Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы

Читайте также:
  1. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  2. Ақпараттық диктант
  3. Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат
  4. Бап. Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу
  5. Бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабы
  6. Білімді бағалау бойынша ақпарат
  7. Леуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары.
  8. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

 

1. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді.
2. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 

Бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

 

1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.
2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың құзыретіне сәйкес беріледі. Өзге адамдарға аталған ақпарат құқық иесінің келісімімен беріледі.
3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куәландырған көшірмелері құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң) сұрау салуы бойынша, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес салық және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық және қорғаншылық органдардың дәлелді сұрау салуы бойынша берiледi.
4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Тарау. ҒИМАРАТТАРДЫ, ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМДАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

 

Бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік монополия

 

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру болып табылады.
2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және кейінгі зерттеуді, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беруді қамтиды.
Бастапқы тексеру жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектісін бастапқы тексеру нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады.
Кейінгі тексеру ғимараттарды, құрылыстарды немесе оның құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, осындай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта кейінгі тексеру жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмірі, мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (ол бар болған кезде) өзгерген кезде жүргізіледі.
Кейінгі тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістер көрсетілетін техникалық паспорт ресімделеді.
4. Мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізудің тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Басым мүдделер | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру | Бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту | Бап. Құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру | Бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу | Бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав