Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық, өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, қағидалар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң және ұйымдардың стандарттары қолданылуы мүмкiн.
2. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын ұлттық стандарттар ретiнде қолдану үшiн:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы қажетті талаптар болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының шарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сiлтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестiрiлген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.
5. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану түпнұсқаларды ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгіленген талаптарға қайшы келмеген, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмаған жағдайда, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты осындай халықаралық, өңірлік стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттарына қолданылмайды.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 166 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар | Бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi | Бап. Уәкiлеттi органның құзыретi | Бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар | Бап. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры | Бап. Техникалық регламенттердiң мазмұны | Бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi | Бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау | Бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары | Бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав