Читайте также:
|
|
Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық регламенттер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтауға;
4) мемлекеттiк бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
Бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
Бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары
Егер мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеткiзуге құқығы бар.
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ, ОЛАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ
АДАМДАРЫНЫҢ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗAҢHАМАСЫН
САҚТАМАҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
Бап. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауаптылығы
1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттiк органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;
2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 119 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |