Читайте также: |
|
Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi;
5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;
11-1) алынып тасталды - ҚР 2009.07.11 № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
13) алып тасталды.
14) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымның қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
15) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийiн құру және жүргiзу қағидаларын бекітеді;
16) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
17) техникалық регламенттерді бекітеді;
18) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;
19) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшiн жою тәртiбiн белгiлейді;
20) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды;
21) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiтеді;
22) тауардың шығарылған елін айқындау және тауардың шығарылуы туралы сертификат беру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
23) өнiмдi таңбалау тәртiбiн белгiлейді.
Стандарттау саласында:
1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;
2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
7) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
10) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.
Сәйкестiктi растау саласында:
1) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегі сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;
3-1) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.
Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 № 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |