Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы проблемалар

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  3. В130100-«Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттеріне
  4. Деу өндірісінің жалпы технологиясы» пәнінен сұрақтар
  5. Жалпы медицина» мамандығы үшін «хирургиялық аурулар» пәні бойынша
  6. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша
  7. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша
  8. ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР» мамандығы бойынша
  9. Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары

Біріншіден, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялардың тапшылығы.

Аталған проблемалардың тереңдеуі:

· инвестициялардың маңызды үлесі шикізат секторына салынатындығы;

· республикадағы экономикалық қызметтен алынатын негізгі кірістер, экспортқа бағдарланған және көп дәрежеде шетел инвесторларының қолында шоғырланған жерқойнауын пайдалануға келетіндігі сияқты себептермен байланысты туындайды.

Бұл ретте, біздің еліміз әзірге өзінің ішкі қаржылық мүмкіндіктерін (қор нарығы мен банк аясының қаражатын) отандық экономиканы әртараптандыруға (диверсификациялауға) бағыттау жағдайында емес. Оның себептері: шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстан өндірісіне инвестициялардың болмауы: рентабелділігі төменжағдайда үлкен тәуекелдерге бару.

Екіншіден, нарыққа технологиялық жаңалықтар енгізудің осы заманғы тетіктерінің болмауы.

Бүгінгі күні Қазақстан ғалымдары, көпжылдық зерттеулер нәтижелері мен идеаларға негізделген көптеген әзірлемелерге ие. Бірақ та, оларды өндіріске енгізу проблема болып қалуда, ал оны сату бірді-екілі жағдайлар болып саналады.

Шетелдік әзірлемелер өзінің сапалық сипаттамалары бойынша неғұрлым артықшылықты болып саналады және тиісті қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайларда отандық кәсіпорындар оны жиі пайдаланады. Мұнан өзге, патенттерді қолдау, зияткерлік меншікті бағалау проблемалары және лицензиялар беру тетіктері зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру мен өндірісте кеңінен қолдау үшін ғылыми әзірлемелерді беруді тоқтатады.

Үшіншіден, ішкі нарықта озық технологиялар мен өнеркәсіп жаңалықтарына төлемқабілетті сұраныстың болмауы. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет, көрсету аясына жатады және олардың өнімі нарықта қажетсініледі. Бірақ та, ғылыми қызмет көрсету мен ғылымды көп қажетсінетін өнімдердің қазақстандық нарығы қазіргі уақытта жеткіліксіз дамыған. Отандық кәсіпорындардың басым көпшілігі өзіне ғылымның қызмет көрсетуін «сатып ала алмайды». Мұнан өзге, технологиялық және инновациялық өнімдерге сұраныс деңгейінің төмендігі, экономиканың минералдық ресурстарды өндіруге құрылымдық бағдарланушылығымен байланысты туындайды.

Қазақстан нарығы бүгінгі күнге отандық ғалымдардың және әзірлеушілердің көрсететін қызметтерін толықтай төлеуге дайын емес.

Төртіншіден, өндірістік әлеуеттің кемшілігі.

Ғылыми-техникалық ақпараттар Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының (ары қарай – Қаз Мем ҒТАИ) мәліметтері бойынша, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметпен, зияткерлік өнімдер шығарумен айналысатын 455 мемлекеттік, қоғамдық және жеке ҒЗИ, жобалау-конструкторлық ұйымдар мен кәсіпорындар, оның ішінде 77 ғылыми-зерттеу ұйымдары, 11 жобалау-конструкторлық (технологиялық), 13 ғылыми-техникалық (өндірістік) орталықтар, 7 ұлттық орталықтар, 17 ғылыми-техникалық профилдегі кәсіпорындар жұмыс істейді. «Зерттеу – әзірлеу – жобалау – жасау» кешенінің элементтері арасында белгілі бір диспропорция туындайды.

Қазақстанда республикадағы бүкіл ғылым аясының 80%-ы зерттеу бөлігіне және 20%-ға жуығы жобалау-конструкторлық және тәжірибелік-өндірістік бөлікке келеді, өйткені осы құрылымдар ғылыми-техникалық әзірлемелерді тауар жағдайына дейін жеткізуі тиіс.

Мысал үшін, АҚШ-та бір оқымыстыға тәжірибелік-өнеркәсіп өндірісінің екі конструкторы, жобалаушы және төрт қызметкері келеді.

 

Өзіндік проблемалар:

Біріншіден, жоғары білікті жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі.

Бүгінгі күнге, мемлекеттің инновациялық саясатына тез және сапалы әрекет етуге қабілетті мамандардың жетіспеушілігі Қазақстан үшін өткір проблема болып саналады. Осымен байланысты Қазақстанның инновациялық дамуы, менеджмент деңгейін арттыруға бағытталған, инновацияларды басқарудың тұтас жүйесін құруды талап етеді, өйткені ғылыми-техникалық әзірлемелердің, инвесторлар, өндірушілер және тұтынушылар үшін тартымды дайын инновациялық өнімге айналу процесін дайындығы бар және оқытылған мамандар – инновация менеджерлері ғана жүзеге асыруы мүмкін.

Білім берудің осы заманғы жүйесі мен осы заманғы менеджерлерсіз технопарктердің тиімді және динамикалы жұмысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл ретте, үлкен тапшылығы сезіліп отырған, техникалық мамандықтарды дамытудың бірінші кезектілігі ешқандай да күмән туғызбайды, ал кадрлар еріксіз шетелден тартылады.

Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық идеялар мен әзірлемелер, жоғары технологиялар мен ұлттық өнім, кадрлардың зияткерлік және білім беру әлеуеті – «ұлттық инновациялық қабылеті» – тұрақты экономикалық өсудің басты қозғаушы күші болып саналады.

Екіншіден, технопарктерді дамытуға жеке сектор шығындарының жеткіліксіздігі.

Қолданбалы зерттеулер мен ғылымға және инвестицияларды тарту жүйесін дамыту деңгейінің төмендігі Қазақстанның инновациялық жүйесінің ірі кемшілігі болып саналады, өйткені, әлемдік тәжірибеге сәйкес, атап айтқанда солар технопарктерді дамытудың негізгі факторларының бірі болып саналады.

Инновациялық технологияларға жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі, мемлекеттік ғылыми орталықтар әзірлейтін инновациялық технологиялар мен өнімдердің бір бөлігі қажетсіз болып қалатынына әкеледі, өйткені олар өнеркәсіп кәсіпорындарының өзіндік қажеттеріне бағытталмайды.

Үшіншіден, венчурлық қорлар құру проблемалары.

Жаңадан құрылған және өсу әлеуетіне ие технопарктер, әсіресе өзінің дамуының бастапқы кезеңдерінде, әрқашан да қаржыландыруды қажет етеді. Сонымен бірге, тұрақты қаржылық жағдайы болмағандықтан олар, банктік несиелер немесе көпшілік қаржы нарықтарына бағалы қағаздар орналастыру сияқты дәстүрлі көздерден қаражат аламын деп есеп құра алмайды.

Сондықтан да венчурлық инвестор іздеу жас технопарктер үшін қаражаттың жетпеуімен байланысты проблеманы шешудің бірден-бір жолы болып саналады.

Бірақ та Қазақстанда бүгінгі күнге Қазақстандағы инвестициялық пай мен венчурлық қорлардың дамуын тежейтін, бірқатар заңнамалық нормалар мен ережелер қолданылады. Мысалы, егер бұл кәсіпорын шығынсыз болса да, тиісті рейтингке ие емес кәсіпорындар акцияларын сатып алуға тыйым салу. Сондай-ақ бүгінгі уақытта, инновациялық қордың жобадан шығуы проблемалы болып саналады: ішкі ережелерге сәйкес, қор үлестік қатысуда 49%-ға ие, ал акционерлік қоғамдар туралы Заң, қоғамға, меншік капитал есебінен акциялардың 25%-ының ғана құнын өтеп сатып алуға рұқсат етеді.

Венчурлық корлардың болмауы:

· инновациялық жобаларды коммерциялық дамыту тәжірибесінің жеткіліксіздігі;

· инновациялық жобаларды коммерциялық банктердің қаржыландыруының жоқтығы;

· зияткерлік меншік құқықтарын қажетті деңгейде қорғау үшін қаражаттың жетпеуі сияқты, бірқатар өзекті проблемалардың туындауына әкеледі.

Төртіншіден, инновациялық университеттердің дербестігінің жеткіліксіздігі.

Бүгінгі күні қазақстандық ЖОО-лар, республикада құрылатын технологиялық парктер жүйесінің негізгі элементі болатындай, өндірістік секторы бар шағын және бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәселені дербес шеше алмайды. Бұл үшін ҚР білім және ғылым Министрлігі мен ҚР мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті тараптарынан келісу мен рұқсат берудің ұзақ процесі талап етіледі. Мұнан өзге, жаңа білім, инновациялық өнімдер алу, ғылымды дамыту және оқу процесін жетілдіру, заманауй жоғары технологиялы зертхана жабдықтарын сатып алусыз мүмкін емес. Сонымен бірге ЖОО-лар осындай жабдықтарды дербес шетелден сатып алу мүмкіндіктеріне ие емес, сондықтан бағасы әлденеше есе жоғары, делдалдардың қызметтерін еріксізден пайдаланады.

Бесіншіден, жаңа технологиялық әзірлемелер нарығының конъюктурасы туралы ақпараттардың болмауы.

Осындай ақпараттардың жеткіліксіздігі, жаңа өнімдер өндірісін жоспарлайтын қазақстандық зерттеушілер мен өндірушілер үшін қиындықтар туғызады, яғни технопарктердің ғалымдары мен әзірлеушілерінің жағдайды анық бағалап, белгіленетін көрсеткіштерді осындай өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен салыстыру мүмкіндіктеріне ие емес.

Осылайша, нарықтағы бәсекелестік деңгейі туралы жеткіліксіз ақпарат ала отырып, отандық өндірушілер «қараңғыдағы бәсекелестік» жағдайда еріксіз жұмыс істейді.

Алтыншыдан, шикізатты өңдеуге бағдарланған технопарктердің жоқтығы.

Қазақстандық өңдіруші салаларды, атап айтқанда, мұнайхимия саласын дамыту туралы айтқанда, республика иелік ететін, бай мұнай және газ әлеуеті әлі де толықтай жүзеге асырылмай жатқанын атап өту қажет. Мәселен, Павлодар, Атырау және Шымкенттің мұнайөңдіруші зауыттарындағы көмір сутегі шикізаттын өңдеу көлемі 55%-ды ғана құрайды, олардың 40-45%-ның ғана өндірістік қуаты пайдаланылады. Соған қарамастан дамыған елдерде осындай көрсеткіш 98%-ға дейін жетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы жағдайында соңғы уақыттарда мұнайхимия кешенін көтеру бойынша нақты іс-шаралар қабылдануда, бұл процеске ірі отандық және шетел компаниялары қатысуда.

Сонымен бірге, өкінішке қарай, Қазақстанда көптеген инновациялық жобаларды енгізу мүмкін емес болып көрінеді, өйткені шағын және орта кәсіпорындар әзірге жұмыс процесіне жаңа технологияларды қолдануға дайын емес. Ірі шетел компанияларының басшылығы қазақстандық ғылымдардың жұмыстарына қызығушылық танытпауда. Олардың әзірлемелерін Қытай ғана сатып алуда.

Бүгінгі күні Қазақстанда инновациялық даму жолына көшу үшін бүкіл алғы шарттар бар. Бұл – шикізат пен қуат көздеріне ішкі қажеттіліктердің үлкен бөлігін қамтамасыз ететін, бай табиғи ресурстар; ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді іске қосу үшін елеулі уақытша жұмыс істемей жатқан өндірістік қуаттардың болуы; оның жеткілікті түрде жоғары жалпы білім беру деңгейімен үйлестіктегі арзан жұмыс күші; жеткілікті түрде дамыған ғылыми-техникалық әлеует; бірқатар технологиялық укладтар бойынша кемшіліктердің болуы.

Одан да артық санауға болатыны, осы кезге дейіннің өзінде, ғылым мен техника жетістігі негізінде елдің экономикасын дамыту үшін қажетті жағдай мен қолайлы орта жасау, теңдестірілген өндірістік инфрақұрылымдар құру және елдің жалпы ұлттық өніміндегі құрайтын шикізаттың бір бөлігін бірте-бірте жоғары технологиялы экспорттық өнімдермен алмастыру сияқты, елімізде инновациялық инфрақұрылымдар элементтерінің енгізілгендігі болып табылады.

Сонымен бірге, технопарктерді интенсивті енгізуге және елде қуатты өндірістік және ғылыми әлеуеттің бар екендігіне қарамастан, әзірге Қазақстанда шетел тәжірибесін тиімді пайдалануға қол жеткен жоқ, технопарктер ірі ғылыми орталықтар жанынан құрылуда және ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялы бизнеске тартылған жаңа компанияларды дамытуды ынталандырады. Қазіргі түріндегі технопарктер, негізінен, компаниялар ғимаратты жалға алатын, бірақ та жаңа технологияларға негізделген кәсіпорындардың өсуін қолдайтын орын емес, шоғырландырылған стандартты инфрақұрылымдық қолдау орнын білдіреді.

Олардың салаға жатушылығына қатыссыз түрде бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру өз кезегінде, олардың басты функциясы болып саналады және соның салдары ретінде, оларда технопарктер ретінде – инновациялар жасау мен енгізуді айқындайтын басты фактор болмайды.

Осылайша, жоғарыда айтылған проблемалар өзінің жедел шешімін табуды талап етеді. Осымен байланысты ақпараттық және жоғары тенологиялы өнімдер жасауға және енгізуге бағдарланған технопарктер желісін дамыту үшін қажетті жағдайлар қалыптастыру негізі болып саналатын, кешенді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру қажет.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 128 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары | Жинақ және инвестициялар | Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау | Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау | Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері | Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде | Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы | Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав