Читайте также: |
|
1. Ұлттық стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе техникалық регламенттерде бұл туралы нұсқаулар қамтылған болса, міндетті болып табылады.
2. Ұлттық стандарттар:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына және қажет болған жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар;
5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнiмге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттар болып бөлiнедi.
3. Негiзге алынатын ұлттық стандарттарды өз құзыреттері шегінде уәкiлеттi орган және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қызметінің негізгі нысанасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатын стандарттау жөніндегі ұйымдар әзірлейді.
4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы стандарттар ұлттық стандарттарды әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады.
5. Ұлттық стандарттарда:
1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгi жөнiндегi қажеттi талаптар;
2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтердi жiктеуге қойылатын талаптар;
3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнiм, көрсетiлетiн қызметтер сапасының деңгейін айқындайтын олардың тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою қағидалары;
7) сапасы мен қауiпсiздiгін сынау әдiстерi;
8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) менеджмент жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ететiн өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен қағидалар белгiленуi мүмкiн.
6. Ұлттық стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 91 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |