- ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,5 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейін);
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 1,3 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейін) өсті.
Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нормативтері және т.б. белгіленді және қазіргі уақытта пайдаланылып жүр.
АӘК-ті алушылардың саны: 2002 жыл-178266 адам, 2003 жылы-133170 адам, 2004 жылы-164593 адам: күресудегі бағдарламалардың орындалу барысында 2003 жылы АӘК-ті алушылардың саны азайғанын айтуға болады. Ал 2002 жылы алушылардың санының артуының себебі, алушылардың құрамына жасы жетпеген балалардың кіру және басқа да азаматтық белгілері, ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» Заңының 2004 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енуіне байланысты.
АӘК төлемдерінің сомасы: 2002 жылы- 830,7 млн.тенге, 2003 жылы- 706,5 млн.тенге, 2004 жылы- 1241,1 млн.тенге. Осыған орай бір адамға шаққанда АӘК- ң орташа көлемі 2000-2001 жылдары айына 725 және 735 теңгені құраған. 2004 жылы АӘК көлемі орта есеппен 692 теңгеге дейін төмендеді, жоғарыда аталған АӘК заңына сәйкес, отбасының жиынтық табысынан кедейшілік шегіне дейінгі төлемдер көрінеді. Барлығын қосқанда АӘК көлемі орта есеппен 692 теңгеге дейін төленді. Барлығын қосқанда, АӘК көлемі айына бір адамға 2004 жылы орта есеппен 1 мың теңгеге дейін арттыда, 3,4 мың теңгені құрады, жаңа тәртіпке сәйкес, тек қана балаларға ғана емес, барлық отбасы мүшелеріне көрсетіледі.
Басқа облыстармен салыстырғанда біздің облыс халық саны жағынан жоғары және соған сәйкес АӘК- ті алішыларда көп. Алушылардың жасы жетпеген балалардың және мүгедектердің үлесі орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары, ол жұмысшылардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда, обылыста бөлінген АӘК-тің орташа көлемі республика бойынша, біздің облыста белгіленген кедейшілік шегі елдердегі ең төмен көрсеткіш.
Аз қамсыздандырылған облыстарға талдау жасасақ, олардың саны мынаны құрады:
2002 жылы- 55825 отбасы немесе облыс халқының 13%.
2003 жылы- 36532 отбасы немесе облыс халқының 8,5%.
2004 жылы- 24273 отбасы немесе облыс халқының 5,5%.
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бағдарламасының нәтижелері бойынша облыста кедейшілік деңгейінің төмендегені байқалады.
Үш жылдың ішінде аз қамтамасысдандырылған отбасылардың саны жартысынан немесе 57 пайызға төмендеді. Осыған орай, жыл сайын көрсетелетін қайрымдылық көмектердің сомасы артып отыр. 2002 жылы - 107,6 млн. тенге, 2003 жылы - 498 млн. тенге, 2004 жылы - 564 млр. тенге.
Аз қамсыздандырылған отбасылардың саны жөнінде мәлімет. Әлеуметтік қамсыздандырудың негізін ұйымдастыруда мына әлеуметтік нормативтерді қажет етеді: күнкөрістің төмен деңгейі және кедейшілік шегі.
2005 жылға кедейшілік шегі ең төменгі тұтыну қаржының 40 пайыз көлемінде белгіленеді. 2005 жылдың екінші тоқсанында кедейшілік шегі 5200 теңге сомасына белгіленді.
Халықты жұмыспен қамту әйелдердің еңбекке орналасуына ерекше назар аударылып отыр. 2002 жылы жұмыс іздеу жөнінде 8499 әйелдер өтініш берді, оның 4184-і еңбекке орналастырылды, 2861 әйелдер ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 342 жұмыссыз әйел мамандықтар алуда.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек нарығының өзгерісі.
№ | Көрсеткіштердің аталуы | 04.2005 | |||
Тұрғындардың саны | 2069,6 | 2092,6 | 2115,6 | 2138,6 | |
Экономикалық белсенді халық | 912,8 | 940,8 | 968,8 | 996,8 | |
Экономиканың салаларында қамтылғандар | 832,8 | 865,8 | 903,8 | 941,8 | |
Өз бетінше жұмыс істейтін тұрғындар | 416,7 | 424,3 | 431,9 | 439,5 | |
Жұмыссыздар- барлығы, оның ішінде тіркелгендері | 80,0 15,0 | 75,0 14,9 | 65,0 14,4 | 55,0 13,5 | |
Жалпы жұмыссыздық деңгейі, % оның ішінде тіркелген жұмыссыздық деңгейі | 8,7 1,6 | 7,9 1,5 | 6,7 1,4 | 5,5 1,3 |
Жұмыспен қамту жұмыстарын жақсарду мақсатымен облысымыздың аудандар мен қалаларында әкім мен орынбасарларының, жұмыс берушілер мен жұмыссыздардың қатысуымен бос орын жәрмеңкелері ұйымдастырылған. Қазіргі кезде мұндай жәрмеңкелер облысымыздың 14 аудандар мен қалаларында өткізіледі.
«Атаулы әлеуметтік көмек» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын түсіндіру жұмыстары бойынша кездесулер облыс аудандарының ауыл аймақтарында және қалаларда өткізіліп жатыр.
Оралман отбасыларымен жұмыс істеу.
Бүгінгі таңда алыс және жақын шет елдерден 82 мың отбасы немесе 17711 адам көшіп келді. Келгендердің көпшілігі тұрғын алу мен жұмысқа орналасу және басқа да әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде тиісті көмек алуда. Биылғы жылы алғаш рет оралмандардың 20 баласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы даярлық курысына жолданды, 27 оралман техникалық зауытқа тұрақты жымысқа орналасып отыр, сондай-ақ оралмандар мектеп, офис құрылыстарына, тұрғын үй жөндеу жұмыстарына ат салысуда.
Қоныс аударушыларды бейімдеу орталығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Оралман» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы жанынан 22 орындық пішу цехы ашылды. Онда өңдеу және кілем тоқу, етік және көлік жөндеу цехтары жұмыс істейді, көрпе, көрпеше, шапан, бас киімдер тігу мен басқа да ұлттық қол өнер бұйымдары жөніндегі цехтар жұмыс істей бастады.
Облыстық аға ұрпақ мүгедектерді оңалтудың бағдарламаларының 2001-2002 жж. орындалуы туралы.
|
|
|
|
Кейс сұрақтары:
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың мәні және оның мақсаты.
2. Күнкөрістің төмен деңгейі және кедейшілік шегі қалай анықталады.
3. Кедейшілік шегін төмендету жолдарын атаңыз.
4. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуметтік салаға әсері.
5. Оралман отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек.
6. Әлеуметтік қамсыздандыруға республикалық бюджет есебінен бөліну мен оның алатын үлесі қандай?
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 146 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |