Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау

Читайте также:
  1. A) материалдарды қабылдау актiсi
  2. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  3. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  4. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  5. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  6. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  7. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  10. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

 

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса бере отырып, құқық белгілейтін және тіркеу объектісін растайтын өзге де құжаттарды;
3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты;
5) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды ұсынуға тиіс.
2-1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтерді тіркеуші орган электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
3-1. Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді.
3-2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда, алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын тоқтатуды және мемлекет құқықтарының туындауын тіркеу өтініш беруші тіркеуші органға өтемнің төлегенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті.
Бұл талап банктік қарыз шартын және микрокредит беру туралы шартты қамтамасыз ету үшін жасалған кепіл шарттарына қолданылмайды.
5. Бір ғана сол жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты бір ғана сол құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуге бірнеше өтініш болған кезде өтініштің басымдығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.
6. Осы баптың ережелері жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу кезінде қолданылмайды.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.25 № 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Басым мүдделер | Бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабы | Бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы | Бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту | Бап. Құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру | Бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу | Бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав