Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дж.Кейнстің концепциясы

Практиканың талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады. Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың, мемлекеттік қызмет өрісінің теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейнс теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейнс капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.

Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс «тұтынуға шекті бейімділік» түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды. Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті.

Дегенмен, өткен ғасырдың 70-жылдары ұдайы өндіріс жағдайы күрт нашарлап кетті. Стагфляция (күйзеліс жұмыссыздық және инфляцияның өсуімен бір уақытта орын алады) жағдайындағы ағылшын экономисі Филлипс ашқан тәуелділік бойынша жұмыссыздық және инфляция бір уақытта өсе алмайды (Филлипс қисығы). Дағдарыстан шығудың Кейнстік жолдары «инфляциялық серіппені (спиральді) одан әрі ширықтыра түседі». Аталған дағдарыстың әсерінен мемлекеттік реттеуде түбегейлі қайта құру орын алды да реттеудің жаңа моделі қалыптасты.

Қазіргі кейнсиандық бір емес, бірнеше макроэкономикалық теориялардан құралып, макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдарын таңдау мүмкіндіктері бар екендігін айғақтайды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бәсекелі және монополды рыноктар. | Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы | Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары | Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав