Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 3 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

 

14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу

Тарихи практикада кез-келген елде қызметтің дамуы мемлекеттік-құқықтық институттармен ретеліп отыратынын көрсетеді. Бұл жағдайда мемлекет заңның механизміне және қыспаққа алатын органдарға сүйене отырып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы қызметті реттейтін, сервистік активті субъектілер арасындағы бәсекелестік ережелерін тапсыратын, ана немесе өзге қызмет түрлерін монополизация жасайтын кәсіпкерлердің мүмкіндігін шектейтін ерекше аппарат болып саналады. Осының арқасында мемлекеттік-құқықтық жүйе қоғамдағы тұрақтылықты, экономика процесіндегі дағдарысты және қоғамдық практиканы реттеуде, оларды бір ағынға ауыстырып отыруға мүмкін болды Соңғы жылдары туристік бизнес сферасы жаңа сапалы кезеңге аяқ басуда. Туристік қызметті халқаралық құқықтық реттеу бұл нарық механизмінің жұмыс жасау шарттарымен, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық басымдылықты жүзеге асыруды және туристік сфераның дамуының бірыңғай концепциясын жасап шығару үшін мемлекеттің иелікетуші субъектілер мен нарықтың конъюктурасын қамтамасыз ету. Бұл құрамында туризмнің дамуын реттеудегі мемлекеттік саясатын жасап шығару процесін, оның мақсатын негіздеу, тапсырмалар, негізделген бағыттар, оны өткізудің құралдары мен жолдарын қамтитын ауқымды процесс.

Реттеудің функцияларын жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі туризм сферасының түрлі субьектілері мен сервисінің шаруашылықы ынталандыратын немесе шектейтін мемлекет тарапынан керекті нормативті құқықты актілерді жасап шығару.

 

15.Уәкілетті органның құзыреті.

Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;

2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;

4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес турагенттік және туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;

 

8) Туристік қызмет нарығында бәсекелестікті күшейтуге көмектеседі,меншіктік формасына қарамастан туристік қызметтегі барлық субъектілерге бірдей жағдай қалыптастырады;

9) техникалық реттеудегі уәкілетті органмен біріге отырып, стандарттау сұрақтарын реттейді;

10) туристік қызметке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларының және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қадағалайды;

11) туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарға туристік қызметтің субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар бойынша методикалық және консультациялық көмек көрсетеді;

 

16.«Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «ҚР туристік қызмет туралы» заңынан. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
2) археология ескерткіштері

3)ансамбльдер.
2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;
3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.

 

17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.

Шарттық қарым қатынас бұл дегніміз 2 жактын өз ара келісуінің нәтижесіндегі іске асады. Ол қағаз күйінде шарт жасасып сол бойынша келисім көрсетіледі.Мысалы туризм саласы бойынша алып карастыратын болсақ, Германия мемлекеті 3 айдың ішінде бизге 1400 турист жібереміз деп шарт жасасты,біз соның нәтижесінде бірнеше туристік орындар дайындалып табыс түседі деп күтіледі. Егер сол туристердің саны жетпей немесе мүлдем келмесе онда Қазақстан мемлекеті шартта көрсетілген міндеттемелер бойынша ол мемлекеттің Қазақстанға кіруіне рұқсат берілмеуі мумкин немесе туристик максатпен келсе оларга кызметтің бағасы 2 есе болуы мумкин.

Құқықтық қарым-қатынас – құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас – жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды

 

 

18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;

3) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады;

5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:

туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;

туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;

6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

 

 

19.Көлік туралы заң

Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
1 бөлiм. Жалпы ережелер

1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдау – тарифтердің қолжетімді деңгейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билiк органдарының атынан);
3) көлік инфрақұрылымы объектілері – теміржол, трамвай жолдарын, жеңіл рельстік, монорельстік жолдар мен ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, байланыс, навигация және көлік құралдарының қозғалысын басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбырды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
4) көлiк кәсiпорны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасайтын, жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдау, көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнiндегі қызметпен айналысатын заңды тұлға;
5) көліктік логистика – тасымалдың (тасымалдаудың) әрбір кезеңінде жүктер қозғалысының мониторингін қамтитын, әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) пайдалана отырып, оңтайлы маршрут бойынша жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейінгі тасымалды (тасымалдауды) жоспарлау және басқару жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара байланысты іс-қимылдарының жиынтығы;
6) Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан Республикасын19ың аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
7) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
8) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
9) тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған лицензиясы немесе белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
10) тiкелей аралас қатынас – бiрыңғай көлiк құжаты бойынша әртүрлi көлiк түрлерiмен жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау;
11) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Көлiк туралы заңдар

Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн көлiк құралдары мен олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiн техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi (бұдан әрi - қауiпсiздiк) қамтамасыз ету тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнде қолданылатын, белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн және көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк актiлерде айқындалады.

 

20.Туризм жөнінде кеңес.

Туризм жөніндегі кеңес ҚР басқармасының консультативтік кеңестік ұйымы ретінде құрылады.

Туризм жөніндегі кеңес құрамына 15 мүше кіреді: 7уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдар, 8 ассоциациялар мен басқа да біріккен ұйымдар.

Туризм жөнінде кеңес:

Туризмнің дамуы жөнінде, экономика саласына инвесторларды тарту, ҚР аумағында және шетелге шығушы туристерге жағдайлар жасау, республикалық туристік имидж қалыптастыру, облыста туристік мамандар даярлау жөнінде сұрақтарды шешу;

Мақсатты ақпараттық тұтынушылар үшін туристік қызметте туристік ұйымда қызмет сапасы жөнінде тәртіптілік бекіту;

Туризм жөнінде кеңес жағдайы ҚР облыстарындағы туристік даму жөніндегі уәкілетті органдарда бекітіледі.


 

21. Туризмреттеушінормативтікқұқықтықбаза

Туризм реттеуші нормативтік құқықтық база

ҚР туристік қызмет туралы заңнамасы ҚР Конституциясы негізіндегі құрамына ҚР заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері кіретін ҚР Азаматтық кодексінен тұрады. Егер халықаралыө келісім шартта ҚР туристік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған ҚР ратифицироваланған басқа да заңдары негізінде қаралса, халықаралық келісім шарт ережесі негізінде жүзеге асады.

Туристік бизнестегі турпакет құрамына кіреді: транспорт, тамақтандыру, орналастыру, кеңестік қызмет және т.б. Мұнда туристік қызметті реттеуші көптеген нормативтік құқықтық документтер болады.

Мысалы, виза алу сұрақтарын реттеуші административтік заңнама, валюталық заңнама–есеп айырысу формасы, кедендік– шекарадан тауар өткізу ережелері. Туристік қызметті сертификаттау ҚР мемлекеттік стандарттық нормативтік актілерін, туристік қызмет заңнамасын мемлекеттік антимонополды органдары тұтынушылар құқығы сферасында қолданады.

ҚР туристік қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері келесідей нормативтік құқықтық актілерден тұрады:

• 1995 жылдың30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясы;

• «ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылдың 13 маусымындағы №211 ҚР заңы;

• 2007-2011 ж.ж туризмді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама;

• ҚР туризмді дамыту концепциясы;

• «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы (2007 ж 12 қаңтар);

• «Стандарттау», «Өнім мен қызметті сертификаттау туралы» заң;

• 2007 ж 11 маусымдағы №481 «туроператор мен турагенттік қызметіне, туризм инструкторлары қызметіне талап қоятын лицензиялау және квалификациялық талаптарын бекіту ережелері туралы» ҚР басқармасы қаулысы.

• 2010-2014 жж Қазақстан Республикасында туризм индустриясының перспективті даму бағдарламасы;

• «ҚРда қонақ үй қызметтерін ұсыну» жөнінде ҚР Үкіметінің қарары;

• ҚР мемлекеттік стандарт қарары «мемлекеттәк стандарттауды сертификаттау жүйесі. Туристік қызмет пен қонақ үй қызметін сертификаттау шарттары.»

• Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министірлігінің нормативті-құқықтық актісі;

2002 г. Желтоқсанына дейін Қазақстан республикасында туристің қызмет келесі халықаралық және қазақстандық заңнама, актілермен, үкіметаралық келісімдермен, халықаралық үкіметтік емес туристің ұйымының кжатуарымен реттеді:

1.Туризм хартиясы. 1985 ж мақұлданған. Дниежүзілік туристік ұйымныі Бас ассамблеясының VI сессиясында.

2.Туризм жайлы Парламентаралық Гаага декларациясы. Гаага, 10-14 сәуір 1989 ж.

3.Шекаралық аймаққа шығу үшін рұқсат алу жолдары мен шарттары. 1994ж 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігі қаулысымен қабылданды. №92.

4.Қазақстан Республикасының «халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жайлылығы» туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 8 мілде 1994 жылғы №110-XIII нұсқауы.

5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы транспорт» туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 21 қыркүйек 1994ж №156-XIII нұсқауы.

6.Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуі жайлы нұсқауы. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің 1994ж 31 қазан №286 бұйрығымен қабылданды.

7.Ташкентік декларация, 21 қазан 1996 ж.Ташкентте Азербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасының президенттері қол қойды.

8.Қазақстан Республикасының президентінің «түркітілдес халықтарының Ташкент декларациясын іске асыру, ДТҰ мен ЮНЕСКОның Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек Жолы инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру» бұйрығы. 30 сәуір 1997 ж. № 3476.

9.1997 жылдың 7 шiлдесiндегi "Қазақстан Республикасында Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша Юнеско және ВТО ның Ташкент декларациясы бойынша iске асырылу туралы жобасы" Қазақстан республикасының Президентінің жарлығының iске асырылуы бойынша шаралар туралы Қазақстан республикасының үкiметiнiң қаулысы.№ 1067.

10. 1998 жылдың 27 ақпанындағы 3859 бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы "Жiбек жолының тарихи орталықтарының қайта тууы, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасының сақтауы және мирасқорлықты дамытуы, туризм инфрақұрылымын жасау"

11. 1998 жылдың 10 тамызындағы "Жiбек жолы - Қазақстан" Ұлттық серiктестiк "Акционерлiк қоғам туралы" Қазақстан республикасының үкiметiнiң №758 қаулысы

12. 1998 жылдың 28 қазанындағы қабыданған "Жiбек жолының тарихи орталықтарының қайта тууы, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасының сақтауы және мирасқорлықты дамытуы,сонымен бірге туризм инфрақұрылымын жасау" жайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасының iске асыруы бойынша шаралардың жоспары туралы "ҚР үкiметiнiң №1096 қаулысы

13. Туризмның глобалдi әдеп кодексi. 27 қыркүйектiң Бүкiләлемдiк туристтiк ұйымының бас ассамблеясының он үшiншi сессиясында қабылданған - 1999 жылдың 1 қазаны.

14. Қазақстан республикасының виза беру реті туралы нұсқау. 2000 №65 жылдың 11 шiлдесiнiң Қазақстан республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң бұйрығы бойынша және 2000 жылдың 11 шiлдесiнiң Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрығымен нығайтылған. №388

15. 2000-2003 жылдарға Қазақстанның туристік имиджының құрастыру бойынша шаралардың жоспарын бекiтуi туралы. № 1604-шi 2000 жылдың 26 қазанындағы қабылданған Қазақстан Республикасының үкiметiнiң қаулысы.

16. 2000 жылдың 30 қазанындағы қабылданған "Туризм бойынша Координациялық кеңестің құрылуы туралы" Қазақстан Республикасының үкiметiнiң № 1631 қаулысы.

17. 2000 жылдың 27 қарашасындағы қабылданған Алматы қаласындағы " Жiбек жолы" атты жыл сайын өтетін халықаралық фестивальнiң ұйымдастырылуы туралы" Қазақстан Республикасының үкiметiнiң №1763 қаулысы.

18. Қазақстан Республикасының отырсының №31 хаттамалық шешімі "Қазақстан республикасының мемлекеттік программасының іске асырылуы "Жібек жолынының орталықтарын қайта жаңғырту және түркі тілдес халықтың мәдени мұрасын сақтап, мирасқорлықты дамыту.

19.Туристік саланы дамытудың ең алдыңғы шаралары.Қазақстан Республикасының 2000 жылы 29 желтоқсанда қабылданған №1947 қаулысы.

20. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың концепциясы.Қазақстан Республикасының 2001 жылы 6 наурызда қабылданған №333 қаулысымен қолдау тапты.

Отандық шаруашылықты басқарудың тарихынан қызмет көрсету саласын реттеудегі мемлекеттік-құқықтық механизмдер әрқашанда маңызды фактор болғанын,әсіресе экономикалық және қоғамдық динамизация кезінде байқалады.Бірақ айта кететін жайт бұл саланы дамытуға көбінесе туристік саланың кәсіпкерлері ғана ат салысты.

 

 

22. «Сақтандыру туралы» ҚР- сы Заңы.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы

"Егемендi Қазақстан" 2000 жылғы 22 желтоқсан N 322-323

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "уәкiлеттi
мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi
мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның",
"уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды -
Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен.

1-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы

заңдар

1. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар

Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан

Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 126 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 1 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 5 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 7 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 8 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 9 страница | лемдік Монила декларациясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав