Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  5. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  6. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  7. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  8. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  9. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  10. Бап. Құқықтық кадастрда сот актілерінің негізінде мемлекеттік тіркеу

 

1. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда:
1) құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер мемлекеттік тіркеу тоқтатыла тұрған кезде қажетті құжаттар ұсынылмаған болса, өтініш иесі осы Заңның 21-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
3) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн құжаттар тiркеуге ұсынылған кезде;
4) осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде;
5) заңды күшiне енген сот актiсiнiң негiзiнде;
6) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
7) егер бұрын туындаған құқықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе оған қатысты ауыртпалықтың анықталуы тіркеу объектісі болып табылса, мұндай құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптар:
1) болған ауыртпалық өз мүддесінде тіркелген тұлғаның өзге ауыртпалықтары болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлікке құқықтарының туындағанын;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың мұраға қалдыру тәртібімен ауысқанын;
3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтуды не банкроттықты басқарушыға ауысқанын;
4) пайдалану құқығы түріндегі ауыртпалық тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауысқанын;
5) ортақ мүліктегі үлеске құқықты;
6) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылатын құқық иеленуші туралы мәліметтердің өзгергенін;
7) бөлінуіне (бірігуіне) немесе нысаналы мақсатының өзгеруіне әкеп соқпайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергенін;
8) кепіл міндеттемелері сомаларының өсуіне әкеп соқпайтын, шарттар талаптарының өзгергенін;
9) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламаларды тіркеу кезінде қолданылмайды.
Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда тіркеуші орган тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады.
3. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге бас тартудың себептерін, құжаттың күні мен тіркеу нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік тіркеудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.
Электрондық тіркелген жағдайда тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған аталған хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.
Тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаның және өтініш беруші тіркеуші органға ұсынған басқа да құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ тіркеуден бас тарту туралы электрондық хабарламаның қағаздағы көшірмесі тіркеу ісінде сақталуға жатады.
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады.
5. Тіркеуден бас тартуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде тіркеуге өтінішті қайтадан беруге болады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 99 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Басым мүдделер | Бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабы | Бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау | Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру | Бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар | Бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу | Бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав