Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 2 страница

Читайте также:
  1. A XVIII 1 страница
  2. A XVIII 2 страница
  3. A XVIII 3 страница
  4. A XVIII 4 страница
  5. Abstract and Keywords 1 страница
  6. Abstract and Keywords 2 страница
  7. Abstract and Keywords 3 страница
  8. Abstract and Keywords 4 страница
  9. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 1 страница
  10. BEAL AEROSPACE. MICROCOSM, INC. ROTARY ROCKET COMPANY. KISTLER AEROSPACE. 2 страница

Алматы облысында орналасқан туристік нысандар туризмді дамытудағы әлеуеті өте зор. Осы табиғаты әсем, ландшафттары көз аларлық аумақтарға жыл сайын отандық және шетелдік азаматтар көптеп келуде.

 


 

11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.

Туризмді реттеу бойынша халқаралық конфернециялар әлемнің әр жерәнде туризимді дамыту жолы ретінде қарастырады сол үшінде арнай іш шаралар ұйымдастырылды.Ең бірінші туризимнің дамуына өсуіне ат салысатын ол ДТҰ.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (World Tourism Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризмсферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтеріМадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм сферасындағы жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризмді дамыту жайлы тәжірибелерімен ауысып, таныстырады. БҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бас агенттігі болып табылады. 2002 ж. БҰ ДТҰ мен ЮНКТАД -тың "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" аты бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарлама екі мәселені шешуге бағытталған болатын - туризмді дамыту мен кедейшілікпен күресу.

БҰ ДТҰ-ның жергілікті уәкілдіктері жергілікті туристік ұлттық ұйымдардың қызметін дамыту мен қолдау мақсатында тікелей акцияларды жүргізеді. Дүниежүзінің кез-келген аймағы - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы,Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия - осы жергілікті йұымдардың көз алдында, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтері Мадрид қаласында базаға тіркеліп енген болатын. Жергікті уәкілдіктер БҰ ДТҰ-ның қызметін осы жерлерде тікелей жүзеге асырады. Олар әрдайым сан қилы, жердің түкпір-түкпіріне іссапарлар шегеді.

Олар барлық ердердің туризм индустриясының басшыларымен жайдайларды талқылап және қажетті шешімдерді қабылдау үшін кездеседі.

Олар туристік ұйымдармен, әкімшіліктермен қажетті байланысты қамтамасыз етіп отырады. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен қажетті қаражатты бөліп отыруын қадағалар отырады.

Олар БҰ ДТҰ-ның көптеген халықаралық және жергілікті іс-шараларында уәкілдік қызметін атқарып отырады.

Олар белгілі бір елде қызығушылық тудыратын тақырыпшаға сәйкес семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Олар көптеген елдерде қазіргі таңда актуалды болып келетін тақарыптарға презентациялар өткізеді. Осыған дейін, Таяу Шығыстағы Жаһандандыру мәселесі, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында адам ресурстарын дамыту, Европадағы Евро мен туризм, Америка аймағындағы сапа стандарттары, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында дағдарыстық мәселелерді шешу сияқты және т.б. жағдайларды қарастырды.

Олар көбінесе президенттік деңгейде туристік өнім туралы мәселелер мен туындаған жағдайларды шешуге көмектеседі. БҰ ДТҰ жылына бір рет өзінің 6 жергілікті комиссияларына конференция өткізіп тұрады.

Сондай ақ (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы

парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) туризм жайлы мәселеелер талқыланды.

 

 

12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;

2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

4) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

5) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;

6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;

7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

8) туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;

9) туристік ақпарат орталықтарын құрады;

10) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.

 

13.ҚР туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.

Туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2009 жылдың қорытындылары бойынша келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,1 %-ға өсті, сыртқа шығушылар туризмі 22,3 %-ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,7 %-ға азайды және 4 055,7 мың адамды құрады.
Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға кемінде және 65,8 млрд. теңгені құрады. Салыстыра қарасақ, 2008 жылғы тиісті көрсеткіштің өсуі 2007 жылға қарағанда 22,6 %-ды құраған (53,8 млрд. теңгеден 66,0 млрд. теңгеге дейін).
Негізгі көрсеткіштердің төмендеуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.
Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де теріс әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 5,3 млн. туристен 4,3 млн. туристке дейін немесе 18,9 %-га төмендеді.
Сырттан келушілер туризмі статистикасының деректері де сапар мақсаттары бойынша келушілерді бөлу сияқты көрсеткіштердің төмендегені көрсетіп отыр, соның ішінде бос уақыт пен демалыс үшін сапарлар 2008 жылмен салыстырғанда 19,8 %-ға немесе 1541 адамға төмендеген. Сонымен қатар, сатылған жолдамалардың саны да 3 242 бірлікке немесе 44 %-ға қысқарған.
2007 - 2010 жылдар ішінде саланың дамуы Мемлекет басшысының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығыменбекітілген Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.
Бұл кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. 2008 жылы туристік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) туризм мәселелері жөніндегі бұйрықтары бекітілді.
Министрлік имиджді қалыптастыру жөніндегі, оның ішінде Қазақстан туризмін шетелде ақпараттық насихаттау жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп отырғанын атап кету керек. Негізгі бағыттары жарнамалық бейнероликтерді жасау және әлемнің жетекші телеарналарында көрсету, ірі халықаралық туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы қазан айында Астана қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымның (бұдан әрі - ЮНДТҰ) Бас Ассамблеясының 18-сессиясының өткізілуі 2009 жылы басты имидждік оқиға болды, оның жұмысына ЮНДТҰ ұйымдарының нақты мүшелері, 146 мемлекеттен 700-ден астам делегат, сондай-ақ шетелдік әлемдік БАҚ өкілдері қатысты.
ЮНДТҰ Бас Ассамблеясы жұмысының қорытындысы бойынша әлемдік туризм үшін стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды:
1. Жібек жолында туризмді дамыту жөніндегі Астана декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 29 тамызды - ядролық қарудан бас тартудың Дүниежүзілік Күні деп жариялау туралы бастамасын қолдау туралы.
Қабылдаған шаралардың арқасында зор туристік әлеуеті, бірегей табиғаты мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар ел ретінде Қазақстан туралы айтыла бастады.
Жергілікті жерде туризмнің дамуын тежеп отырған негізгі проблемалар мен себептерді анықтау мақсатында 2008 жылғы маусымнан бастап 2009 жылғы шілдеге дейінгі кезеңде Корея Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі зерттеулер жүргізді және 2009 жылғы желтоқсанда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық жедел автомагистралі бойында ұлттық туристік кластерді құру» мастер-жоспары әзірленді.
Мастер-жоспардың ұсынымдары Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде туризмді дамытудың одан әрі пайымдауын қалыптастыру үшін негіз болды.
Туристік саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Туризмнің экономикаға нақты үлесін бағалауға мүмкіндік беретін ТҚШ енгізу Туристік индустрия инфрақұрылымының болуы Туристік саланы дамытуға арналған заңнамалық және нормативтік-құқықтық негіз Халықаралық нарықта экотуризмге жоғары қызығушылық (8,9 млн. адам немесе жалпы әлеуеттің 63 %), оны дамыту үшін Қазақстанда әлеует бар: - Алматы қаласында Экологиялық туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы жұмыс істейді; - қоңақжай үйлер құрылуда; - МҰТП жұмыс істейді. Мәдени-тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның бірегей мәдениеті мен тарихы Тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған табиғи жағдайлар Кадрлық ресурстарымен қамтамасыз етілу Барлық инфрақұрылым қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан Инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі Туристердің қызығушылық танытатын объектілерде көп күн болуы үшін жағдайлардың болмауы Инвесторларға демеу қаржы бөлу, жеңілдіктер беру және салық жеңілдіктерін беру механизмінің жоқтығы; Қазақстандағы экотуризмді дамыту тәсілдері және саясаты қалыптастырылмаған. Туристік объектілерге апарар жолдың сапасының төмендігі/болмауы Кадрлар даярлау бағдарламасының нарықтың нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі
Мүмкіндіктер Қауіптер
Жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде ауылдық жерлерде ашу Халықаралық туристік қызмет нарығында Қазақстанның деңгейінің жоғары болуы, бұл бюджетке инвестицияның және кірістің түсуін қамтамасыз етеді Ұлттық туристік өнімді кұру Сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм бойынша туристердің ағынын көбейту Біркүндік бағдарлар санының көбеюі Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі Инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі Қазақстанның туризм үшін қолайсыз ел ретіндегі бейнесінің қалыптасуы, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығының төмендеуі

Шешілмеген күйінде қалып отырған, бірақ туризм саласының дамуы үшін негізгі мәселелер болып табылатын бірқатар проблемалық мәселелерді атап өту қажет.
Саланы дамытудың негізі ретінде туризм индустриясының инфрақұрылымы бүгінгі күні 2009 жылдың қорытындылары бойынша - 1235 бірлік орналастыру орнын құрап отыр.
Оның орнықты өсу үрдісі байқалып отырғанына қарамастан, негізінен, орналастыру орындары қалаларда және ірі елді мекендерде орналасқан. Тек шетелдік туристерге ғана емес, сондай-ақ отандық туристерге қолайлы жағдайлар туғызу үшін, елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды есепке алсақ, олардың автомобиль жолдарының бойында белгілі бір учаскелерде орналасқаны маңызды.
Сонымен қатар, туристік объектілердің оқшауланған жерлерінде немесе туристік бағдарлардың торапты нүктелерінде орналастыру жағдайларының болмауы бұқаралық сырттан келушілер туризмін және ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіреді. Нәтижесінде ішкі туризмде ұзындығы 400 - 500 км болатын бір күндік турлар басым болып келеді, ал бұл - жолға көп уақыт шығындалатынын куәландырады. Мұндай сапарлар жалықтырады, туристердің көпшілігінде жағымсыз естеліктер қалдырады.
Тағы бір шешімін талап ететін проблеманың бірі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында отандық инвесторлар тәуекелге бармайды және туристік объектілердің құрылысына одан әрі қаражат салмайтын болады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.
Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік инфрақұрылымды, оның ішінде қонақ үйлерді дамытуды ынталандыратын заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады.
Қолдаудың негізгі шараларына, мысалы қонақ үй саласында мыналар жатады:
құрылыс үшін жер учаскесін бөлуге көмек;
маркетингтік зерттеулер жүргізуге көмек;
жоғары кредиттік ставкалар бойынша күрделі салымдарды қайтару;
жобаның бастапқы кезеңіндегі шығындарды жобадан табыс алу кезеңіне жатқызу (төлемдердің мерзімін ұзарту);
жобалар инфрақұрылымын мемлекеттің дамытуы;
елде өндірілмейтін жобалау жабдықтарын жеткізу кезіндегі салықтық және кедендік жеңілдіктер.
Өзге де жеңілдіктерге табыс салығының болмауын (Эстония, БАӘ) және жалпы салық салудың үндестігін (Балтық елдерінде) жатқызуға болады. Кейбір елдерде туристік инфрақұрылым қаржылық сипаттағы маңызды жеңілдіктерге ие.
Түркияда қонақ үй-туристік кешеніне мемлекет 40 % қаржылық демеу көрсетеді, бұл бәсекеге қабілетті бағаларды белгілеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, туристер үшін ыңғайлы жергілікті ақша бірлігімен қатар шетелдік валюталардың еркін жүруі қабылданған.
Израильде қонақ үй саласындағы инвестициялардың 30 %-ына дейінгі көлемін инвесторға мемлекет тікелей аударымдар арқылы және салық жеңілдіктері арқылы (туристерді тартудың белгілі бір көлеміне қол жеткізген жағдайда) қайтарады.
Мексикада Акапулько және Канкун курорттарының маңында франко аймақтары (салық салудан босатылған) құрылған.
Испанияда испандық туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспары қабылданған, онда негізгі курорттық аймақтарда қонақ үйлерді қайта жаңарту мен жаңғырту, жағажайы жоқ аудандарда (Валенсия) ауыл туризмін дамыту басымдықты бағыт ретінде белгіленген. Тенериф аралы франко аймағы болып жарияланған, ол тек туристік қызмет көрсету құнының (оның ішінде қонақ үйлердің) төмендеуінен ғана емес, сонымен қатар басқа да өнімдердің, атап айтқанда жанар май құнының төмендеуінен көрінеді; үкімет арал инфрақұрылымының дамуына ірі сомаларды инвестициялайды;
Мароккода дамудың басым жобаларына (ірі ойын-сауық саябақтары, қонақ үй кешендері және басқалары) тікелей бюджеттік инвестицияларды көздейтін (20 - 40 %) туризмді дамыту жоспары қабылданған.
Индонезияда Бали аралы еркін экономикалық аймақ болып танылған, бұл туристік ұсыныстардың бағасын төмендетеді. Бұнда инфрақұрылымның дамуында тікелей бюджеттік инвестициялар қолданылады. Әдетте, әлеуетті инвесторлардың алдына алдын-ала шарттар қойылады - бұл дамушы деп танылған өңірлерде жүзеге асырылатын жобаларды инвестициялау. Бұған қоса, мынадай талаптар қойылады: тұрақты валюта түрінде алынған кірістер мен табыстарды елде пайдалану; жергілікті қызметкерлерді тарту; оларды оқытуды жүзеге асыру және т.б. Кейде жобаның сыртқы түріне де (жергілікті сәулетпен үйлесу) талаптар қойылады.
Егер қолайлы инвестициялық климат құруды білдіретін, қонақ үй саласына күрделі салымды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтатын болсақ, онда мұндайлар ретінде әдетте төмендегілер қарастырылады:
болашақ инвесторларға ақпарттық және консультациялық көмек. Жобаның болашағын дұрыс бағалау үшін инвестор бірнеше жылдар ішіндегі динамикадағы негізгі нарықтық көрсеткіштер туралы ақпаратты білуі қажет. Қонақ үй индустриясында мұндай көрсеткіштерге қонақ үйлердің толық болуы, нөмір үшін түскен табыстар, нөмірдің орташа бағасы және тағы басқалары жатады. Бұл мәліметтерді тек ресми мемлекеттік деректерден немесе арнайы консалтингтік компаниялардан алуға болады;
мемлекеттік кепілдемелерді беру кредиттерді қамсыздандырудың кең таралған тетігі. Үкіметтік кепілдік бойынша ТМД елдерінде бірқатар қонақ үй объектілері салынған (мысалы: Ташкент қаласындағы «Щодлик»). Ынтымақтастықтың мұндай нысаны шетелдік инвесторлардың көңілінен шығады әрі өтпелі және дамыған экономикалы елдердің іскерлік тәжірибесінде біршама таралған;
инвесторлардың мүддесін қорғайтын заңнаманы әзірлеу, пайданың қайтуына қатысты салық жеңілдіктері мен кепілдемелер белгілеу.
ЮНДТҰ деректеріне сәйкес, әлемдегі туристік сапарлардың жалпы санының 60 %-ын демалысқа байланысты сапарлар, 30 %-ын іскерлік сапарлар құрайды екен.
Қазақстанға қызығушылық танытатын туристердің нысаналы тобы:
жабайы, адам қолы тимеген табиғатты және таңғажайып ландшафтты ұнатушылар;
зерттелмеген туристік бағыттарды ұнатушылар, алғашқы ашушы болуға ниетті білімқұмар туристер;
Қазақстанда экологиялық туризм жақсы әлеуетке ие, бірақ жеткілікті дамымаған.
Туризмді дамыту жөніндегі 2007 - 2011 жылдарға мемлекеттік бағдарламада экотуризм басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған болатын және оны дамыту жөнінде ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатты әзірлеу көзделген болатын. Алайда, бүгінгі күні саясат та, бірыңғай ұйымдастыру тәсілдері де қалыптастырылған жоқ.
Экотуризм табиғи аумақтарға туристік ағындарды көбейтуге бағдарланбаған, ол табиғатты сақтап қалуға мүмкіндік береді, тиісінше қоршаған ортаға теріс әсер етуі ықтимал инвестициялық жобаларды іске асыруды талап етпейді.
Қазақстанның аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, оның ішінде 11-і мемлекеттік ұлттық парк, оларда экотуризмді дамытуға бағытталған реттемелі туристік пайдалануға жол берілген. Оның объектілерінің табиғи да, мәдени де көрнекті жерлер, табиғи және табиғи-антропогенді ландшафтар болуы мүмкін екенін есепке алсақ, сондай-ақ онда дәстүрлі мәдениет қоршаған табиғи ортамен бірыңғай тұтастықты құрайтынын есепке алсақ, экологиялық туризмді дамыту табиғи аумақтарға қаржылық қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оларды сақтауға деген мүдделілікті туғызуға мүмкіндік береді.
Ауыл экотуризмінің де дамуға әлеуеті бар. Оны дамыту ауылдық аумақтармен шектеліп отыр және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен түсіндіріледі.
Көрсетілген туризм түрі шеңберінде Қазақстанда қонақжай үйлер дами бастады, туристер оларға тоқтай отырып, ауылдық өмір салтын сүреді, қазақтың күнделікті мәдениетімен және табиғи көрнекті жерлерімен танысады.
2005 жылдан бастап Алматы қаласында Экологиялық туризмнің ақпараттық ресурстық орталығы қызмет етеді, орталық аталған қонақжай үйлерді құру және дамыту жөнінде жұмыс істейді. Бұл үйлер Қазақстан Республикасында экологиялық, орнықты туризмді дамыту тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Аталған мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, экотуризмнің әлеуметтік-экономикалық рөлі түрлі функциялы аудандарда ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы аумағында экотуризм өндірістік, ландшафты және жергілікті халықтың дәстүрлі өмірі үшін қосымша кіріс көзі болуы мүмкін. Басты функциясы табиғи және мәдение-тарихи мұраны қорғау болып табылатын аумақтарда экотуризм - осы функцияны атқаруды экономикалық тұрғыдан ақтайтын басты кіріс көздерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптік аудандарда экотуризмнің рөлі аз өзгеріске ұшыраған табиғат учаскелерін қорғауда және халықтың физиолгоиялық және психологиялық тепе-теңдігін ұстап тұруда болып табылады.
Экотуризм географиясы дәстүрлі туризмнің географиясынан ерекшеленеді. Негізгі халықаралық экотуристік ағындар дамыған елдерден дамушы елдерге қарай бағытталған. Бірақ бұл ретте дамушы елдерде туристік салада туризмнің үлесі жоғары, себебі Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде ішкі экотуризм кеңінен таралған деп пайымдауға болмайды.
Экотуристерді тарту жөніндегі әлемдегі алғашқы елдердің бірі Кения болып табылады. Кения келген он адамның сегізі экотуристік мақсатта келеді. Экотуризм туристік нарығы тез даму үстіндегі Латын Америкасы елдерінде және Оңтүстік Америкада да ерекше байқалады, бұл елдер инфрақұрылым құру, адам дамуы, дамуы кенже қалған «қара» аудандарды көтеру, қоғамды одан әрі демократияландыру салаларында экотуризмге маңызды үміт артып отыр.
АҚШ-та халықаралық экотуризм сұранысының 1/2-інен астамы тоғысқан. Экологиялық туризмнің сан алуан түрлері елдің өзінде де белсенді дамып келеді. АҚШ-та ішкі де, халықаралық та экотуризммен байланысты әлемдегі ең көп ұйымдар орналасқан. АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде экотуризмнің мемлекеттік деңгейдегі ролі шағын болса да, оның өңірлік және жергілікті деңгейдегі рөлі тұрақты түрде өсіп отырады. Экосаяхаттардан түскен кірістер халықаралық туризмнен түсетін кірістің кемінде 10 %-ын құрайды.
Тұтастай алғанда, экологиялық туризмге деген әлеуетті қызығушылық халықаралық нарықта 8,9 млн. адамды (немесе жалпы әлеуеттің 63 %) құрайды. Бұл туристік өнім әлемдік туризм нарығында ең үздік тұғырға ие және Қазақстанда дамыту үшін негізгілердің бірі болуы тиіс.
Сақ қорғандары/төбелері, Есіктегі Алтын адам және көптеген басқалары сияқты жиырма жеті мың көне ескерткіштің болуы Қазақстанның көне және бірегей тарихына куә.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық учаскесі тарихи ескерткіштердің, археология, сәулет, қала құрылысы және монумент өнері ескерткіштерінің бірегей кешенін білдіреді. Олар тек сауда орталықтары ғана емес, сондай-ақ ғылым мен мәдениеттің орталығы болған Отырар, Тараз, Сайрам, (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Баласағұн және басқа да көне қалалар болып табылады.
Осының барлығы мәдени-танымдық туризмді тиімді дамытуға ықпал жасауы тиіс, бірақ аталған сектордың жарнамалық-ақпараттық материалдың болмауы, нашар инфрақұрылым, соның ішінде туризм объектілерінің жанындағы орналастыру орындарының аздығы, журу жолдарының төмен сапасы сияқты көптеген факторларға тәуелді болуын ескерсек, оның төмен бәсекеге қабілеттілігі байқалады.
Қазақстан бірегей табиғи-минералдық және климаттық ресурстарға ие бола отырып, емдеу-сауықтыру және тау шаңғысы туризмін де дамыта алады.
Емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету мен дамыту нарығындағы жағдай туристік-рекреациялық бағыттағы кәсіпорындар санының өсуіне қарай өзгеруде.
Аталған мәселенің жай-күйін талдау 1999 жылдан бастап санаторийлік-курорттық мекемелер мен демалыс ұйымдарының саны бірте-бірте көтеріліп және дамып келе жатқанын көрсетеді, олардың саны 2007 жылдың қорытындысы бойынша 127-ге дейін өскен.
Қазақстан үшін аса өзекті осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу санаторийлік-курорттық емделуге туристік келулер бойынша көшбасшылық ең ірі және әйгілі әлемдік Карловы-Вары шипажайының арқасында Чехияға тиесілі екенін көрсетіп отыр. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің деректері бойынша, жыл сайын оған әлемнің 70-тен астам елінен 50 мыңға жуық адам емделу үшін және 2 млн.-ға жуық турист рекреациялық-сауығу мақсатында келеді екен.
Швейцария - соңғы он жылда тау шаңғысы туризмі бойынша танымал ел, тау шаңғысы туризмі елге 20 млрд. АҚШ долларына дейінгі көлемде кіріс әкеледі. Туризмнің осы түрі Альпі тауларын белсенді пайдаланатын Италия мен Францияда, сондай-ақ Австрия, Словения және Монтонегрода дамыған. Туризмнің осы бағытын дамытуды жандандыруды Болгария мен Түркия сияқты елдер де жоспарлап отыр.
Қазақстан үшін тау шаңғысы туризмін дамытудың жоғары өзектілігі бар, оны дамыту жекелеген өңірлерде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізіне айналуы мүмкін.
Бірегей табиғи жағдайлар жайлылық пен қызмет керсетудің жоғары деңгейіне ие, заманауи ірі тау шаңғысы кешендерін салуға мүмкіндік береді.
Туризмнің жоғарыда көрсетілген түрлерін дамыту барлық туристік-рекреациялық кешеннің экономикалық тұрақтылығын және табыстылығын қамтамасыз етуге, елдің құнды табиғи емдік ресурстарын сақтауға және ұтымды пайдалануға, туристік-рекреациялық қызметтерді көрсету деңгейін арттыруға, елде бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар туғызуға ықпал жасайтын болады.
Туризм инфрақұрылымның дамуына қарамастан, көптеген туристік объектілерде қызмет көрсету сапасы төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туристік сала үшін кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру уақытты талап ететінімен байланысты.
2008 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заңды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілерде білім беру қауымдастықтармен және ұйымдарымен бірлесіп, өздеріне қажетті туристік кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын енгізуге нақты мүмкіндік тудыру үшін нормативтік база жасалды. Бұған «Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қыркүйектегі № 878 қаулысы бағытталды.
Елдің туристік сала үшін кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарында Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған «WTO-TedQual» туристік білім беру сапасы жүйесін енгізу проблемалық мәселе күйінде қалып отыр.
Осы мақсатта ЮНДТҰ сарапшылары мен Білім және ғылым министрлігі сертификаттаудың аталған жүйесін Қазақстанның бір жетекші мемлекеттік жоғары оқу орнының базасында енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы мәселені зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Өңірдің туризм орталығы болуды жоспарлап отырған Қазақстанға, қызмет көрсету секторында талап етілетін орта және жоғары буындағы білікті кәсіби мамандардың жетіспеушілігі ерекше өткір байқалатын туризм индустриясы саласында кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажет.
Туристік сала үшін мамандарды даярлау техникалық және кәсіптік білім берудің 77 оқу орнында 11 мамандық және 33 біліктілік бойынша жүзеге асырылуда, онда 16,6 мың адам оқиды.
Туризм және спорт министрлігі бизнес-қауымдастықтардың, жұмыс берушілердің, сондай-ақ, туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жоғары, техникалық және кәсіптік орта оқу орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) «Орталық Азия елдеріндегі ұлттық біліктілік шеңберлері» жобасы шеңберінде туризм саласының жаңа біліктілік құрылымын әзірледі. Оны бекіту үшін эксперименталды сынақ өткізу керек.
Осы мақсатта Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және тікелей қатысуымен пилоттық жоба ретінде туризм саласында икемді біліктілік құрылымды енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.
Соңғы екі жыл ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен Статистика агенттігі бірлесіп, Экономикалық қызмет түрлері жіктегішіне және Салалар бойынша мамандар даярлау бағыттарының жіктегішіне Министрлік бастама жасаған туризмді кластерлік дамытуды іске асыруға байланысты өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөнінде жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар, соның негізінде туризм статистикасы қалыптастырылатын және туризм саласының мемлекет экономикасын дамытуға қосатын үлесін бағалауға мүмкіндік беретін Туризмдегі қосымша шот енгізілді. Алайда, экономикасында туризмнің үлесі 50 %-дан астамды құрайтын елдермен қатар, статистикалық есепке алуды жетілдіруді әлі де жалғастыру талап етіледі.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 126 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 4 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 5 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 7 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 8 страница | Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 9 страница | лемдік Монила декларациясы. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав