Читайте также:
|
|
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер кез-келген мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне жалпы сипаттама төңірегінде туындаған негізгі сауалдар мен міндеттер қазіргі кездк республикалық кеңесте тереңірек талқыланды. Ауылдық нарықтық құрылымдардың аяғынан тұруы, малшаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану,несиелендіру, техника және техниологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығының бірден- бір мақсаттары болып отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бір қатар салылары үшін шикізат өндіреді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар.
1. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді ең басты және еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады.
2. Аграрлық сектордағы реформаларды жедел аяқтау және ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғалуын анықтау.
3. Үкметтің іс қимылы, үкіметтің үш жылға арналған іс қимылының негізгі бағыттары нақты және тиімді меншік иесін қалыптастыру, аграрлық секторды қамтамасыз етудің инфрақұрылымын дамыту тиімді фермерлік және жеке шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау, шағын несиелендіру және кедейлікке қарсы күрес жүргізу болмақ.
Нарықты экономика реформаларын жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығына мемелекеттік қолдау көрсету бағытында елімізде бірнеше несиелеудің тәсілдері мен формалары, оны фермерлік шаруашылықтарға жеткізу механизмінің тәжірибелері қолданды:
1.Жалпылама жағдайда несиелеу- бұл жағдайда несиелер жоғары пайызда берілді, тауар өндірушулер- аграрлық сектордың өте төмен табысты байланысты несиені тиімді қолдана алмады.
2. Жеңілдетілген несиелеу. Бұл несиелеу- әрқашанда несие өз мақсатына пайдаланбауына байланыста тиімсіз болды. Коммерциялық банктер өспелі инфляцияда ірі құжаттарды жоғалтып отырды және пайыз өсім ақысы бойынша бюджеттік айырмалардың өтелуі өз мезгілінде бөлінбеуі, банктердің ауыл шаруашылығына қарыз беруін ынталандырмады.
3. Орталықтандырылған несиелеу- бұл ұзақ мерзімге арналған бюджеттік қарыз.
Бұл несиелеуді өкімет банктер арқылы жүзеге асратын болғандықтан,ауыл шаруашылығының көптеген шаруашылықтары тұрақсыз және зиянды қызмет етуіне сәйкес, банктер- бұл несиені жалпылама банк несиесі негізінде жүргізеде.1993 жылы несиелік өсімақы 210% жеткенде, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін осындай өсімақылық несие қаражаттарды мүмкін болмады. 1995 жылы несиелік қаражаттарға қолы жетпеген ауылшаруашылық тауар өндірушілер жанар-жағар майлардың, ұрықтардың, тыңайтқыштардың, техниканың т.б тапшылығына душар болды.Пайда болған үлкен мәселеден шығатын жол- тауарлық несиелендіру деп тапты.
4. Тауарлық несиелеу- мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласының ағымды шығындары мен жанар-жағар май үшін бөлінетін несиесі. Бұл несиелеу процессінде пайданы жеткізіп беруші ірі компаниялар мен азық түлік корпорациялары алды.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын несиелеудің әдістеріне банктік несилендіру жатады. Банктік несиелендіру экономикалық өсімді қаржыландырудың ең маңызды факторы. Сондықтан ауыл шаруашылығын тұтастай дамыту банктік несиелерінсіз іске аспайды, әсіресе қазіргі ауыл шаруашылығының қаржылық жағдайын есепке алған жағдайда. Банктік несиелердің артуын келесі кестеден көреміз.
1998 -2004 жылдардағы экономика салалары бойынша банктік несиелеу барысы. млн. теңге
Банктік несиелеу | |||||||
Экономика салалары бойынша барлығы: | |||||||
Өнеркәсіп | |||||||
Үлесі,% | 34,5 | 25,4 | 23,2 | 30,5 | 33,9 | 34,2 | 34,3 |
Ауыл шаруашылығы | |||||||
Үлесі,% | 5,7 | 10,6 | 8,4 | 9,4 | 10,3 | 10,0 | 11,4 |
Құрылыс | |||||||
Үлесі,% | 3,9 | 2,3 | 4,1 | 4,3 | 4,7 | 5,8 | 6,3 |
Көлік | |||||||
Үлесі,% | 1,6 | 5,5 | 3,4 | 6,0 | 4,3 | 4,0 | 3,0 |
Байланыс | |||||||
Үлесі,% | 2,8 | 1,6 | 2,1 | 2,1 | 2,4 | 2,1 | 1,9 |
Сауда | |||||||
Үлесі,% | 17,1 | 25,9 | 29,8 | 33,3 | 31,0 | 30,4 | 29,5 |
Басқалары | |||||||
Үлесі,% | 34,4 | 28,8 | 29,0 | 14,4 | 13,4 | 13,5 | 13,6 |
Қарастырып отырған период аралығында банктік несиелендіру қарқынды дамуда (1998 жылмен салыстырғанда 11,6 есеге артқан), ЖҰӨ-ге қатысты 3,8 ден 16,5-ға көтерілуі. нәтижеде экономикадағы барлық несиелердің көлемі 2004 ж. 672,5 млрд. теңге немесе 4,8 млрд. долл.
Банктік несиелендірудің ЖҰӨ-ге қатысты өсіуі негізінен келесі себептермен түсіндіріледі:
- макроэкономикалық жағдайлардың жақсаруы, әлемдік коньюктураның ұтымды жақтары, шикізат ресурстары бағасы;
- нарық жағдайына бейімделген кәсіпорындардың тұрақтануы;
- банктік капиталдың өсуінің нәтижесінде банктік жүйенің тұрақтануы, еліміздің төлем жүйесінің және банктік реттеудің артуына алып келді.
Ауыл шаруашылығын банктік несиелендіру темпі 1998 жылмен салыстырғанда 23,3 есеге өскен (1998 жылы 3291 млн. теңгеден 2004 жылы 76858 млн. теңгеге).
Ауыл шаруашылығын лизингпен қамтамасыз ету
Нарықтық экономика жағдайында, аграрлық сектордың тұрақты қызмет етуіне ауыл шаруашылық техникаларын тиімді пайдалану өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өнім өндірушілерінің белсенділігі төмендеп, техниканың қажетті бөлшектерінің жетіспеушілігі байқалуда.
Сондықтан ауыл шаруашылығын техникалармен қамтамасыз етудің ең тиімді түрі лизинг болып табылады.
Қазіргі таңда лизингтік несиелендіру темпі өзгеруде, оны келесі кестеден көруге болады.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |