Читайте также:
|
|
36. Медициналық рәсімдеу.
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті:
1) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - МФҚБК аумақтық департаменттері);
2) мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - МСЭҚК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - МСЭҚК аумақтық департаменттері);
3) мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - әкімдіктер) көрсетеді.
Ресімделген құжаттарды қабылдауды және беруді мекенжайлары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері, әкімдіктер немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырады.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильдік Орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.
МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдіктер осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық қызметтің кіші түрлерін лицензиялайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабының, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарының, «Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.Қажетті құжаттар
Өтініш
Жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері;
Медициналық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары;
мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар;
осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты;
мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім;
мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері;
жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
маманның тиісті сертификаты.
Қызметтің толық атауы
Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру
Қызмет көрсету нәтижесі
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру.
37. Туризмнің этикалық кодексі
ТУРИЗМНІҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
(Сантьяго,1 қазан,1999 жыл)
Туризімнің этикалық кодексі –жаңа мыңжылдықта туризімнің дамуына әсерін тигізеді.Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі өзіне осыған дейін жасалған барлық декларациялардың мазмұнын қоса отырып,өзімен бірге жаңа XXI-ға сай идеясын әкеледі.
Болжамға сай алдағы 20 жыл ішінде туризімнің 3 есе өсетінін ескере отырып,Дүнежүзілік туристік ұйым мүшелері,туризімнің ғаламдық этикалық кодексі,туризім даму барысында,одан максимальді түрде пайда табуға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге көмктесетініне сенімді болып отыр.Кодексті өңдеу мәселесі резолюциямен белгіленеді,ол 1997 жылы Стамбулда ДТҰ-ның бас ассамблеясымен қабылданды.Келесі 2 жыл ішінде Ғаламдық этикалық кодексті құру үшін арнайы коммитет жасақталды,бұл жобаны ойлап тапқан ДТҰ-ның бас секретарі мен заңды кеңесші болатын.Жобаның негізі ДТҰ-ның іскерлік кеңесімен және өкілетті кеңесімен кеңесе отырып құрылды.БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша 1999 жылы Нью-йоркте өткен сессиясында осы кодекстың концепсиясын мақұлдап жәнеДТҰ – ға кодексті жеке сектордың қосымша бағдарламаларымен толықтыруын қарастырды.Кодекске әлемнің 70-ке жуық ДТҰ-ға мүше елдерінен хат түріндегі мінездемелер келіп түсті.
Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі,өзіне 10 пункт қосты және ұзақ кеңес бойынша құрылды,және ол бірауыздан 1999 жылы қазанда Сантьягода ДТҰ-ның бас ассамблеясымен қабылданды.
Кодекс 9 баптан тұрады,ол туристік бағыттарға,үкіметке,туроператорларға,құрылысшыларға,туристік агенттіктерге және саяхаттаушыларға «ойын ережесін»анықтайды.10-шы бап конфликт туғызатын және келісілмеген сұрақтарды шешуге арналған.
Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі –бұл толығымен өндірілетін және іске асырылатын құжат болу керек.Оны оқыңдар.Және де оны кең түрде насихаттап жүріңдер.Оның дамуына үлес қосыңдар.Тек қана біздің еңбек етуіміздің арқасында,туризімнің болашақта дамуына,оның экономикаға үлес қосуына және халықтар арасында жақсы қарым –қатынас орнатуға жағдай жасайды.
1 БАП.Туризімнің халықаралық түсінушілікке және халықтар арасындағы сыйластыққа қосатын үлесі.
2БАП.Туризм – бұл индивидуалды және коллективті дамудың факторы
3БАП. Туризм –тұрақты даму факторы
4БАП. Туризм –адамзаттың мәдени мұрасының қолдана отырып,оның демалуына үлес қосады.
5БАП.Туризм – бұл қабылдаушы елмен қауымдастықтарға пайдалы іс –әрекет
6БАП.Туристік жүйе мүшелерінің міндеттері
7БАП.Туризімдегі құқық
8БАП.Туристік саяхаттардың еркіндігі
9БАП.Туризм саласындағы кәсіпкерлермен қызметкерлердің құқығы
10БАП.Туризімдегі глобальды этикалық кодекс қағидаларының орындалуы
38. Өтелмелі қызмет көрсету
Өтелмелi қызмет көрсету шарты
1. Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Осы тараудың ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.
684-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқару
Егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметтi өзi көрсетуге мiндеттi.
685-бап. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу
1. Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi.
2. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.
3. Орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер актiлерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның iс жүзiнде шыққан шығындарын өтейдi.
686-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту
1. Тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқығы.
2. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.
687-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық реттеу
Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер (осы Кодекстiң 616-639-баптары) және тұрмыстық мердiгерлiк туралы ережелер (осы Кодекстiң 640-650-баптары), егер осы Кодекстiң 683-686-баптарына, сондай-ақ өтелмелi қызмет көрсету шарты нысанасының ерекшелiктерiне қайшы келмесе, өтелмелi қызмет көрсету шартына қатысты қолданылады.
39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі. Экологиялық кодекс.
8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.
237-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, темiржолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдыққұбырларды, электр беру және байланысжелiлерiн, каналдарды, бөгеттердi, өзге де құрылыстар мен объектiлердi орналастыру,жобалау мен салу кезiндегi экологиялық талаптар
Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi айқындау, туристiк маршруттарды әзiрлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Жобада сақтау және (немесе) көму пункті салынатын орынды халықтың тәуекел тобына дозалық жүктеме бағалауы қамтылатын, қоршаған ортаға әсер ескерілген арнайы іздестірулер мен экономикалық бағалаулар негізінде баламалық нұсқалар қатарынан таңдау негізделуге тиіс.
8. Құрылысқа жер учаскесін таңдау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:
16) бұл жердің туристік құндылығының жоқтығы және оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары сирек келуі.
40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:
1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;
2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;
3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;
4. шетелдік туристерді сақтандыру;
5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.
Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:
1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
2. көліктік сапарларды сақтандыру.
Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.
Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.
Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:
1. коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);
2. фирманың банкрот болуы;
3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;
4. форс-мажорлық жағдайлардың болуы;
5. саяси қауіптер және т.б.
Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:
1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;
2. туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;
3. тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;
4. ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;
5. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
6. дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);
7. ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;
8. туристі репатриациялау;
9. шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.
Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.
Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.
Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.
Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:
1. халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі
2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;
3. ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;
4. қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.
Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:
1. 3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;
2. 2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;
3. қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;
4. әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.
AKZHOLTRAVELтуристік фирмасы бойынша
Сақтандырусомаларысаяхатшылапкелгенелдіңталаптарынасәйкес 15 000 у. е. мөлшерінен 70 000 у. е. мөлшерінедейінбелгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру аумағына, сақтандыру сомасына (жауапкершілік лимитіне) және шетелге келу мерзіміне байланысты белгіленеді және бір күнде 0,31 у. е. мөлшерінен 2,90 у. е. мөлшеріне дейінгі аралық шегінде өзгеріп тұрады.
Базалық тарифке (барлық демалушылардың жас мөлшері мен жыныстарына және саяхатшылаушылар санына байланысты) жоғары және төменгі коэффициенттің қосымша қолданылуы мүмкін.
* Төлем туристік сақтандыруды рәсімдеу күндегі бағаммен жүзеге асырылады.
Туристік медициналық сақтандыру біздің кеңседе 5–10 минутта рәсімделеді, сондықтан сіздің уақытыңызды көп алмайды
Егер сізге рұқсатнама үшін медициналық сақтандыру керек болса, бізге хабарласыңыз. Біздің кеңседе рұқсатнама үшін медициналық сақтандыру шетел елшіліктің талаптарына толық жауап береді. Сондай-ақ, біз Шенген үшін біржолғы туристік сақтандыруды рәсімдейміз.
Шетелге шығушы сақтандырушы мен сақтанушының төлқұжаты;
СТН көшірмесі;
Шетелде болу уақыты.
41. Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.
Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАРЫ,
уақытша әкелу туралы халықаралық кедендік конвенциялар санының өсуімен және ыдыраңқылығымен ерекшеленетін қазіргі жағдай қанағаттанғысыз болып табылатындығы фактісін АЙТА ОТЫРЫП,
болашақта, уақытша әкелудің жаңа объектілерін халықаралық регламенттеуді жүзеге асыруға тура келгенде бұл жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін деп САНАЙ ОТЫРЫП,
сауда және басқа да мүдделі топтар өкілдерінің уақытша әкелуге байланысты формальдылықтарды орындауды оңайлатуға қатысты тілектерін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
кеден режимдерін оңайлату мен үйлестіру және оның ішінде, уақытша әкелу туралы қолданыстағы барлық конвенцияларды қамти алатын бірыңғай халықаралық шарт қабылдау уақытша әкелуге қатысты қолданыстағы халықаралық қаулыларға қол жеткізуді жеңілдете және халықаралық сауда мен халықаралық алмасудың басқа да нысандарының дамуына тиімді ықпал ете алады деп САНАЙ ОТЫРЫП,
уақытша әкелу саласында біркелкі ережелерді ұсынатын халықаралық шарт халықаралық алмасулар кезінде айтарлықтай пайда әкеле және Кедендік ынтымақтастық кеңесінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік режимдерді одан әрі оңайлата және үйлестіре алатындығына КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП,
экономикалық, гуманитарлық, мәдени, әлеуметтік және туристік мақсаттарға қол жеткізу мақсатында рәсімдерді оңайлату және үйлестіру жолымен уақытша әкелуді жеңілдетуге ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ ОТЫРЫП,
халықаралық кепілдікпен қатар халықаралық кедендік құжаттар ретінде уақытша әкелу туралы құжаттардың стандартталған түрлерін қабылдау кедендік құжат және кепілдік талап етілетін жағдайларда уақытша әкелу рәсімдерін жеңілдетуге ықпал ететін болады.
42. Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.
Дамушы халықаралық туристік қызмет мемлекеттерден түрлі халықаралық жиналыстарда талқылау пәні болатын көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, ал оларды шешу тұрғысы конференция актілерінде, халықаралық шарттарда, декларацияларда бекітіледі. Халықаралық туристік қызмет саласындағы мемлекеттердің жағдайларын реттейтін актілердің негізгі санаттары болып халықаралық ұйымдардың резолюциялары мен халықаралық шарттар табылады. Олардың қабылдау тәртібі бойынша, реттейтін сұрақтардың шеңбері бойынша айырмашылықтары бар. Халықаралық шартта, кейбір жағдайлардан басқа халықаралық ұйымдардың резолюцияларынан қарағанда, әрқашан да заңдық міндетті сипатты иеленеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 114 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |