Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері

Читайте также:
  1. Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.
  2. Леуметтік саясат ұғымы, міндеттері
  3. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 1 страница
  4. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 2 страница
  5. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 3 страница
  6. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 4 страница
  7. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 5 страница
  8. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 6 страница
  9. Мамандандырылған туристік ұйымдар. ДТҰ мақсаты, міндеттері. 7 страница

Агроөнеркәсіптік кешен (А.Ө.К.) – агроөнеркәсіптік өндіріспен байланысты экономика салаларының жиынтығы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың маңызды секторының бірі. Оны дамыту үшін ұзақ мерзімді болжамдар мен бағдарламалар талдап жасалынуы тиіс. Елдің азық-түлік сферасындағы тәуелділігін кеміту мәселесі ұлттық қауіпсіздіктің жалпы концепциясы мен бағдарламасын жасауды қажетсінеді. Онда елдің азық-түлік қауіпсіздігі негізделіп, Қазақстанның әлемдік азық-түлік өндіру және бөлудегі орны анықталуы тиіс. Мұның өзі, әсіресе ҚР-ның Бүкілдүниежүзілік Сауда ұйымына күруге ұмтылу жағдайында өзекті мәселе болып табылады.

Ұлттық экономиканың агроөнеркәсіптік кешені күрделі биотехнологиялық жүйе болып табылады. Оның негізгі сферасы – ауыл шаруашылығында жер, су т.б. табиғи өндіріс негіздері пайдаланылады. Шаруашылық іс-әрекеті нәтижелеріне табиғи-климаттық және метеорологиялық жағдайлар үлкен әсер етеді де ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдік сипат береді.

Ауыл шаруашылығы капитал мен қуатты көп қажетсінетін өндіріс, сондықтан бұл сала инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін аса тартымды емес. Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қолдау мақсатындағы мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың объективті қажеттілігі болып табылады.

А.Ө.К. – күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Бұл жүйеге көптүрлі қажеттіліктері мен мүдделері бар, әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар кіреді.

Мемлекеттік реттеу шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сәйкестендіру және тең құқылық жағдайында А.Ө.К-тің тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталады.

Аграрлық саясат агроөнеркәсіптік өндірістің орнықты және бәсекеге қабілетті дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға тиіс. Ал, мұның өзі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын, сондай-ақ олардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақындатуға оңды әсер етеді.

Табиғи-экономикалық шарттардың көптүрлілігіне байланысты жекелеген өңірлердегі өндірісті ұтымды орналастыру қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық саясатты да жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізуді қалайды. Агроөнеркәсіптік кешенді дәстүрлі қалыптасқан қағидаларға сәйкес орналастыру рыноктық механизмдер, сондай-ақ салалық және аумақтық бағдарламалар негізінде реттеледі.

Ұзақ мерзімді перспективада агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мақсаты рынокты тұрғындардың барлық топтарының қолы жетімді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді ауыл шаруашылығын қалыптастыру болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешеннің бірінші кезектегі міндеті азық-түлікпен қамтамасыз етуде импорттық тәуелділікті кеміту; азық-түлікті жан басына шаққандағы тұтынуды жоғарылата отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының табысты жұмысы үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жағдайлар жасау болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымында үш сфераны ажыратады: бірінші – ауыл шаруашылығы, тамақ және ет-сүт өнеркәсібін, дайындау жүйесін өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін өнеркәсіптік салалар жиынтығы; екніші – ауыл шаруашылығының тікелей өзі (егін, мал және орман шаруашылықтары); үшінші – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындауды, тасымалдауды, сақтауды және өңдеп, ұқсатуды қамтамасыз ететін салалар мен өндірістер жиынтығы.

Қазақстандағы аграрлық реформа барысында А.Ө.К.-тің ұйымдастыру-экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайлары түбегейлі өзгертілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық формаларын, өзінің өндірістік-қаржылық қызметін жоспарлауды, өндірілген өнім мен табысты пайдалануды, өткізілетін өнімге баға тағайындауды таңдауда дербес құқыққа ие болды.

Аграрлық реформаның мәні, ол – меншік қатынастарын өзгерту және соның негізінде ел экономикасында көп салалы аграрлық секторды қалыптастыру болып табылады. Заманауи ғылым мен практика шаруашылық жүргізудің талаптарға сай жолдарын ұсынады. Бүгінгі таңдағы аграрлық секторға қойылатын талаптар келесі концепция нұсқаулықтарымен байланысты болса керек. Олар:

• Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар ресурстық мүмкіндіктердің шектеулілігіне сәйкес А.Ө.К. дамуының басым бағыттары бойынша қабылдануы тиіс; осыған байланысты ішкі резервтерді мейлінше пайдалануға үлкен мән беріледі, сондай-ақ А.Ө.К.-тің ішкі экономикалық қатынастарын жетілдіруге, яғни тік және көлбеу байланыстағы құрылымдарды жасауға назар аударылуы қажет;

• Ауыл шаруашылығы тек экономика секторы ғана емес, сонымен қатар қоғам өмірінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы керек, сондықтан ол мемлекеттік саясаттың объектісі болуы тиіс;

• Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік рыноктарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі бар, себебі тиімді құрал ретіндегі реттеу іс-әрекеттерінен аталмыш сала шаруашылығының нәтижесі белгілі болады.

Рыноктық механизмдер отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау саясатын толықтыруы қажет.

Агроөнеркәсіптік кешенді өркендетуде өзіндік өндірістік мүмкіндіктерге басымдықтар беріледі. Бұл отандық азық-түлік рыногын қалыптастырудың негізгі шарты. Есептеулер көрсеткеніндей жақын онжылдықта отандық өнім шығару есебінен ет, құс, сүт, жұмыртқа, картоп және көкөніс өнімдері бойынша ішкі тұтынуды қанағаттандыруға мол мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде бұл өнімдерді өндіру бойынша мамандандырылған аймақтар кешендер ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасы үкіметі өңдеуші, ұқсатушы өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыруда материалдық, қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Мұның өзі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетіндігі анық.

 

21.Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыттары,әдістері,нақты механизмдері

Қазіргі дамыған елдердің барлығында дерлік ауыл шаруашылығы экономиканың маңызды сферасы ретінде мемлекеттің қолдау объектісі болып отыр. Өндірістің бұл саласындағы басты қағида еркін рынок жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасын белсенді мемлекеттік реттеумен толықтыруда болса керек.

Сонымен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу – бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру, өңдеу және өткізу, сондай-ақ аграрлық секторды өндірістік-техникалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістер арқылы әсері болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің реттеуші қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

• Заңнамалық база жасау, реттеуді құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік реттеу монополдық құрылымдардың теріс әсерін болдырмауға бағытталуы тиіс.

Қазақстанда аграрлық реформа жүргізу барысында мейлінше монополданған ресурстық, шикізаттық, азық-түлік рыноктары қалыптасты. А.Ө.К.-пен шектес салалардың монополизмі, делдалдардың көптігі бағалар диспаритетін (теңсіздігін) туындатып, ауыл шаруашылығында жасалған жалпы табысты монополистер мен делдалдардың пайдасына қайта бөліп, А.Ө.К.-тің негізгі саласындағы ұдайы өндіріске кедергі келтірді.

• Аграрлық рыноктардың барлығында бәсекелік орта қалыптастыру. Мұның өзі А.Ө.К.-тің түпкі табысын оның барлық буындарының шығындарына сәйкес қайта бөлуге көмектеседі. Бұған қоса баға теңсіздігін жою үшін энергетикалық кешен, көлік, байланыс кәсіпорындарының қызметін реттеуде мемлекет-рөлін күшейте түсетін заңнамалық негіз қажет.

• Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, тауар өндірушілерді рынок шарттарына бейімдеу жағдайларын жасауды қолдау. Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің маңызды қызметіне тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарына орнықты сұранысты қолдау жатады.

Мемлекет А.Ө.К. өнімдеріне, мемлекеттік тапсырысқа қажетті баға жүйесін реттеу арқылы халықтың табысын қалыптастыруға әсер етіп, тұрғындардың төлем қабілеті бар сұранысын түзуге жәрдемдеседі.

• Ақылға қонымды протекционизм (қолдау) саясатын жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кедендік тарифтер, импорттық азық-түлік тауарларына салықтар көмегімен жүзеге асады.

• Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасау, А.Ө.К.-тің біріккен кәсіпорындарын құру, озық техника мен технологияны импорттауды қолдау мақсатында шетелдік кредиторлар үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.

• А.Ө.К.-проблемалары бойынша шешуші ғылыми бағыттарды қаржыландыру, әлемдік стандарттарға сай жаңа технологияларды жасау бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері. | Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу. | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав