Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

лемдік Монила декларациясы.

Читайте также:
  1. Лемдік және Қазақстанның ең ірі су қоймалары

Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының 10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.

Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980ж. Манила декларациясы «Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, қазан 1980 ж.) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді: «Туризм – бұл өзінің тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі».

Халықаралық туристік Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір транспорт түрімен жасалатын саяхат.

П.Г.Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: «Туризм – бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» – дейді.

Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде — әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.

 

52. Қоныстану туралы.

Осы туристерді орналастыру орындарын сыныптау жөніндегі және сертификатты беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына,
" Техникалы қ реттеу туралы" 2004 жылғ ы 9 қ арашада ғ ы Қ аза қ стан Республикасының Заңына сә йкес әзірленді. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау жөніндегі ереже негізгі мақсаттарды, ұйымдастыру құрылымдарын, минимальды талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттарды беру тәртібін реттейді.
2. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сыныптауды өткізу барысында туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Сыныптау – жалпы бірдей белгілері бар, нысандары бір топқа кіретін объектілерді, түсініктерді, сыныптар, топтар, дәреже бойынша атауларды тарату, бөлу.
2) өтінім – туристерді орналастыру орындарына сыныптау рәсімдерін өту үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім берушінің жазбаша жазған хаты;
3) өтінім беруші – туристерді орналастыру орындарына сертификат алу үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) орналастыру орындары – туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да ғимараттар мен құрылыстар;
5) орналастыру орнындағы нөмір - туристердің уақытша тұруына қажетті жиһазы, жабдықтары және мүліктері бар бір немесе бірнеше бөлме;
6) нөмірлі қор – орналастыру орындары нөмірлерінің (құралдарының) жалпы саны;
7) сюит – ауданы 75 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) кем емес, үш және одан да көп тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлме/ас бөлмесі, жұмыс бөлмесі және жатын бөлме), стандартты емес екі адамдық кереуеті (200 см х 200 см) және қосымша қонақтарға арналған дәретханасы бар орналастыру орнындағы нөмір (қонақ бөлмеге/ас бөлмесіне және жұмыс бөлмесіне жайдағы визуалды шектеуде қонақ бөлмесі/ас бөлмесі және жұмыс бөлмесі арасындағы қалқалардың жоқтығына рұқсат етіледі);
8) апартамент – ауданы 40 м 2 кем емес, екі және одан да көп тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлме/ас бөлмесі, жатын бөлме), ас үйдің жабдықтары бар орналастыру орнындағы нөмір;
9) люкс – ауданы 35 м 2 кем емес, екі тұрғын бөлмеден тұратын (қонақ бөлмесі және жатын бөлме), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
10) студия – ауданы 25 м 2 кем емес, бір/екі адамның тұруына арналған, бөлменің бөлігін қонақ бөлме/ас бөлмесі/жұмыс бөлмесі ретінде пайдалануға мүмкіндік беруге жобаланған орналастыру орнындағы бір бөлмелі нөмір;
11) бірінші санаттағы нөмір – бір/екі кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын толық санитарлық сепкішті (былау/себезгі, қол жуғыш, унитаз), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
12) екінші санаттағы нөмір – бір/екі кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын толық емес санитарлық сепкішті (қол жуғыш, унитаз, не екі нөмірлі блоктағы бір толық санитарлық сепкіш), бір/екі адамның тұруына арналған орналастыру орнындағы нөмір;
13) үшінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, толық емес санитарлық сепкішті (қол жуғыш, унитаз, не екі нөмірлі блоктағы бір толық санитарлық сепкіш), бірнеше адамның тұруына арналған, орналастыру орнындағы нөмір;
14) төртінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, бірнеше адамның тұруына арналған қол жуғышы бар орналастыру орнындағы нөмір;
15) бесінші санаттағы нөмір – ауданын бір тұратын адамға есептегенде: 6 м 2 жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттағы, 4,5 м 2 маусымдық жұмыс істейтін ғимараттардағы тұратын адамның санына қарай кереуеті бар, бір тұрғын бөлмеден тұратын, бірнеше адамның тұруына арналған қол жуғышы жоқ (қол жуғыш дәлізде) орналастыру орнындағы нөмір;
16) туристерді орналастыру орындары санатының белгісі – қонақ үйлерді және өзге де орналастыру орындарын нақты санатқа сәйкестілігін аттестаттау туралы ақпаратты тұтынушыға және басқа да мүдделі тараптарға жеткізу нысаны.
4. Туристік кешендерді дамытуды қамтамасыз ету, туристерді орналастыру орындарын стандартты жарақтауды айқындау, туристерді орналастыру орындарында ұсынылатын қызмет сапасының тұрақтылығын және қызмет көрсетудің стандарттарын қамтамасыз ету сыныптауды өткізудің мақсаты болып табылады.
5. Сәйкестікті растайтын құжаттың әрекет ету мерзімі "Сәйкестікті растау процедуралары" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысына сәйкес белгіленеді.
6. Сертификаттарды беруді, тіркеуді, сондай-ақ сыныптау талаптарының орындалуын бақылауды сәйкестілікті растайтын орган жүзеге асырады.

 

53. Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.

ҚР туристік қызмет туралы заңнамасы ҚР Конституциясы негізіндегі құрамына ҚР заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері кіретін ҚР Азаматтық кодексінен тұрады. Егер халықаралыө келісім шартта ҚР туристік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған ҚР ратифицироваланған басқа да заңдары негізінде қаралса, халықаралық келісім шарт ережесі негізінде жүзеге асады.

Туристік бизнестегі турпакет құрамына кіреді: транспорт, тамақтандыру, орналастыру, кеңестік қызмет және т.б. Мұнда туристік қызметті реттеуші көптеген нормативтік құқықтық документтер болады.

Мысалы, виза алу сұрақтарын реттеуші административтік заңнама, валюталық заңнама–есеп айырысу формасы, кедендік– шекарадан тауар өткізу ережелері. Туристік қызметті сертификаттау ҚР мемлекеттік стандарттық нормативтік актілерін, туристік қызмет заңнамасын мемлекеттік антимонополды органдары тұтынушылар құқығы сферасында қолданады.

ҚР туристік қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері келесідей нормативтік құқықтық актілерден тұрады:

1995 жылдың30 тамызында қабылданған ҚР Конституциясы;

«ҚР туристік қызмет туралы» 2001 жылдың 13 маусымындағы №211 ҚР заңы;

2007-2011 ж.ж туризмді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама;

ҚР туризмді дамыту концепциясы;

«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы (2007 ж 12 қаңтар);

«Стандарттау», «Өнім мен қызметті сертификаттау туралы» заң;

2007 ж 11 маусымдағы №481 «туроператор мен турагенттік қызметіне, туризм инструкторлары қызметіне талап қоятын лицензиялау және квалификациялық талаптарын бекіту ережелері туралы» ҚР басқармасы қаулысы.

2010-2014 жж Қазақстан Республикасында туризм индустриясының перспективті даму бағдарламасы;

«ҚРда қонақ үй қызметтерін ұсыну» жөнінде ҚР Үкіметінің қарары;

ҚР мемлекеттік стандарт қарары «мемлекеттәк стандарттауды сертификаттау жүйесі. Туристік қызмет пен қонақ үй қызметін сертификаттау шарттары.»

Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министірлігінің нормативті-құқықтық актісі;

2002 г. Желтоқсанына дейін Қазақстан республикасында туристің қызмет келесі халықаралық және қазақстандық заңнама, актілермен, үкіметаралық келісімдермен, халықаралық үкіметтік емес туристің ұйымының кжатуарымен реттеді:

1.Туризм хартиясы. 1985 ж мақұлданған. Дниежүзілік туристік ұйымныі Бас ассамблеясының VI сессиясында.

2.Туризм жайлы Парламентаралық Гаага декларациясы. Гаага, 10-14 сәуір 1989 ж.

3.Шекаралық аймаққа шығу үшін рұқсат алу жолдары мен шарттары. 1994ж 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігі қаулысымен қабылданды. №92.

4.Қазақстан Республикасының «халықтың санитарлы-эпидемиологиялық жайлылығы» туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 8 мілде 1994 жылғы №110-XIII нұсқауы.

5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы транспорт» туралы заңы. Қазақстан Республикасы президентінің 21 қыркүйек 1994ж №156-XIII нұсқауы.

6.Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуі жайлы нұсқауы. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің 1994ж 31 қазан №286 бұйрығымен қабылданды.

7.Ташкентік декларация, 21 қазан 1996 ж.Ташкентте Азербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасының президенттері қол қойды.

8.Қазақстан Республикасының президентінің «түркітілдес халықтарының Ташкент декларациясын іске асыру, ДТҰ мен ЮНЕСКОның Қазақстан Республикасындағы Ұлы Жібек Жолы инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру» бұйрығы. 30 сәуір 1997 ж. № 3476.

9.1997 жылдың 7 шiлдесiндегi "Қазақстан Республикасында Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша Юнеско және ВТО ның Ташкент декларациясы бойынша iске асырылу туралы жобасы" Қазақстан республикасының Президентінің жарлығының iске асырылуы бойынша шаралар туралы Қазақстан республикасының үкiметiнiң қаулысы.№ 1067.

10. 1998 жылдың 27 ақпанындағы 3859 бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы "Жiбек жолының тарихи орталықтарының қайта тууы, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасының сақтауы және мирасқорлықты дамытуы, туризм инфрақұрылымын жасау"

11. 1998 жылдың 10 тамызындағы "Жiбек жолы - Қазақстан" Ұлттық серiктестiк "Акционерлiк қоғам туралы" Қазақстан республикасының үкiметiнiң №758 қаулысы

12. 1998 жылдың 28 қазанындағы қабыданған "Жiбек жолының тарихи орталықтарының қайта тууы, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасының сақтауы және мирасқорлықты дамытуы,сонымен бірге туризм инфрақұрылымын жасау" жайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бағдарламасының iске асыруы бойынша шаралардың жоспары туралы "ҚР үкiметiнiң №1096 қаулысы

13. Туризмның глобалдi әдеп кодексi. 27 қыркүйектiң Бүкiләлемдiк туристтiк ұйымының бас ассамблеясының он үшiншi сессиясында қабылданған - 1999 жылдың 1 қазаны.

14. Қазақстан республикасының виза беру реті туралы нұсқау. 2000 №65 жылдың 11 шiлдесiнiң Қазақстан республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң бұйрығы бойынша және 2000 жылдың 11 шiлдесiнiң Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiнiң бұйрығымен нығайтылған. №388

15. 2000-2003 жылдарға Қазақстанның туристік имиджының құрастыру бойынша шаралардың жоспарын бекiтуi туралы. № 1604-шi 2000 жылдың 26 қазанындағы қабылданған Қазақстан Республикасының үкiметiнiң қаулысы.

16. 2000 жылдың 30 қазанындағы қабылданған "Туризм бойынша Координациялық кеңестің құрылуы туралы" Қазақстан Республикасының үкiметiнiң № 1631 қаулысы.

17. 2000 жылдың 27 қарашасындағы қабылданған Алматы қаласындағы " Жiбек жолы" атты жыл сайын өтетін халықаралық фестивальнiң ұйымдастырылуы туралы" Қазақстан Республикасының үкiметiнiң №1763 қаулысы.

18. Қазақстан Республикасының отырсының №31 хаттамалық шешімі "Қазақстан республикасының мемлекеттік программасының іске асырылуы "Жібек жолынының орталықтарын қайта жаңғырту және түркі тілдес халықтың мәдени мұрасын сақтап, мирасқорлықты дамыту.

19.Туристік саланы дамытудың ең алдыңғы шаралары.Қазақстан Республикасының 2000 жылы 29 желтоқсанда қабылданған №1947 қаулысы.

20. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың концепциясы.Қазақстан Республикасының 2001 жылы 6 наурызда қабылданған №333 қаулысымен қолдау тапты.

Отандық шаруашылықты басқарудың тарихынан қызмет көрсету саласын реттеудегі мемлекеттік-құқықтық механизмдер әрқашанда маңызды фактор болғанын,әсіресе экономикалық және қоғамдық динамизация кезінде байқалады.Бірақ айта кететін жайт бұл саланы дамытуға көбінесе туристік саланың кәсіпкерлері ғана ат салысты.

 

 


 

54. Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша ЮНЕСКо бағдарламасында Қазақстанның орны.

Қазақстан Республикасы –теңдессіз тарихы, ежелгі мәдениеті бар ерекше, көп ұлтты қоғамдастық. Қазақстан – Еуразиның орталығы, ірі әлемдік мемлекеттер арасындағы қатынас жолдары даңғылы.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары көзтартарлықтай және құнды. Көптеген тарихи, табынарлықтай ғимараттары мен ескерткіштері орналасқан жерлерінде туризмнің мәдени-танымдық және тарихи-археологиялық түрлерін дамытуға болады.

Қазіргі таңда еліміздің Үкіметі туризмді дамытуға, әсіресе Ұлы Жібек жолының туристік салада қалыптасуына көп күш жұмсауда.

Бұл кездейсоқтық емес, Ұлы Жібек жолы Оңтүстік-Шығыс Азия, Корея, Япония мемлекеттерімен біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда сауда-саттықты дамытқан адам өркениетіндегі теңдессіз тарихи ескерткіш.

ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар қатарына Ұлы Жібек жолынан табылған Орталық Азияның теңдессіз нысандарын жатқызды.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне екі теңдессіз ежелгі ескерткіші жатқызылды: Түкістан қаласындағы Ходжа Ахмед Яссауи мовзалейі және Алматы қаласының маңындағы «Тамғалы» археологиялық кешені.

Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды туристік бағыттардың бірінен Алматы, Тараз, Түркістан, Отырар қалалары және Оңтүстік Қазақстан облысы орын алады.

ЮНВТО туризмінің ауқымды әдептік кодексінде халықтар арасында бейбітшілік пен түсінушілік тудырған сауда мен бизнесті мәдени сұхбатпен байланыстыратын осы күнгі туризмінде де оның мағынасы өте маңызды.Басқа сөзбен айтқанда, Ұлы |Жібек жолы бастамашылыққа қатысушы 31 елдермен жан-жақты байланыс орнатуды жүзеге асырады.

Ұлы Жібек жолы бойында туризмді және ынтымақтасуды дамыту бойынша бастамашылықты жүзеге асыру идеясы бұдан 15 жыл бұрын туындап, 1994 жылы Самарқандық мәлімдемесінде бекітілді.

Содан бері 1999 жылы-Хива мәлімдемесі, 2002 жылы –Бұқарлық мәлімдеме қабылданды. Осы шаралар арқасында ПРООН тарапынан, донорлар елдерінен, солардың бірі Япония тарапынан «Ұлы Жібек жолы – сұхбат жолы» жобасына көңіл аударылып, қолдау тапты.

Бір ерекше атап өтетін нәрсе, қабылданған шараларды жүзеге асыру барысында Ұлы Жібек жолының негізгі аймағы болып саналатын және өзіне Қытай, Ресей және Парсы ағысы сияқты үш негізгі полисті түйықтап алған Еуразия елдері аумағының экономикалық өсуіне және ықпалдасуына тәсілдендірді.

Еуразия орталығында орналасқан Қазақстан -аталған полюстар мен Орталық-Азия аймақтары: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан және Түркіменстан елдерін байланыстырушы көпірі, сонымен қатар Жібек жолы елдерінің негізгі нарығы және транзиттік дәлізі болып саналады.

Қазақстанның геостратегиялық орналасқан жері - Еуразияның қақ ортасы және ежелгі керуен жолы болғандықтан республикамыз Жібек жолында туризмді туризм саласындағы саясаттың базалық негізі ретінде қалыптастыруға маңызды мән берген және береді де.

Туризмнің дамуын жақындағы бес жылда эксперттік әлеуеті бар сала ретінде Қазақстанды индустриялды-инновациялық жеделдетіп дамыту мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Ескеретін жайт, туристік саланы дамытудың бес бағытының бірі – ежелгі Жібек жолдарымен сәйкес келетін «БатысЕвропа – Батыс Қытай» халықаралық көліктер дәлізінің бойына туристік кластер құру негізделген.

Аталған бағыт, Батыс және Шығыс түрғындарының қызығушылықтарын туғызатын жаңа турөнімдерін қалыптастыруға жағдай жасайтын жол бойы инфрақұрылымы нысандарының құрылыстарын, яғни жолдың екі жақ бойына мейманханалар, сонымен қатар туристік нысандар салуды қарастырады.

Жібек жолы бойынша ынтымақтастық құру, әр түрлі елдердің теңгерімді және әділетті экономикалық дамуды қамтамасыз етуге салым салуын әдістендіреді.

Соңғы он жылда дүние жүзінде дамып жатқан мәдени туризмді Жібек жолының магниттік тартылыс аймағында дамытуға болады. Тарихи орындар, ғұрыптық өнерлер және қолөнерлер бай әртараптандырылған туристік өнім ұсынуда.

Жобаға қатысты барлық елдер, туризмнен экономикалық пайда табу үшін Жібек жолының барлық бағыттары бойынша туристік қорлар мен өнімдер дамытуда маңызды мағынаға ие.

 

 

 

55. ҚР туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасы туристiк индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiн Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристiк бағыт ретiндегi тартымдылығын арттыру үшiн оның имиджiн қалыптастыруға бағытталған.

Туристiк саланың даму серпiнi туризм индустриясы көрсеткiштерiнiң орнықсыз өсуiмен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушiлер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өстi, сыртқа шығушылар туризмi 22,3 %-ға өстi, алайда iшкi туризм көлемi 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
Көрсетiлген туристiк қызметтердiң жалпы көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемiнде және 65,8 млрд. теңгенi құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиiстi көрсеткiштiң өсуi 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейiн).
Негiзгi көрсеткiштердiң төмендеуi әлемдiк экономикадағы жағдаймен түсiндiрiледi.
Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушiлер туризмiне де терiс әсер еттi, оның көлемi соңғы екi жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейiн немесе 18,9 %-га төмендедi.
Сырттан келушiлер туризмi статистикасының деректерi де сапар мақсаттары бойынша келушiлердi бөлу сияқты көрсеткiштердiң төмендегенi көрсетiп отыр, соның iшiнде бос уақыт пен демалыс үшiн сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бiрлiкке немесе 44 %-ға қысқарған.
2007 - 2010 жылдар iшiнде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға негiзделдi.
Бұл кезеңде нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi. 2008 жылы туристiк қызмет мәселелерi жөнiндегi бiрқатар заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзiлдi және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) туризм мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары бекiтiлдi.
Министрлiк имидждi қалыптастыру жөнiндегi, оның iшiнде Қазақстан туризмiн шетелде ақпараттық насихаттау жөнiндегi жұмыстарды тұрақты негiзде жүргiзiп отырғанын атап кету керек. Негiзгi бағыттары жарнамалық бейнероликтердi жасау және әлемнiң жетекшi телеарналарында көрсету, iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның (бұдан әрi - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткiзiлуi 2009 жылы басты имидждiк оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелерi, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдiк әлемдiк БАҚ өкiлдерi қатысты.

 

56. Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу

1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:

1) азаматтардың туристiк қызмет саласында демалу, еркiн жүрiп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

2) қоршаған ортаны қорғау;

3) туристерге тәрбие, бiлiм беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшiн жағдайлар жасау;

4) саяхат жасау кезiнде азаматтардың қажеттерiн қамтамасыз ететiн туристiк индустрияны дамыту;

5) туристік индустрияны дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттiң және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

6) халықаралық туристiк байланыстарды дамыту болып табылады.

2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң басым бағыттары:

1) туризмдi Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельдi саласы ретiнде қалыптастыру;

2) туристiк ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн ескеру, табиғи және тарихи-мәдени мұраларын қорғау;

3) балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрiсi төмен топтарының арасында туристiк және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгiзу;

4) туристiк индустрияны инвестициялау үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

5) ішкі, келу, әлеуметтік және өз бетінше туризмді қолдау және дамыту;

6) iшкi және халықаралық туризм қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн туристiк қызметтiң тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.

3. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу:

1) туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөнiндегi саясатты айқындау;

2) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды жетiлдiруге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы және техникалық реттеу туралызаңнамасынасәйкес туристiк қызметтi лицензиялау, туристік қызмет саласындағы стандарттау;

4) бюджеттiк заңдарға сәйкес туризмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;

5) туристiк қызметтi кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) отандық туристердiң, туроператорлар мен турагенттердiң және олардың бiрлестiктерiнiң халықаралық туристiк бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

7) iшкi және дүниежүзiлiк туристiк рыноктарда туристiк өнiмдi ұсынуға жәрдемдесу;

8) елдiң туристiк ресурстарын ұтымды және тиiмдi пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

 

57. Туристік рәсімдеу.

Қажетті құжаттар

Өтініш;

Заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

Мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

Қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:

қалыптастырылған туристік өнім;

қалыптастырылған туристік өнімге кіретін, жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге үшінші (екі немесе одан көп) тұлғалармен жасасқан шарттарының;

туристік ваучердің (жолдаманың) үлгісі;

туристік білімі және кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір қызметкердің болуы;

кеңсе үшін меншікті немесе жалға алынған үй-жайы;

туристік өнімге кіретін туризм инструкторы көрсететін қызметті, жол жүру, қонақ үйде тұру жөніндегі қызметтерді туроператор дербес көрсеткен жағдайда меншікті немесе жалға алынған материалдық базасы;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес туристік қызмет көрсетуге жасалған шарт жобасы;

туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік қазметті алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;

Дара кәсіпкер үшін –дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік

 


 

58. «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «ҚР туристік қызмет туралы» заңынан.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілде N 1488-ХІІ Заңы

1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:

1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;

2) археология ескерткіштері;

3) ансамбльдер.

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;

3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;

4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;

5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;

6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.

 

 

59. Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.

 

 


 

60. Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;

2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4. шетелдік туристерді сақтандыру;

5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2. көліктік сапарларды сақтандыру.

Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.

Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.

Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:

1. коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);

2. фирманың банкрот болуы;

3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;

4. форс-мажорлық жағдайлардың болуы;

5. саяси қауіптер және т.б.

Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:

1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;

2. туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;

3. тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;

4. ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;

5. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

6. дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);

7. ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;

8. туристі репатриациялау;

9. шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.

Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.

Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.

Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.

Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.

Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:

1. халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;

2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;

3. ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;

4. қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.

Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:

1. 3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;

2. 2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;

3. қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.

Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:

1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;

2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;

3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;

4. әскери міндетін орындауға шақырылу;

5. кіру визасын ала алмау;

6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.

Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.

 


 

Сұрақтар тізімі:

 

1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.

2.Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері.

3.«ҚР туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.

4.Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу.

5.Халықаралық туризм бойынша Гаага декларациясының негізгі принциптері.

6.«ҚР туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).

7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.

8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.

9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.

10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.

11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.

12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.

13.ҚР туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.

14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу

15.Уәкілетті органның құзыреті.

16.«Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «ҚР туристік қызмет туралы» заңынан.

17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.

18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі

19.Көлік туралы заң

20.Туризм жөнінде кеңес.

21.Туризм реттеуші нормативтік құқықтық база

22.«Сақтандыру туралы» ҚР- сы Заңы.

23.Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы

24.Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң

25.Жарнаманың құқықтық аспектілері.

26.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң

27.Халықаралық туризмді дамыту бойынша ЮНЕСКО- ның бағдарламары.

28.Туризмнің 2007-2011ж.ж мемлекеттік бағдарламасы.

29.Туристерді медициналық сақтандыру бойынша ДТҰ- ның ұсыныстары.

30.Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (ҚР- ның Заңы).

31.Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.

32.Туристік ресурстар (ҚР- ның Заңы).

33.Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.

34.Лицензиялау туралы заң.

35.Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.

36.Медициналық рәсімдеу.

37.Туризімнің этикалық кодексі

38.Өтелмелі қызмет көрсету

39.Экологиялық кодекс.

40.Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары

41.Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.

42.Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.

43.Туризм облысында маман дайындау.

44.Туризмдегі кадр мәселесі (ҚР- сы Заңынан)

45.ДТҰ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.

46.Мынжылдық Осака декларациясы.

47.Туризмдегі лицензиялау ережесі.

48.«ҚР көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.

49. «ҚР туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).

50.Туризм хартиясы.

51.Әлемдік Монила декларациясы.

52.Қоныстану туралы.

53.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.

54.Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша 55.ЮНЕСКо бағдарламасында Қазақстанның орны.

56.ҚР туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.

57.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу

Туристік рәсімдеу.

58.«Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «ҚР туристік қызмет туралы» заңынан.

59.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.

60.Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 1 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 2 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 3 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 4 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 5 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 7 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 8 страница |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.068 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав