Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. Бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
  3. В130100-«Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттеріне
  4. Деу өндірісінің жалпы технологиясы» пәнінен сұрақтар
  5. Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
  6. Жалпы медицина» мамандығы үшін «хирургиялық аурулар» пәні бойынша
  7. Жалпы проблемалар
  8. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша
  9. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша

Автоматты реттеу жүйесіндегі автоматика элем-ң қызметтері

Автоматика элементтері деп АБЖ-де сигналды түрлендіруді орындайтын құрылғы. Ол бірнеше қызмет орындайды: а) басқарылатын шаманың мәнін басқа сигналға түрлендіру (датчиктер, сезгіш элем-р); б) бір энергия түріндегі сигналды екінші энергия түріне түрлендіру; в)энергия мәніне сәйкес түрлендіру(күшейткіштер); г) сигнал түріне байл. түрлендіру; д) сигнал формасы б/ша түрлендіру- тұрақты ток сигналын айнымалыға н/е керісінше; е)басқарылатын процеске әсер ету үшін сигналды қолдану(орындаушы элем-р);

Автоматты жүйе элементтері

АЖ өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика элементтері не құралдары деп атайды. Элементтерді жүйеде атқаратын қызметіне қарай салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші және атқарушы деп ажыратылады. Қабылдаушы элементтер не бастапқы түрлендіріп бергіштер(датчиктер) технологиялық процестердің басқарылатын шамаларын өлшейді де, оларды бір физикалық түрден екінші бір физикалық шамаға түрлендіреді. Жоспарлаушы элементтер (баптау элементтері) арқылы жүйеге реттелетін шаманың Xo қажет мәні беріледі, оның нақты мәні осы берілген мәнге сәйкес келуі тиіс. Салыстырмалы элементтер реттелетін шаманың берілген мәнін Xo нақты мәнімен X салыстырады. Бұл элементтің шығысында алынатын айырымдық сигнал X= Xo- X атқарушы элементке тікелей не күшейткіш арқылы беріледі. Түрлендіргіш элементтер сигналдың пайдалануға ыңғайлы түрге түрлендіруін және оның қуатын

магниттік, электрондық және т.б.күшейткіштер арқылы үдетуін жүзеге асырады. Атқарушы элементтер басқару объектісіне берілетіін басқару әсерін тудырады. Олар басқару объектісіне берілетін не одан алынатын энергия немесе заттар санын өзгерту арқылы басқарылатын шаманы берілген мәніне сәйкес етіп ұстап отырады.Түзетуші элементтер басқару процесінің сапасын жақсарту үшін қажет. АЖ-де көрсетілген негізгі элементтерден басқа қосалқы элементтер де болады. Оларға ауыстырып қосқыш құрылғылары мен қорғау элементтері, резисторлар, конденсаторлар жатады. Басты сипаттамалардың біріне элементтердің статикалық сипаттамасы жатады. Статикалық сипаттама деп тұрақталған режим кезінденгі Хшығ шамасының Хкір шамасына тәуелділігі. Динамикалық сипаттама элементтердің динамикалық режимде, яғни кірістік шаманың шапшаң өзгерген сәттеріндегі жұмысын бағалау үшін пайдаланылады.

Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар

Автоматты басқару жүйесін жіктеу жүйенің тағайындалуы мен конструкциясын сипаттайтын және басқа да принциптер мен белгілер бойынша жүргізіледі. Алдымен автоматты жүйенің басқару алгоритмі мен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайтын, басқару теориясы үшін өте маңызды белгілер арқылы жіктеуді қарастырайық. Ол белгілер ретінде автоматты басқару жүйесінің жұмыс істеуін реттеу,яғни әсер ету тізбегінің түрін және басқарушы әсерді алу әдісін жатқызуға болады. АБЖ –ін басқару әдісі және қызмет белгісі бойынша жіктеуге болады. Басқару әдісіне қарай жүйелер: кәдімгі- өздігінен бапталмайтын және адтивті- өздігінен бапталатын болып екі класқа жіктеледі. Кәдімгі жүйелер қарапайым категориясына жатады да, басқару процесінде өз құрылымын өзгертпейді. Олар – ажыратылған немсе тұйықталмаған, тұйықталған және аралас басқару жүйелері болып қосалқы үш класқа ажыратылады. Ал тұйықталмаған АБЖ автоматты нық басқару жүйесіне (АНБЖ) және қобалжыту бойынша басқару жүйесіне бөлінеді. Тұйықталған автоматты жүйеде басқарушы құрылғының кірісіне ішкі және сырқы әсерлер бірдей беріледі, яғни бұл жүйеде басқарылатын шама әр уақытта бақылауда тұрады. Тұрақтандырушы автоматтық жүйе деп қызмет істеу алгоритмі басқарылатын шаманы берілген мәнінде ұстап тұруға бағытталған жүйене айтады. Бұл өндірістік автоматикада кеңінен тараған,олар көбінесе технологиялық объектілердің күйін сипаттайтын әртүрлі физикалық шамаларды тұрақтандыру үшін қолданылады. Программалық басқару жүйелері деп басқарылатын шаманы берілген программаға сәйкес өзгертіп отыратын жүйелерді айтады. Қадағалауыш автоматты жүйе деп өзгеру заңдылығы алдын-акла белгісіз, жүйе кірісіне берілетін әсердің өзгеруіне сәйкес басқарылатын шаманы өзгертіп отыру үшін қолданылатын жүйені айтады. Аралас жүйе ауытқу және қобалжыту бойынша басқару дәлдігін едәуір арттырады. Бұл жүйе басқарудың көтеріңкі дәлдігін қамтамасыз етеді және оның тиімділігі де басқаларға қарағанда жоғары




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 123 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Гидравликалық ОМ. Динамикалық қасиеті. | Импульс санауыштары. Екілік қосқыш санауыштар. | Логические элементы | МП құрылымы | Синхронизация ж/е басқару блогы. МП жүйес-ң сұлбасы. | Элеметтердің қызметтік көрсеткіштері және энергия көзі бойынша топтастырылуы. | Асинхронды RS-триггер | мбебап JK-триггер. T-триггер |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав