Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

1. Резиденттер бағалы қағаздарды сатып алуға, ұйымға (оның ішінде жарғылық капиталына) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында немесе оның мүлкіне жарна ретінде ақшаны және өзге де мүлікті енгізуге байланысты валюталық операциялар туралы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарына байланысты валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлауға міндетті.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
2. Резидент еместердiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету мақсатында резиденттердiң резидент еместердiң бағалы қағаздарын, резидент еместердiң инвестициялық қорларының пайларын сатып алуы, резиденттердiң салымдар енгiзуi, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар лицензиялау режимiнде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелерi банктерге, сақтандыру ұйымдарына, сондай-ақ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына (олар зейнетақы активтерiн инвестициялаған кезде) қолданылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
3. Бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көрсетiлген валюталық операцияларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз қаражаты есебiнен де, клиенттердің қаражаты есебінен де осындай операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін лицензиялар береді.
Осы тармақтың ережелері бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын банктерге қолданылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
4. Жеке тұлғалар мен резидент заңды тұлғалардың өздері алған лицензиялар шегінде бағалы қағаздар нарығының қазақстандық кәсіби қатысушылары арқылы жүзеге асыратын осы баптың 2-тармағында көрсетілген валюталық операциялары шектеусіз жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
5. Туынды қаржы құралдарының базалық активіне қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимінде жүзеге асырылады.
Туынды қаржы құралдарының базалық активі болып табылатын тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттемелерді іске асыру нәтижесінде жүзеге асырылатын резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 12 және 20-баптарында көзделген тәртіппен реттеледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
6. Резиденттердің жарғылық капиталға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында резидент еместердің резиденттердің бағалы қағаздарын, резиденттердің инвестициялық қорлардың пайларын қоса сатып алуы, резидент еместердің салымдар енгізуі, сондай-ақ резиденттердің бағалы қағаздарды халықаралық капитал нарықтарына бастапқы орналастыруы, оның ішінде резиденттердің бағалы қағаздарға депозитарлық қолхаттар шығаруы тіркеу режимінде жүзеге асырылады.
7. Осы баптың ережелерi тiкелей инвестицияларға қолданылмайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04. № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 89 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Валюталық операцияларды лицензиялау | Бап. Тіркеу режимі | Бап. Хабарлама режимі | Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау | Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары | Бап. Шетел валютасын сатып алу және сату | Бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi | Бап. Арнайы валюталық режим |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав