Читайте также:
|
|
Экономикалық үдерістер жүйесін мемлекеттік реттеуде өзінің маңыздылығы бойынша еңбек үдерістерін реттеудің орны ерекше болып табылады.
Еңбек үдерістері мен жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу еңбекке, еңбек рыногына, еңбекақыға, еңбек қатынастарына олардың нәтижелілігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке қажеттілікті қанағаттандыру, жұмыссыздықты шектеп, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау мақсатында әдістер мен құралдардың кеңейтілген спектрі әсерін қолдану болып табылады.
Рыноктық экономиканың басты ерекшелігінің бірі еркін еңбек рыногының қалыптасуы болса керек. Рыноктық экономика жағдайында еңбекке мемлекеттік мәжбүрлеу, жұмысшы күшін белгілі бір орында, белгілі бір сипатта қолдануға мемлекеттік күштеу әрекеттерінің жоқ болуы принципті маңызды болып табылады.
Бірақ, бұл рыноктық экономикада еңбек әлеуетін ұдайы өндіру мен еңбек ресурстары қозғалысы үдерістерін мемлекеттік реттеу жоқ дегенді білдірмейді.
Мемлекет еңбек рыногын тікелей және жанама әдістерді пайдалану арқылы реттейді, соның ішінде нормативтік-заңнамалық, салықтық, кредиттік, бюджеттік әдістер бар. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің ең маңызды принциптері:
- әлеуметтік еңбек қатынастары сипатының экономика дамуы қажеттіліктері мен тиімділіктің артуына сәйкестігі;
- технологиялық, ақпараттық жүйелер прогресі талаптарына сай жұмысшы күшінің сапалық сипаттарының өзгеруі;
- жұмыскерлердің ең әлжуаз, бәсекеге қабілеті әлсіз категорияларын әлеуметтік қорғау;
- еңбек пен жұмыспен қамтудың орталықтандырылған салалық және аймақтық бағдарламаларын сәйкестендіру, жұмыс орындарын ашу және жабу;
- еңбек рыногын реттеу арқылы экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Еңбек рыногы рыноктық экономикадағы ең күрделі элементтердің бірі болып табылады. Еңбек рыногын жұмысшы күшін меншіктеушілер мен өндіріс құрал-жабдықтарын иемденушілер арасында жұмысшы күшін қоғамдық өндіріске тартуға байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі деп анықтауға болады. Бұл рынок жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы мен жұмыс күшін меншіктеушілердің жұмыс орындарына сұрануын бір уақытта, қатар жүргізеді.
Жұмыспен қамту концепциясы келесі принциптерге негізделеді:
1. Өндіргіш, шығармашылық еңбекке қабілеттілік құқықтарын азаматтардың ерікті пайдалануы.
2. Азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асыруға мемлекеттің жауапкершілігі және қолдауы.
Экономикада еңбек секторын қалыптастырудың рыноктық бастаулары мемлекеттік реттеумен тығыз түрде сәйкесті байланыста болады. Адамдардың жеке қалауымен қатар, олардың таңдауларынан тәуелсіз объективті жағдайлар мен шарттылықтарда орын алады. Қоғамдық қажеттіліктерді, шынайы мүмкіндіктерді өндірістің қалыптасқан құрылымын белгілі бір жұмыс күшіне деген сұранысты ескерусіз болмайды. Қызметкердің сұранысы мен оның жеке басының қасиеттері арасындағы алшақтықтар да байқалып тұрады.
Қорыта жинақтағанда еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- еңбекті еркін таңдау жүйесін қалыптастыру;
- еңбекақының минималды мөлшерін тағайындау және қамтамасыз ету;
- мемлекеттік жұмыспен қамту мекемелерінің тиімді қызмет етуін ұйымдастыру;
- әлеуметтік әлжуаз топтар үшін жұмыс орындарын ашуға көмектесу;
- жұмыссыздық бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
- даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру ісіне мемлекеттің қатысуы және т.б.
32.Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің бірінші құрамдас бөлігі әкімшілік және құқықтық болып табылады. Реттеудің аталмыш формасы ағымдағы теңгерімді (балансты) экономиканы тұрақтандыру, өндіріс құлдырауын тоқтату, экономиканы қаржылық сауықтыру сияқты проблемаларды шешуге бағытталады. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің екінші негізгі құрамдас бөлігі экономикалық реттеу болып табылады. Экономикалық реттеу бірінші кезекте өндіргіш күштерді орналастыру және өңірлік дамуды қамтуы тиіс. Экономикалық реттегіштер төрт принципке жауап беруі қажет.
Бірінші принцип бойынша реттеуші жүйе шаруашылық қызметтің барлық субъектілеріне түгелдей таратылуы тиіс, маңызды деген бірнеше субъектілерге ерекше жағдай жасалып, олар өз кезегінде басқаларына ықпал етуі қажет.
Екінші принцип экономикалық реттегіштер жүйесінің ынталандырушы сипатта болуын қарастырады.
Үшінші принциптің мәні аймақтық дамуды реттеу жүйесі мерзімдік шеңбер шектерінде, әсіресе дотациялар мен жеңілдіктерге қатысты, қатаң шектерде болуында жатыр.
Төртінші принцип бойынша аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуде аумақтық ерекшеліктер ескеріліп, есептелуі тиіс.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін біртұтас басқару жүйесі қалыптастырылуы қажет. Бұл үшін жалпыға бірдей нормативтік-құқықтық жүйе жасалып, онда бір жағынан конституциялық нормалар мен жалпымемлекеттік заңнама талаптары ескерілетін болса, екінші жағынан республика субъектілерінің құқықтары есепке алынуы тиіс.
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру үшін әкімшілік шешімдерден гөрі экономикалық реттегіштердің маңызы арта түспек. Олардың сипаты жеңілдіктерге емес экономикалық ынталандыруға қарай ойысуы қажет.
Аймақтың дамуды мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін қалыптастыру өңірлік экономика мен басқару проблемаларына терең ғылыми зерттеу жүргізу базасында ғана мүмкін болары даусыз.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |