Читайте также:
|
|
Қазақстанның технологиялық парктерінің алдына қойылған міндеттерді орындау процесін талдау, алдағы уақытта проблемаларды айқындау, олардың жұмыс жасау тиімділігіне неғұрлым сындарлы баға беруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның технологиялық парктерінің негізгі міндеттері:
· іргелі зерттеулерден бастап тауар өнімдерін өткізгенге дейінгі инновациялық процестің бүкіл сатыларын қамтамасыз ететін, инновациялық инфрақұрылымдар құру;
· инновациялық процестің толық циклін қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту;
· ғылыми мекемелердің зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру;
· менеджмент саласында кадрлар даярлау;
· инновациялар саласындағы проблемалардың кең шеңбері бойынша ғылыми, зерттеу және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасауды ұйымдастыру.
Қазақстандық технопарктер, бүгінгі күнге, оны жүзеге асыру, өз кезегінде, технологиялық парктің тиімді және табысты жұмыс жасауының басты өлшемдерінің бірі болып саналатын, атап көрсетілген бірқатар міндеттерді толық шекте орындамай отыр.
Бірінші міндет – инновациялық инфрақұрылымдар құру.
Қазақстанда инновациялық инфрақұрылымдар элементтері – технопарктер белсенді түрде құрылуда. Бірақ та, технологиялық парктердің жұмыс істейтін жүйесі инновациялардың қазақстандық нарығын қалыптастыруға жеткілікті дәрежеде ықпал етпейді, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді пайдалануға және қаржылық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігінен кең көлемде жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейді.
Негізгі қорытынды: жалпыға бірдей қабылданған технопарктердің міндеттеріне сәйкес, отандық технологиялық парктер – іргелі зерттеулерден бастап дайын өнімдер шығару және өткізуге дейінгі – инновациялық процестің бүкіл сатыларын қамтамасыз етпейді.
Екінші міндет – инновациялық процестің толық циклін қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту. Шетелдік инвесторлар, ішкі және әлемдік нарықта, сондай-ақ экологиялық зиянды өндірісте (тікелей шетел инвестицияларының 60%-ы басым түрде мұнайгаз өнеркәсібіне бағытталады) төлемқабілетті сұраныспен пайдаланылатын салаларға қаржы салуға артықшылықтар береді.
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар паркінің (Алатау кенті) жұмысына ғана жетекші әлемдік компаниялар тартылған және Microsoft, Newlett Packard, Siemens, Cisco Systems, Tales, LG, Oracle, Sun Microsystems, Samsung – пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған.
Негізгі қорытынды: Қазақстан ғылымы мен инновациялық әзірлемелерге шетел инвестицияларын тарту деңгейі 3%-дан аз көлемді құрайды, бұл толық инновациялық циклді қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып саналады.
Үшінші міндет – ғылыми мекемелердің зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру.
Қазақстандық технологиялық парк белгілі бір дәрежеде ғылымның, білім беру мен өндірістің аумақтық ықпалдасу формасын білдіреді. Бүгінгі күнге іс жүзінде барлық технопарктерде ғылыми және жобалау – конструкторлық ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелері шоғырландырылады. Бірақ та он технопарктің үшеуі ғана ЖОО-лардың аумақтарында орналасқан, ал қалғандары ірі өнеркәсіп кәсіпорындары жанында орналасқан, сол мезгілде елдің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс технопарктердің жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті мен қажетті тұрақтылық деңгейін қамтамасыз еткен болар еді.
Негізгі қорытынды: қазақстандық технопарктер елдің ғылыми бастамаларын ішінара ғана жүзеге асырады, негізгі әлеует іске қосылмаған қалпында қалуда.
Төртінші міндет – менеджмент саласында кадрлар даярлау.
Инновациялық менеджмент саласындағы қазақстандық мамандар даярлауды көптеген оқу орталықтары мен компаниялар жүзеге асырады, бірақ та, әлемдік тәжірибеге сәйкес, бұл қызмет технопарктерде, қажетті дамыған инфрақұрылымдары бар және кәсіпкерлік деңгейі жоғары қолайлы орындарда қалыптасуы тиіс.
Негізгі қорытынды: отандық технологиялық парктер әлемдік стандарттарға сәйкес мамандар даярлау міндеттерін орындамайды.
Бесінші міндет – ғылыми зерттеу және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жасауды ұйымдастыру.
Шетелдік технопарктер мен Қазақстанның технопарктері арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде. Іс жүзінде бүкіл отандық технологиялық парктер коммуникациялық инфрақүұрылымдарды дамыту үшін жағдай жасайды.
Мәселен, ғылыми-техникалық парк «Алтай» Қытайдың және Ресейдің технопарктерімен белсенді және жемісті ынтымақтастық жасайды, сондай-ақ Индияның, Германияның және Малайзияның осындай шетелдік технологиялық парктерімен шығармашылық байланыстар орнатылған.
Негізгі қорытынды: Қазақстанның технопарктері белгіленген міндеттерге сәйкес келеді және өндірісті жаңғырту және оны бәсекеге қабілеттілік деңгейге дейін көтеру мақсатымен тәжірибе алмасуға оң ықпал етеді.
Тұтастай алғанда, таяуда ғана енгізілгендігіне қарай, отандық технопарктер, табысты дамушы технологиялық парктер орындайтын міндеттерді шешуге әлі қабілетті емес. Мұнан өзге, қалыптасқан жағдайлар бірқатар келесі проблемалармен байланысты:
· ғылыми-технологиялық дамудың стратегиялық маңызды бағыттары бойынша зерттеулерді күрт қысқарту;
· кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін төмендету;
· мамандардың және зияткерлік меншіктің шетелге жылыстауы.
Бұл, өз кезегінде, инновациялық процестерді басқаруға кешенді, жүйелік тұрғыдан келудің болмауына, елдің инновациялық әлеуетін жүзеге асыруды ұстап тұруға және соның салдары ретінде, онсыз инновациялық қызметті толыққанды дамыту қиындай түсетін, құрылған технологиялық парктердің тиімді жұмыс істеуін төмендетуге әкелді.
Осымен байланысты, қазақстандық технопарктер бепте-бет келетін заманауй проблемаларды айқындау және предметтік талдау қажеттілігі туындайды. Бұл ретте, проблемаларды олардың қазақстандық технопарктерге ықпал ету дәрежелері бойынша құрылымдаған дұрыс болып саналады, атап айтқанда:
· мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыру шеңберінде технопарктердің жұмысына жанама әсерін тигізетін, жалпы;
· технопарктердің қызметіне тікелей жағымсыз әсер ететін, өзіндік проблемалар
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |