Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат

Читайте также:
  1. A) ғимараттың шығуы кезiнде баланстың құнын есептен шығару
  2. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  3. Ақпараттық диктант
  4. Бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабы
  5. Білімді бағалау бойынша ақпарат
  6. Леуетті өнім берушілердің ұсынатын құжаттары мен ақпараттары.
  7. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

68. Олар 68А-параграфына сәйкес ұсынылмаған жағдайда, баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

(а) негізгі құралдар;

(b) инвестициялық жылжымайтын мүлік;

(c) материалдық емес активтер;

(d) қаржы активтері ((е), (һ) және (і) тармақтарында көрсетiлген сомаларды қоспағанда);

(е) қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

(f) биологиялық активтер;

(g) босалқылар;

(һ) сауда және басқа дебиторлық берешек;

(і) ақшалай қаражаттар және ақшалай қаражаттардың баламалары;

(j) сауда және басқа кредиттік берешек;

(k) бағалау мiндеттемелерi;

(l) қаржы міндеттемелері ((j) және (k) тармақтарында көрсетілген сомаларды қоспағанда);

(m) 12-«Пайдаға салынатын салықтар» ІAS Халықаралық стандартында белгілендей ағымдағы салық бойынша мiндеттемелер мен активтер;

(n) 12 ІAS Халықаралық стандартында белгіленгендей, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтері;

(o) меншікті капиталдың құрамында ұсынылған азшылық үлесі;

Және

(p) шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.

68А. Баланста мынадай сомаларды білдіретін желілік баптар болуға тиіс:

A) сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің және 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы активтердің жиынтық баланстық мөлшері; және

B) 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде шығу топтарының құрамындағы міндеттемелердің жиынтық баланстық мөлшері.

69. Осындай ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болған кезде, баланстың өзінде міндетті түрде қосымша жеке баптар, тақырыптар және аралық сомалар ұсынылуға тиiс.

70. Ұйым қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді баланстың өзінде жеке бөлімдер ретінде ұсынатын болса, ол кейінге қалдырылған салық активтерін (міндеттемелерін) қысқа мерзімді салық активтері (міндеттемелері) ретінде сыныптауға құқылы емес.

71. Осы Стандарт баптар ұсынылуға тиiстi тәртiптi немесе пiшiмдi бекiтпейдi. 68-параграфта баптардың тiзбесi берiлiп қана қойды, олар баланстың өзiнде жеке ұсыну қажеттігін туғызу үшін сипаты немесе мақсаты жағынан жеткілікті дәрежеде әр түрлі. Бұған қоса:

(а) тиісті баптың мөлшерiн, сипатын немесе мақсатын және ұқсас баптардың жиынтығын жеке ұсыну ұйымның қаржы жағдайын түсіну үшін маңызды болса, жекелеген ұсыну кәсiпорынның қаржы жағдайын сенiмдi ұсынуға көмектесетiндей болған кезде желілік баптар есептілікке қосылады.

(b) баптардың немесе ұқсас баптар жиынтығының пайдаланылған сипаттамалары мен орналасу тәртiбiн, ұйымның қаржы жағдайын түсiну үшiн маңызы бар ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету үшін ұйымның және оның операцияларының сипатына сәйкес ауыстыруға болады. Мысалы, қаржы ұйымы мұндай ақпаратты ұсыну үшін жоғарыда аталған сипаттауларға қаржылық ұйымның қызметі үшін маңызды болатын өзгерістер енгізе алады.

72. Қосымша баптарды жеке ұсыну керек пе деген пiкiр мыналарды:

(а) активтердiң табиғаты мен өтімділігін;

(b) ұйымдардағы активтердің мақсатын;

және

(с) мiндеттемелердiң мөлшерiн, сипатын және уақытқа бөлiнуiн бағалауға негiзделедi.

73. Активтердің әр түрлі сыныбы үшін бағалаудың түрлі негіздерін пайдаланудың өзі олардың сипаты мен мақсаты жағынан өзгеше екендігін болжайды, және, сол арқылы, жеке желілік баптар ретінде ұсынылуға тиiс. Мысалы, негізгі құралдардың әр түрлі сыныптары 16- «Негізгі құралдар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құн бойынша немесе қайта бағаланған сомалар бойынша ескерілуі мүмкін.

Не баланстың өзiнде, не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат

74. Ұйым баланста немесе оған ескертулерде ұйымның операцияларына сәйкес келетіндей етіп сыныпталып ұсынылған желiлiк баптардың әрқайсысының бұдан арғы iшкi топтарын ашып көрсетуге міндетті.

75. Ішкi топтарды бөлшектеу деңгейі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына және тиісті сомалардың мөлшерiне, сипатына және мақсатына байланысты. Ішкі топтарға бөлудің тиісті негізі туралы шешім қабылдаған кезде 72-параграфта келтірілген факторлар да ескеріледі. Әрбiр бап үшiн ашып көрсетулер бір-бірінен өзгеше болады, мысалы:

(а) негізгі құралдар объектілері 16 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес топтарға бөлінеді;

(b) дебиторлық берешек сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегiне, байланысты тараптардың берешегiне, алдын-ала төлемдерге және басқа сомаларға бөлiнедi;

(с) босалқылар 2- «Босалқылар» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес тауарлар, өндiрiстiк жеткiзулер, материалдар, аяқталмаған өндiрiс және дайын өнiм сияқты iшкi топтарға бөлiнедi;

(d) бағалау мiндеттемелерi қызметкерлерге сыйақы төлеуге шығындар бойынша бағалау мiндеттемелерiне бөлiнедi; және

(е) меншiктi капитал мен резервтер төленген капитал, эмиссиялық кiрiс және резервтер сияқты әртүрлi топтарға бөлiнедi.

76. Ұйым не баланстың өзiнде, не ескертулерде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

(а) акционерлiк капиталдың әрбiр тобы үшiн:

(i) шығаруға рұқсат етiлген акциялардың саны;

(ii) шығарылған және толық ақы төленген, сондай-ақ шығарылған, бiрақ ақы толық төленбеген акциялардың саны;

(iii) акциялардың атаулы құны, немесе акциялардың атаулы құны жоқ екенiне нұсқама;

(iv) жылдың басына және аяғына айналымдағы акциялардың санын тексеру;

(v) тиiстi топқа байланысты құқықтар, жеңiлдiктер және шектеулер, соның iшiнде дивидендтер бөлуге және капиталды төлеуге шектеулер;

(vi) ұйымның өзi немесе оның еншiлес немесе қауымдас компаниялары ұстап қалатын ұйымның акциялары;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 25 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАҚСАТЫ | E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер. | Және | Және | Және | Және | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав