Читайте также:
|
|
Мемлекет ғылым дамуының басым бағыттарын таңдайды, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыруды, республикалық бюджеттен ғылыми қызметті қаржыландырады, республикалық дәрежедегі ғылыми ұйымдарды басқарады.
Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдаудың келесі бағыттары белгілі:
1. Ғылыми-зерттеулерді салықтық ынталандыруды күшейту. Мұның рыноктық экономикада бюджеттік субсидиялармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Салықтық жеңілдіктердің бірнеше түрлерін атауға болады. Олар: ғылыми зерттеулерге шығындардың табыстық бөлігіне салық салуды азайту; ғылыми зерттеулерге шығын өсіміне белгілі бір пайыз шамасында төленетін салыққа шегерім жасау; жаңа техникаға жұмсалатын күрделі қаржының бір бөлігіне салық сомасын кеміту; іргелі зерттеулерді қаржыландыруға арналған қаражатқа ерекше салықтық жеңілдіктер беру, орта және шағын бизнестің зерттеулеріне қолайлы жағдай жасау.
2. Инновациялық саясаттың басты құралдарының бірі ретінде ғылыми-техникалық өнімдерге мемлекеттік тапсырыс рөлін күшейтуді атауға болады. Қаржылық орнықтылыққа қол жеткізілген сайын тәуекелді (венчурлық) жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік тапсырыстың үлесі арта түседі.
3. Мемлекеттік инновациялық қор ең басым деген ірі зерттеулер мен жаңғыртуларды мақсатты түрде жеңілдікті қаржыландыратын болады. Аталған қордың инновацияларды мемлекеттік қолдау бойынша өкілеттігі мейлінше кеңейтілуі тиіс, яғни ғылыми идеядан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі циклды қамтуы қажет.
4. Технологиялық әлеуеттің мониторингтік және болжау жүйесін жасау үшін мемлекеттік деңгейде методикалық (әдістемелік) және ақпараттық қамтамасыз ету істері атқарылуы тиіс.
5. Ғылыми өнімді жобалау және өндіру сферасында рыноктық бәсеке рөлін арттыру негізінде басым бағыттар үшін Жапонияда кеңінен қолданылатын «бастапқы ақшалар» принципін тарату қажет.
6. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін ашып, кеңейту. Бұл үшін жеке меншік сектордың (қаржы-өнеркәсіптік топтар, коммерциялық банктер, бірлестіктер т.б. шаруашылық жүргізуші субъектілер) инновациялық белсенділігін ынталандыруды күшейтіп, коммерциялық мүдделіліктерін арттыру көзделеді.
7. Ғылыми-техникалық орталықтар қызметін коммерциализациялауды дамыту. Мұның өзі оларды табыстың негізгі бөлігін инновация және ақпараттық технология рыноктарынан іздеп, табуға итермелейді. Бұдан басқа, ғылыми орталықтар қызметін коммерциализациялау ғылымды рыноктық жағдайларға бейімдейді және мемлекеттің инновациялық саясатының жаңа әдістерінің пайда болуына көмектеседі.
8. Ғылыми зерттеу сферасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Әлемнің ешбір елі Ғ.Т.П.-ның барлық салалары бойынша зерттеулердің түгелге дерлік спектрін қамти алмайды. Ғылыми-техникалық кооперацияның мейлінше динамикалық формаларының бірі – халықаралық бірлестіктерді құру болып табылады. Ынтымақтастық пен өзара тәуелділік арта түскен шығындар мен тәуекелдерді бөлісуге итермелейді, сондай-ақ жаңа өнімді жасау процесіне қажетті білімдер потенциалын шоғырландырады
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |