Читайте также:
|
|
Инвестициялық саясатты қалыптастыруда мемлекет негізгі рөл атқарады, олардың экономикалық маңызы:
- инвестициялық саясат қалыптастыру және соның негізінде дамудың жалпымемлекеттік жоспарларын және инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу;
- өңірлік, жергілікті, салааралық, салалық, жекелеген фирмалар, бірлестіктер, кәсіпорындар деңгейлерінде жалпымемлекеттік инвестициялық бағдарламалар, индикативтік жоспарлар әзірлеу;
- инвестициялық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық ұдайы өндіріске бағдарламалар мен жоспарлардың бүкіл жүйелерін енгізуден көрінеді.
Осы үш аспекті саясат пен экономиканың органикалық бірлігін құрайды. Өйткені «саясат экономиканың байытылған (топтастырылған) түрде көрсетілуі», өйткені инвестициялық саясат инвестициялық процестерді қалыптастыра отырып, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды. Инвестициялық саясат, біріншіден, өндірістік процестермен айқындалады, екіншіден – оларға ықпал етеді. Инвестициялық саясаттың қандай деңгейде жүзеге асырылатына қатысты, оны: халықаралық – мегадеңгейдегі; ұлттық (мемлекеттік) – макродеңгейдегі; жекелеген фирмалардың инвестицялық саясаты – микродеңгейдегі деп бөлуге болады. Одан әрі қарай олардың әрбірі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Енді оған толығырақ тоқталып көрелік.
Инвестициялық стратегияны қалыптастыру кезінде мақсаттардың алдыға қойылысы туралы мәселе маңызды болып саналады. Бұл ретте, келесі талаптарды сақтау көзделеді: алдыға қойылған мақсаттар айқын тұжырымдалған болуы қажет; жалпымемлекеттік әлеуметтік-экономикалық мақсатты айқындамаларға қайшы келмеуі тиіс; шектеулер уақытша болуы тиіс.
Алдыға қойылған стратегиялық мақсаттарға жету үшін экономикада әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Біз, инвестициялық стратегияның қандай да бір нақты кезеңіндегі мақсаттарға жету мен міндеттерді шешуге бағытталған экономикалық-саяси қызметтің тәсілдері мен әдістерінің, формаларының жиынтығын инвестициялық тактика ретінде түсінеміз. Мемлекеттің инвестициялық стратегиясын, мемлекет инвестициялық ресурстарды бөлудің негізгі субъектісі, инвестициялық процестердің реттеушісі және бақылаушысы ретінде қатысатын, инвестициялық стратегиялар мен тактикаларды қалыптастыру арқылы көрінетін қатынастардың күрделі және тұтас жүйесі түрінде көз алдыға елестетуге болады.
Дүниежүзілік тәжірибеде инвестициялық саясат ел экономикасына инвестициялар тарту мен пайдаланудың динамикасы, құрылымы және тиімділігі бойынша принципті түрде өзгешеленетін экстенсивті және интенсивті болып ажыратылады. Инвестициялық саясаттың экстенсивті түрі жағдайында капиталды жинақтау және өрістету негізінен өндірістік активтердің техникалық деңгейін түбегейлі өзгертусіз жүзеге асады. Интенсивті инвестициялық саясат инновациялық процестердің басым болуы, ең жаңа технологиялар мен техниканы қолдану жағдайында капитал тарту мен оны пайдалануды білдіреді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің инвестициялық саясаты тұтастай алғанда инвестициялық саясаттың интенсивті түрі бойынша дамуы тиіс.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты сыртқы және ішкі саясатқа бөлінеді. Мемлекеттің сыртқы инвестициялық саясаты – шетел инвесторларының отандық экономикаға сол сияқты ұлттық инвесторлардың шетелге инвестиция салуы ретінде, шетел инвестицияларының құрылымдары мен ауқымдарын айқындау түрінде мемлекет жүргізетін, сыртқыэкономикалық саясаттың бір бөлігі. Оның өзіндік ерекшелігі сыртқыэкономикалық саясаттың мазмұны мен мақсаттарына, атап айтқанда, оның басымдықтарына, экспорттық және импорттық саясат арасындағы арасалмаққа қатысты болады. Елдің сыртқы инвестициялық саясаты капиталдың құйылуы мен сыртқа жылыстауын реттеуді, ынталандыруды, сондай-ақ оған бақылау жасауды қамтиды.
Капиталдың тиімділігін барынша арттыру, реттеу саясатының негізгі мақсаты болып саналады. Ынталандыру саясаты барынша көп көлемде инвестициялар тартуға бағытталған, яғни мұнда оның сапалық жағы емес, сандық жағы маңызды болып саналады. Капиталдың құйылуын бақылау саясаты отандық экономиканы дүниежүзілік капитал нарығындағы сілкіністерден және тұрақсыздықтардан қорғауға бағытталған. Азиядағы қаржылық дағдарыстан кейін осындай саясат ерекше өзектілікке ие болды. Аталған саясат отандық нарықты халықаралық алыпсатарлық (спекулятивтік) саясаттан қорғауға мүмкіндік береді.
Елдерден капиталдың «қашуына» жол бермеу капиталдың жылыстауын бақылау саясатының негізгі мақсаты болып саналады. Әлемдік теорияда превентивтік және уақытша бақылау болып бөлінеді. Превентивті бақылау, елдер төлем балансының тапшылығы сезілсе де, ұлттық валютаны девальвацияламаған жағдайда белгіленеді. Превентивті бақылау әртүрлі формаларда қатысады, ең алдымен бұл: шетелге аударылмаған қорларға, пайдаларға салық салу, қосарлы валюта бағамдарының жүйесін енгізу (капитал шоттары бойынша мәмілелер үшін бағамның төмендігі), шетелге капитал аударуға тыйым салуды белгілеу. Мұндай саясат, әлемдік тәжірибе дәлелдеп отырғандай, тиімді емес. Мәселе мынада: жеке сектор заңды және заңсыз жолдармен бақылауды болдырмау және шетелге капитал аудару жолдарын табады. Мұнан өзге, осындай бақылау енгізу сыбайлас жемқорлықтың (коррупцияның) дамуы мен өркен жаюы үшін қолайлы негіз жасайды, әсіресе, егер инвесторлар қаржыны оффшорлық аймақтар арқылы шығаруға ұмтылатын болса.
Превентивті бақылаудың өзге бір формасы – уақытша бақылау дағдарыс жағдайларында ғана қолданылады. Осындай саясат қаржы секторын қайта құрылымдау арқылы экономиканы сауықтыруға жәрдемдеседі. Экономистер, аталған саясатты қолдау салдарларын бағалау әлі ерте деп есептейді. «Сонымен бірге алдын-ала қорытындылар көрсеткендей, ортодоксалды экономистердің қауіптенулеріне қарама-қарсы уақытша бақылау елеулі шығындар әкелген жоқ».
Шетел капиталының толассыз ағындарын реттеу саясаты әртүрлі инвестициялық тәртіптер (режимдер) енгізуді және мемлекеттік кепілдіктер енгізуді және мемлекеттік кепілдіктер жүйесін қамтиды. Әлемдік тәжірибеде келесі инвестициялық тәртіптер (режимдер): көбірек қолайлы жағдайлар туғызу тәртібі; ұлттық тәртіп; әділетті және теңқұқылы тәртіп аражігі ажыратылады.
Бүкіл шетел инвесторларына бірдей бәсекелестік артықшылықтар беру көбірек қолайлы жағдай жасау тәртібінің мәні болып табылады. Әлемдік тәжірибеде, аталған тәртіптен белгілі бір ерекшеліктер берілетін кездер, атап айтқанда жалпы жоспардан келісімдер мен шарттарда қосымша ескертілгендерді алып тастау жағдайлары бізге белгілі. ҚХР тәжірибесі оның неғұрлым айқын мысалы болып саналады. Осы елдің заңнамасында жазылғандай, «кеден одағы, еркін экономикалық аймақ, экономикалық одақ құру туралы кез келген келісім немесе қосарлы салық салуды болдырмау туралы, сондай-ақ шекара маңындағы сауданы ынталандыру туралы келісім ерекшеліктер» болып саналады. Мексикада көбірек қолайлы жағдайлар жасау тәртібінен ерекшеліктер, солтүстік америка еркін сауда аймағы туралы Келісім күшіне енгенге дейін елдер қол қойған бүкіл екі жақты және көпжақты келісімдерге қатысты қолданылады және оған авиация, балық аулау, теңіз кеме шаруашылығы, телекоммуникациялар, өндіріс, сату және радиотеледидар бағдарламаларына лицензия беру жатады.
Шетел инвесторларына мемлекеттік кепілдіктер беру, реттеу саясатының құрамды бөлігінің бірі болып саналады. Капиталдың рециепиент-елі шетел инвесторларына заңнамалық тәртіпте олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Әлемдік тәжірибе мемлекеттік кепілдіктердің келесі негізгі формаларын бөліп көрсетеді: заңнамалық тәртіпте ұлттық тәртіпті белгілеу; экспропорциялаудан, мүлікті мемлекет қарамағына алудан (национализациялаудан) қорғау; пайдаларды және өзге кірістердің түрлерін кедергісіз аудару; шартқа қол қойғаннан кейін қабылданатын заңнамалардағы өзгерістерден инвесторларды қорғау.
Шетел инвестицияларын тартуды ынталандыру саясаты капитал ағындарының бағытына, көлеміне әсерін тигізеді. Соңғы он жылды талдау, аталған саясатты жүзеге асырудың үш негізгі бағытын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл белсенді жарнама науқанын жүргізу жолымен реципиент-елдің имджін жасқарту. Осы айтылғандар, мемлекеттердің әртүрлі халықаралық акцияларға, форумдарға, саммиттерге және т.б. қатысу жолымен, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс бағыттарының аса көп шығындарды талап ететіні табиғи болып саналады, осымен байланысты белсенді жарнама науқаны («инвестмент-промоушн») басты түрде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл мемлекеттің шетел капиталын жан-жақты қолдауы және жәрдемдесуі. Ынталандыру саясатының осындай бағыттары қызметтер көрсетудің толық пакеті: консалтингтік қызмет көрсетулер, әртүрлі әкімшілік қағазбастылықтарды (формалдылықтарды) жою, тіркеу тәртібін оңайлату және т.б. формаларда қатысады. Үшіншіден, инвесторларға әртүрлі жеңілдіктер беру.
Ішкі инвестициялық саясаттың сыртқы экономикалық саясаттан өзгешелігі, ішкі капитал ағындарын реттейді. Инвестициялаудың басым бағыттарын айқындау, отандық инвесторларды ынталандыру, ішкі инвестициялық сұраныстың өсуін қамтамасыз ету, институционалдық инвесторлардың тиімді бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру, инвестицияларға жинақтардың трансформациялануын қамтамасыз ету оның негізгі мақсаты болып саналады.
Инвестициялық саясат макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі болып саналады. Сонда, бұл, инвестициялық саясат, микродеңгейде болатын қатынастарды қалыптастырмайтынын және реттемейтінін білдіре ме? Инвестициялық саясатқа инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі, бәсекелестікті ынталандыру жөніндегі, өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі проблемалар кіреді, яғни тұтастай алғанда ұлттық жүйе шеңберінде жұмыс жасай отырып, микродеңгейде орын алған процестерді реттейді. Бұл жерде әрбір микробірліктің өз микросаясатын қалыптастыратынын және жүзеге асыратынын атап өту қажет.
Инвестициялық нарық субъектілерінің ұлттық экономикалық тәртібінің ерекшеліктері, сондай-ақ «инвестициялар» категорияларының және экономикалық теорияның өзге категорияларының (мысалы, инвестициялар және жиынтық өнім, пайыз және инвестициялық белсенділік деңгейі, инвестициялық сұраныс және ІЖӨ) себептік-салдарлық байланыстарының жекелеген формалары, сондай-ақ мемлекеттің рөлі мен оның инвестициялық процестерге араласу дәрежесі, мемлекеттің инвестициялық саясатын талдаудың мәні (предметі) болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы, сол сияқты кез келген өзге мемлекеттегі инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні, «киттер» деп аталатын, келесі бірқатар ережелерді сақтау болып табылады:
1) Экономикалық қауіпсіздік. Бұл жерде елдің сыртқы қарызының өсуіне және елдің сауда балансының пассив сальдосына шетелдің банктік және мемлекеттік несиелерін тарту мен пайдаланудың тигізетін әсері қадағалануы тиіс. Халықаралық ссудалық капиталға тікелей шетел инвестицияларына артықшылық беру принципі аталған принциптің негізіне жатады.
2) Экономикалық категория ретінде «инвестициялардың» мәнін айқындау. Әлемдік тәжірибеде «инвестициялар» түсінігіне көптеген анықтамалар беріледі, әрі әрбір ел ұлттық ерекшеліктеріне қатысты «инвестициялар» категориясына өзінің экономикалық түсініктемелерін қалыптастырады. Оған «инвестициялар» категориясының экономикалық түсінігінің анықтамасы ғана емес, сонымен бірге олардың жіктеуі де кіреді.
3) Мемлекеттің инвестициялық міндеттерін жүзеге асыру. Шетел және отандық инвестициялар ағыны және оны пайдалану – мемлекет реттейтін, негізінен, орта және ұзақ мерзімді перспективада макроэкономикалық міндеттерді шешуге бағытталған процесс.
4) Барынша қолайлы инвестициялық климат жасау. Бұл жерде мемлекет елдің инвестициялық рейтингінің тұрақты көтерілуі үшін қамқорлық танытуы тиіс.
5) Шетел инвестицияларын тарту кезеңділігі мен пайдалану басымдықтары. Бұл жерде мемлекет, негізгі мақсаттар мен инвестициялық саясат басымдықтарын жаһандық техникалық-экономикалық дамудың объективті бағыттарымен қатар Қазақстан экономикасының салыстырмалы артықшылықтары негізінде қалыптастыру тиіс.
6) Халықаралық ссудалық капиталды ұлттық экономика үшін басым пайдалану. Аталған принципке сәйкес, конкурстық тәртіпте ғана жобаны бекітіп, содан кейін ғана барып жобаға несие тарту қажет. Ішкі капитал нормаларының несие құнынан асып түсуі оның маңызды шарты болуы тиіс.
7) Заңнамалық тетік. Заңнамада инвесторлардың құқықтары мен міндеттері, кепілдіктер мен олардың мүдделерін қорғау тәсілдері анық та айқын баяндалуы қажет. Қазақстанның алдында, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ететін, дамыған жүйеге іштей қайшы келмейтін экономикалық заңнамалар жасау міндеті тұр.
8) Ұйымдық және бақылау тетіктері шараларынан тұратын реттегіш принципі; транзиттік экономика жағдайында өндірістің үдемелі дамуына жағдай жасау және ынталандыру, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттің функциялары күшейе түседі. Мемлекеттің реттеу рөлінің белсенділігін арттыру кәсіпкерлік бастаманы алмастырмайды, керісінше инвестициялық сұраныстың өсуі үшін қолайлы жағдай туғызады.
9) Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталушылығы. Мемлекет «адам факторын» немесе адам капиталын инвестициялауға баса назар аударуы тиіс. Бұл басым түрде материалдық емес аяға, атап айтқанда, білім беруге, денсаулық сақтауға, мәдениетке, ғылымға жасалған салымдардың ерекше түрі. Осындай инвестициялар жеке адамның дамуын және рухани жетілуін, елдің әлеуметтік-экономикалық процестеріне жеке адамдардың шығармашылық қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Инвестициялық саясаттың жоғарыда қарастырылған мәні жалпыэкономикалық сипатты білдіреді. Сонымен бірге, әрбір жекелей алғандағы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі инвестициялық саясаттың негізгі принциптері түрлендіріліп, өзіндік белгілерге ие болып отырады. Әрбір нақты қоғамның тарихи, демографиялық, әлеуметтік-саяси дамуындағы айырмашылық осындай құбылыстың негізіне жатады.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының аса мағызды элементі болып саналады және оның мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Инвестициялық саясат елдегі нарықтық қатынастарды дамытуға, өндірісті құрылымдық қайта құруға, сондай-ақ мемлекеттік, сол сияқты жеке отандық және шетелдік инвесторлардың инвестициялық белсенділігін түбегейлі арттыруға барынша жәрдемдесуі тиіс.
Мемлекеттің макроэкономикалық міндеттерін шешуге, интенсивті құрылымдық-технологиялық қайта жаңартуларға бағдарланған мақсатты бағытталған мемлекеттің инвестицялық саясатын қалыптастыру инвестицияларды тартудағы және пайдаланудағы мемлекеттің реттеушілік және үйлестірушілік рөлін күшейтуді көздеуі тиіс. Нарықтық қатынастарға көшу, ашық үлгідегі экономика құру, инвестициялық аядағы мемлекеттің функцияларын өзгертуді талап етеді. Келесілер осындай міндеттер болуы тиіс:
- елдің экономикалық даму басымдықтарын айқындау;
- республикалық, сол сияқты өңірлік деңгейлерде, елдің мемлекеттік стратегиясын әзірлеу;
- ұлттық экономика үшін басым инвестициялық жобалардың тізбесін айқындау;
- мемлекеттің орталықтандырылған инвестициялық ресурстарының мақсатты бағытта және рационалды бөлінуін қамтамасыз ету;
- институционалдық инвесторлардың қалыптасуы және дамуы үшін жағдай жасау;
- инвестицияларды қорғау және сақтандыру жүйесін құру;
- жинақтарды инвестицияларға трансформациялау;
- ішкі инвестициялық сұраныстың өсуін қамтамасыз ету.
Елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің құлдырауын және оның әлемдік нарықтың шикізат қосымшасына (придатік) айналуын болдырмау мақсатында мемлекеттің инвестициялық саясаты ұлттық мүдделерді ескере отырып, отандық инвесторларға тірек жасауы тиіс.
Қазақстанның инвестициялық саясаты қазіргі уақытта:
- экономиканың өңірлік секторын дамытуға;
- корпоративтік бағалы қағаздар нарығын дамытуға;
- агроөнеркәсіп кешеніне (аграрлық өндіріс, өңдеуші өндіріс, ауылшаруашылық машина жасау, ауылшаруашылығы үшін химиялық препараттар жасау, жаңа технологиялар енгізу және ауылшаруашылығы үшін кадралар даярлау, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту үшін инфрақұрылымдарды дамыту);
- әлемдік стандарттар деңгейінде тұтыну және инвестициялық тауарларын шығаруға;
- экспорт әлеуетін нығайтуға;
- биотехнологиялық төңкерісті, авиа ғарышты, табиғи газды, ядролық және күн қуатын, күнделікті компьютерлендіруді, жасанды интеллект жүйесін дамытуды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымдарын және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға;
- импорталмасу өндірісін дамытуға бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар инвестициялық саясат экономиканың салалық деңгейімен шектелмеуі тиіс және оны өңірлік аспектіде қарастырған дұрыс болып саналады. Неғұрлым дамыған және тоқырауға ұшыраған өңірлерді анықтап осылардың негізінде әртүрлі өңірлік инвестициялық бағдарламалар әзірлеу қажет (мысалы, неғұрлым қолайлы инвестициялық климат орнықтыру, еркін экономикалық аймақ деп жариялау, басым бағыттарда өңірлік инвестициялық ресурстарды шоғырландыру).
Мемлекеттің бюджет тапшылығы жағдайындағы инвестициялық стратегия инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік, аралас және жеке институттар құруды болжайды. Мемлекеттік инвестицияларды жұмылдыру аясы инвестициялық стратегияда анық айқындалған болуы тиіс. Мемлекет, оның дамуы жеке инвестордың іскерлік белсенділігінің өсуін қамтамасыз ететін аяларды қаржыландыруы қажет. Бұл өндірістік инфрақұрылымдардың инвестициялық жобалары (көлік, байланыс, жолдар), әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар, жаңа өндіріс үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау, НИОКР-ды қаржыландыру болуы мүмкін. Біздің көзқарасымыз бойынша мемлекеттік бюджетті (республикалық және өңірлік) екі бөлікке: тұтыну бюджетіне және экономиканы дамыту бюджетіне бөлу тиімді болып саналады. Экономиканы дамыту бюджетінің қаражаты:
- неғұрлым маңызды және перспективалы жобаларды инвестициялауға бағытталуы;
- шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің коммерциялық банктерден несие алу кезінде кепіл ретінде қатысуы;
- инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру түрінде пайдалануы мүмкін.
Бюджет қаражатының тапшылығы жағдайында мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыру кезінде жеке инвесторды дамытуға ерекше назар аудару көзделеді.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банктің шараларын әзірлеу кезінде кешенділік, негізділік және қарама-қайшылықты болмау принциптерінің сақталмауы инвестициялық белсенділікті арттыру жолындағы түбегейлі кедергілер болып саналады. Соның салдарынан инвестициялық саясат, нақты секторды қалпына келтіру және дамыту басымдықтарының өзгеруіне қарамастан, оның тиімділігі неғұрлым төмен болады. Сондықтан да одан шығудың жолы сапалық жағынан жаңа инвестициялық стратегия әзірлеу болып санлады:
- селективтік тәсіл негізінде мемлекеттің үйлестірушілік және реттеушілік рөлін күшейту;
- басымдықтарды айқындау салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтармен, сол сияқты жаһандық техникалық-экономикалық дамудың өзекті бағыттарымен байланысты болуы тиіс. Капитал құйылатын жаңа каналдар жолын табуға оң ықпал ететін, инвестициялық процестердің тиімділігін арттыратын және шектеулі инвестициялық ресурстар жағдайында экономикалық өсуді қамтамасыз ететін инновацияларға салынатын инвестициялар мен жоғары технологияларға бірінші кезекте маңыз берілуі қажет;
- бүгінгі күні республикада, қуатты өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие, республиканың шапшаң дамуын қамтамасыз ете алатын бірқатар ірі кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Солармен қатар нарықта, материалдық-техникалық базасы әлсіз және инвестициялық ресурстары тапшы болып саналатын шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс жасайды.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, шағын және орта бизнес үлкен экономикалық әлеуетке ие, бұл ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік тізбегінде олардың орнын міндетті түрде айқындауды талап етеді:
- жалпы қорлануды әлемдік деңгейде қамтамасыз еткенге дейін, яғни ІЖӨ-нің 15-20%-на дейін ынталандыру;
- экономиканың нақты секторындағы бүкіл сақталатын ресурстарды капиталға айналдырудың өсуіне жәрдемдесу, жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) жинақтарының бүкіл түрлерінің өндірістік аяда инвестицияларға трансформациялануы бойынша қажетті жағдайлар жасау;
- мемлекеттік инвестициялар есебінен жалпымемлекеттік маңызы бар ірі маңызды инвестициялық жобаларды ғана қаржыландыру (ең алдымен НИОКР-ға жұмсалатын шығындар, ғылыми-зерттеу, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай ақпараттық орта құру);
- инвесторлардың мүдделерін қорғау жүйесі мен заңнамалық базаны жетілдіру жолымен институционалдық инвесторлар нарығының қалыптасуы мен дамуын ынталандыру;
- қор нарығының дамуын ынталандыру. Қаржы ресурстарының өндірістік инвестицияларға трансформациялануында корпоративтік бағалы қағаздар нарығының рөлін күшейту;
- инвестициялық саясаттағы инновациялық, өнеркәсіп, құрылымдық және салық саясатының шектесетін нүктесін айқындау және оларды мемлекеттің макроэкономикалық міндеттерін шешуге бір арнаға бағыттау.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 143 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |