Читайте также:
|
|
1. Туристік ақпараттық орталық ҚР басқармасымен анықталған тәртіп құру, Қазақстан және оның туристік потенциалы жөніндегі ақпараттың таралуы және қалыптасуы, туристік өнімді әлемдік туристік нарыққа және мемлекет ішінде жылжыту жөніндегі ұйым болып табылады.
2. Туристік ақпараттық орталық өзінің қызметін уәкілетті орган бекіткен шарттарға сай жүзеге асырады.
ҚР туризм дамуын реттеуші негізгі органдардың бірі ҚР туризм және спорт Министрлігі болып табылады. Министрлік өзінің қызметін ҚР басқармасының №3292006 жылдың 26 сәуірінде бекіткен заңнамасына сай жүзеге асырады.
Қазіргі таңда ҚР ТжСМ басқармасына кіреді:
- жауапты хатшы: 2007 жылы 28 қазандағы №159 ҚР Президентінің «ҚР Министерствасының жауапты хатшылары жайлы» тапсырмасына сәйкес ҚР Туризм және Спорт Министерствасының жауапты хатшысы ретінде Мусин Хобланды Нургалиевич тағайындалды.
- вице-министр: 2007 жылы 26 қыркүйектің №836 Қазақстан Республикасының Басшылығымен Ускенбаев Каирбек Айтбаевич үкімге сәйкес тағайындалған.
- вице-министр: 2008 жылы 2 ақпанның № 87 Қазақстан Республикасының Басшылығымен Ермегияев Талгат Амангельдиевич үкімге сәйкес тағайындалған.
ҚР Спорт және Туризм Министерствасы 2010-2014 жылдарғы Қазақстан Республикасының песпективті туристік индустрияның бағытталған даму программаларына сәйкес жасалып жүзеге асырылады. Оның мақсаты- Қазақстанның туристік бағыт ретінде қызығушылығын арттыру және туристік өнімнің бәсекелестікке қабілетті болуы үшін туризм индустриясын дамыту.
Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеудің қазіргі модельдерінің басқа ұлттық шаруашылық салаларынан айырмашылығы, салаларды реттеуде туристік ассоциациялармен ұсынылған қоғамдық ұйымдар қатысады.
31. Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.
Туризмді дамытудың негізін қалаушы шарттардың бірі оны туристер үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда қабылданған Этикалық туристік кодексте жарияланды.
Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезінде қабылдайтын шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, індет пен техногендік сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсіп отырған жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторлардың бірі ретінде сақтандыруды айтуға болады. Алайда мұның өзі туристің өмірін толығымен қорғайды дегенге сенім жоқ. Оған басты себеп – қаржы, яғни шетелдік аурухана қызметі құнының удай қымбаттылығы.
Жалпы біздің туризм нарығы екі жағдайда сақтандырылады. Біріншісі — туристік оператордың жауапкершілігін сақтандыру. Яғни әр туристік фирма өз қызметіне қатысты сақтандыру жасауы тиіс. Екіншісі — шетелге шығушы адамның денсаулығын сақтандыру. Ұшақтың уақытында ұшпауынан болған зардапты сақтандыру және тағы басқасы бізде есепке алынбайды. Бір сөзбен айтқанда, қауіп-қатер сақтандырылмайды. Ал әлемде күтпеген саяси, экономикалық тұрақсыздық және табиғи апат секілді түрлі келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Міне, солардан біздің отандастарымыз сақтандырылмайды. Бәрінен қызығы, сақтандыру компаниялары тұтынушысының барған жерінде соғыс, азаматтық көтеріліс секілді оқыс оқиғалар орын алса, төлем жасаудан бүтіндей босатылады екен. Ал туристік фирмалар мұндай қауіпті аймаққа қыдырып баруға болмайтындығын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарын доғарудың орнына қолда бар жолдамаларының құнын арзандатып, тұтынушылардың делебесін қоздыра түседі. Мысалы, соңғы халықаралық жағдай – Біріккен Араб Әмірліктерінде саяси тұрақсыздық орын алғанда, біздің мемлекет бұл бағытқа ұшатын ұшақтардың рейсін кілт тоқтатып тастаған. Ал арзан жолдамаға алданған жерлестеріміз Ресейдің туристік компаниялары қызметіне жүгініп, Мәскеу арқылы ол жаққа жетіп алған. Бұл арада кінә кімнен? Қауіпті аймаққа адамды арзан жолдамасымен еліткен жауапсыз туристік оператор ма, әлде «экстремал» турист пе? Мұның жауабы да сауалына сай әрқилы болуы ықтимал. Бірақ, бір анығы, қиындыққа тап болған азаматының мәселесін шешу үшін бұл арада тағы да мемлекет шығындалады. Осы жағынан алғанда, бүкіл жүкті мемлекеттің мойнына артпай, оны жарым-жартылай емес, тең жартысын сақтандырушылардың бөлісуін міндеттеу қажет секілді. Әрине, ол үшін заңнамалық нормативтегі туризм нарығындағы медициналық міндетті сақтандыру көлемін арттыру керек болады.
Елшілікте көптеген өркениетті елдер туристке сақтандыруы болмаса виза ашпайды. Ал бізде туристер полисті алу керек пе, жоқ па деген таңдау жасауға құқылы, және де бұл құжаттың қандай ауырпалық алатынын, оның неден сақтандыра алатынын, ал қандай жағдайда күші жетпейтінін түсіне бермейді.
Ең бастысы полис - ауырған кезде және оқыс оқиға кезінде жедел көмек қажет. Шетелдерде медициналық қызметтер қазақстандық бағалармен қатар қойыла алмайды, және де көптеген туристердің оларды өз бетінше төлейтін жағдайлары жоқ. Дәрігерге бірінші көріну үшін сізге 50–80 доллар (келген еліңізге байланысты) төлеу қажет болады; бір күн жату үшін — $300–1000; жансақтау қызметі үшін — $1000–1500; медико-транспорттық көмек үшін — сағатына $60–80. Берілген полисті шетелдік медициналық ұйымның қабылдауы үшін, оны шығарған сақтандыру компаниясы жақсы белгілі болуы керек. Сол себептен де сақтандыру компаниялары шетелдік әріптестердің: әлемдік атағы бар (assistance) сақтандыру немесе қызмет көрсету компаниялардың көмегін пайдалануға мәжбүрлі. Мысалыға, жақында орын алған Мысырдың Шарм-әл-Шейх курортты қаласынан жүзден аса туристер елімізге қайта алмады. Оның үстіне 2 жас бала ауырып, ақылы дәрігер шақыртуға мәжбүр болды. Яғни, туристер медициналық көмек алу үшін өз қаражатын пайдаланған болатын. Полис толықтай көмекті жаба алмады. Бұл мәселеге келетін болсақ, бір жағынан арзан полиске ынтық болған туристер де кінәлі, екінші жағынан оқыс оқиғаға тап болған туристерге көмек көрсетпеген турфирма да кінәлі. Осындай жағдай орын алған кезде, турфирма өз клиенттерімен еш хабарласпай, оларға тіпті еліне оралуға көмек көрсеткен жоқ еді. Турфирма директорының айтуы бойынша, бұл жерде қателік келіскен мысырлық авиакомпанияның табло кестесін екі мәрте өзгертіп, кейін тіпті барлық ұшақтарды қажылықта жүрген мысырлықтарды алып кетуге жіберілген дейді. Сондықтан, осындай жағдай болды. Дегенмен, турфирма олардан өз туристерін еліне уақытында алып келуі туралы талап етуге құқылы болды. Тағы бір елімізді дүр сілкіндірген оқиға 2011 жылдың 7 тамызына қараған түні Ыстықкөл ауданы Қара-Ой ауылындағы "Рохат-НБУ" пансионатының жағажай аумағында Қазақстан Республикасының азаматы Ерлан Балмахаевты соққыға жығып, тонап кеткендігі жайлы еді. Ол Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. Өкінішке қарай, ол 14 тамызда есін жимастан қаза тапты. Бұл оқиғаға келетін болсақ, жалпы қателік туристерді қабылдап, оларға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін пансионаттан болып отыр деп ойлаймын. Әрине, кез-келген өзге елге бара жатқанда турист сол орынның қауіпсіз екендігіне кәміл сенімді болады. Сондықтан, пансионатта қажетті шаралар алдын-ала, яғни туристер әлі келмеген кезінде-ақ жасалуы керек еді. Бұл тек мемлекеттің қателігі ғана емес, осындай шараларды ұйымдастырмаған пансионаттың да қателігі болып табылады. Жалпы қауіпсіздік туристер үшін оның демалысының маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда шетелде демалу жыл сайын қауіпті болып бара жатыр. Әрине, соған қарамастан шетелде демалаушылардың саны да азаяр емес. Еліміздегі шетелге шығатын туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында осы жылдар бойы біраз шаралар жасалды. Дегенмен, жыл сайын шетелге барып, оқыс оқиғаларға тап болып не мерт болып жатқан туристердің саны қаншама. Осындай жағдайларға тап болмау үшін, қорғаныс шараларын тек мемлекет ғана емес, осы турларды жүзеге асыратын турфирмалар да қарастыру керек. Біріншіден, туристті жіберер ел мен ондағы қонақ үй не болмаса, басқа тұрақтау орнының қауіпсіздігін тексеру керек. Көбінесе, турфирмалардың өкілдерінің өздері ол жерлерге тіпті барып та көрмеген кездері де болады. Екіншіден, сақтандыру клмпаниялары мен турфирма арасында белгілі бір келісім болуы керек. Яғни екеуі де қызметін бір-бірімен үйлестіре отырып, жүзеге асыруы керек. Бір мақсатты иеленуі керек. Үшіншіден, оқыс оқиға не туристтің өзге елде мерт болған жағдайларында полис ол шығындарды жаба алатындай дәрежеде болуы керек. Ол үшін сақтандыру компаниялары өз клиенттеріне сақтандыруға қаражатты аямау керектігін, және де орта классты туристердің қалтасы көтере алатындай етіп бағасын біраз төмендету керек. Төртіншіден, алдын-ала шетелде белгілі бір жағдайлар, қауіпті оқиғалар алып жатса, мемлекет ол жайлы туристерді хабардар етіп, мүмкіндігінше ол жаққа ұшатын рейстерді тоқтатуы керек. Ал турфирмалар, бұл жағдайды пайдаланып, ол жаққа баратын турлардың бағасын төмендетпей, мүлдем ол турларды сатпауы керек. Осы шаралардың барлығының орындалуын мемлекет қадағалауы керек. Қорытындылай келе, мемлекет те, турфирмалар да, туристтің өзі де өз демалысының қандай дәрежеде болатыны тек қауіпсіздікке байланысты екендігін ұмыртпауы абзал.
32. Туристік ресурстар (ҚР- ның Заңы).
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы
22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;
5-бап. Туристiк ресурстар
Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
2) турагент - туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
4) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті;
5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы;
8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;
10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;
11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
2-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының заңдары
1. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты
және негiзгi мiндеттерi
1. Туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi:
1) туристiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;
2) туроператордың турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде туроператордың және турагенттiң өз қызметiн жүзеге асыруы;
3) туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
4-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi
Туроператордың және турагенттiң туристiк өнiмдi сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған кезде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.
2-тарау. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету
5-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
1. Осы Заңда белгіленген туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттiк бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
3. Туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi
сақтандырылуға жататын тұлғалар
1. Туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
2. Туроператор мен турагенттiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оларды туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
7-бап. Туроператор мен турагенттiң қызметтi
туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге
асыруына жол бермеу
Туроператор мен турагент туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
7-1-бап. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін
міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың
ерекшеліктері
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін:
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;
2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.
3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.
34. Лицензиялау туралы заң.
Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9
27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету
саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
14) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер.
33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау
Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:
мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнаулы бiлiм беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
35. Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.
АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез – келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.
Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
1.Тiкелей жарнама:
- пошта хаттары, баспа материалдары;
- пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
2.Баспа жарнамасы:
- анықтамалар, каталогтар;
- пресс – релиз, баспасөз хабарламасы;
- буклет;
- анықтама;
3.Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар:
4.Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама:
5.Сыртқы жарнама;
- үлкен габариттiк плакат;
- газжарығы құрылымдар;
- роллер;
- мультивизио плакаты;
- электронды панносы;
5.Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд –фильмдер;
6.Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар;
7.Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы, зат таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар (“ай - стоппер”);
8.Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея.
Жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерiстерiнiң шамалап бiлуге болады. Ал оны нақты есептеу шығару қиындау.
Маркетингтік әрекетте жарнаманы қолдана отырып жарнаманы тұтынушыға әсер ететің өте күшті ұрал екенің ұмытпаған жөн. Сондықтан жарнамаға қойылатын негізгі талап шындық.Жарнаманы жасау объектісіне байланысты тауарлық және престиждік жарнама деп бөлуге болады. Тауарлық жарнамаға қойылатын талаптар - туристік өнімге сұранысты құру мен ынталандыру. Бұндай жарнама потенциальдық клиентарды өнімнің артықшылығы мен, өнімді сатып алуға қызығушылық тудырады. Қазіргі туризм әр жыл сайын еңбек етушілерге берілетін демалысқа байланысты туған,ол бір жағынан адамның демалысқа хұқығың мойындау болып табылады.Ол адамдар мен ұлттар арасындағы түсінiсу факторының дамуына септігін тигізеді.Әлемдік Туристік Ұйымның зерттеу анализіне,мамандандырылған халықаралық туризм ұйымдары мен мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сүйенсек,туризді мемлекеттің әлеуметтік,мәдени экономикасына әсер ететін іс-әрекет ретінде түсінеді.
Қазіргі кездегі туризм бұл әлем экономикасында құлдырауға берілмейтін сала. Мамандандардың есебінше,орта есеппен алғанда бір шет елдік туристтен түсетін кірісті алу үшін,әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір,15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай өнімін шығару керек.Бұл жерде әр шикізатты сатқанда мемлекеттің энерго сақтаушы орындары азаяды,ал туристік индустрия қалпына келу ресурстарында жұмыс істейді. Өткізуді (сұранысты) ынталандыру іске асқан жағдайда тұтынушылардың, сатушылардың, табыстырушылардын, (делдалдардың) назарын сіздің еншінізге аударып және оны сатып алуға ынталандыратын кызметтер түрі мен шаралар кандай? Жарнамамен катар олар сауда белсенділігін қолдайтын шараларды, баспасөздің түрін жариялауды, кауымдастармен байланыс жасауды және т.б. камтиды. Жарнама осы тұтас жуйенің ортаншы буыны.
Жарнамасыз тауардың кен нарықта қалыптастыруға, ықтимал қажетiлiктердi сұранымға айналдыруға болмайды. Коммерциялық жарнаманың алып машинасы тұтынушыны қалыптастыруға, оған қысым жасап, керектi сенiм тәрбиелеуге арналған. Жарнаманың мақсаты сатып алуға деген құмарлықты қыздырып, ықтимал тұтынушыны несиенi пайдалануға, қосымша шығындарға итермелейдi.
Жарнама қызметiнiң жоспары көптеген факторларды нақтылы талдау және көптеген балама нұсқаларды бағалау негiзiнде жасалады. Ең басында мақсатты айкындайды және мақсат-мiндеттерді мынадай тізбегін бетке ұстаған жөн: " фирманың мақсаттары - маркетинг мақсаты - жарнама қызметтерінің мақсаты және міндеттер!".
Жарнама - нақтылы өндірушілерге, саудагерлерге, табыстырушың тауарына, қызметіне назар аударту және олардың шотынан, олардың маркасымен осы тауар мен кызметін сатып алдырту мақсатында ұсыныс, тауар мен кызметті сатып алдырту мақсатында ұсыныс, шақыру, кеңес және кепілдеме тарату.
Қазақстан Республикасында туристік саладағы жарнаманың сферасы қазіргі таңда өте актуальді және даму стадиясында орналасқан.
Сондықтан дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты туристік жарнаманы анықтау мен оны туристік фирмаларда дамытудағы кемшіліктерді, және сонымен қатар ұлттық турситік өнімдерді жарнамалауда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдары.
Жарнама туристік кәсіпорындағы маркетингте ерекше орын алады, оны сондықтан жиі өзара тәуелсіз бағытта қарастырады. әлемдік нарықта жарнама кешенді толық пайдаланғанда ғана жоғарғы тиімділікке ие болады, Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
- туристік фирмадағы жарнаманың түрлері мен жарнамалық қызметтер;
- Қазақстан Республикасындағы туристік жарнаманың даму темпі
- Жарнаманы дамытуда туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 159 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |