Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттің әлеуметтік үдерістерге қатысуы

Читайте также:
  1. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
  3. Леуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
  4. Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
  5. Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау
  6. Мемлекеттің әлеуметтік үдрістерге қатысуы
  7. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары
  8. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
  9. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары

Экономиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің қазақстандық үлгісі әлеуметтік бағдарланған, өйткені мемлекеттің экономиканы дамыту бойынша шараларын алып қарайтын болсақ олардағы әлеуметтік аспектілердің айқын көріністерін тапқан болар едік. Мемлекеттік реттеумен әлеуметтік үдерістер және құбылыстар арасындағы терең байланыстар мемлекеттің экономикаға әсерінің мақсаттары, міндеттері және функцияларынан туындайды. Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болса, онда әлеуметтік мәселелер, әрине басқару мен реттеудің анықтаушы қағидасы болып қала береді.

Мемлекеттік органдар әрдайым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі тиіс және экономиканы әлеуметтік мәселелерді шешуге тұрақты түрде бағдарлануы қажет.

Заманауи экономикалық ғылым мен теорияда «әлеуметтік бағдарланған экономика», «әлеуметтік бағдарланған рыноктық шаруашылық» деген түсініктер қалыптасып үлгерді.

Ғылыми айналымға соғыстан кейінгі Германия экономикасының реформаторы Людвиг Эрхард өзінің «Әл-ауқаттылық баршаға» (Благосостояние для всех) кітабында көрсеткен бұл категориялар дербес құрылымы, табыстарды бөлу әдісі, мемлекеттік басқарудың мақсатты бағдары бойынша халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге қызмет ететін экономиканы сипаттайды.

Қазіргі мемлекеттердің ешқайсысы да халықтың өмір сүру жағдайы, жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік сақтандырылуы туралы толық жауапкершілікті өз мойнына алмайды, ол міндетті де емес. Елдегі әлеуметтік болмыс сипаты, әлеуметтік игіліктер және тауарлар мен қызметтер үшін толық жауапкершілікті болатын патерналистік концепцияның (әкелік қамқорлық тұжырымдамасы) негізі жоқ және ешқандай экономикада жүзеге аспайды. Ал, рыноктық экономикада бұл концепцияны тіпті де қабылдауға келмейді.

Әлеуметтік сұраныстар мен қажеттіліктер азаматтардың өздерінің, отбасының, үй шаруашылығының, адамдар жұмыс істейтін ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, қоғамдық демеуші қорлардың және соның ішінде мемлекеттің қамқорлығы негізінде атқарылуы тиіс.

Мемлекет әлеуметтік үдерістерге әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруды, мемлекеттік қаржы көздерін пайдалануды, мемлекет функциясынан туындайтын жалпы әлеуметтік саясат жүргізуді өзінің ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкестендіреді. Мемлекеттің әлеуметтік экономикаға қатысу деңгейі елдің қоғамдық-саяси құрылысына, мемлекеттің құрылымына және ағымдағы экономикалық жағдайына байланысты.

Айта кететін бір жәйт, әлеуметтік үдерістерге мемлекеттің әсері тек қана халықтың аз қорғалған тобын экономикалық қолдау, әлеуметтік сфера мен әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырумен бітпейді. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, сонымен бірге ел Конституциясы, қолданыстағы заңдардың кепілдігіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандығын қамтамасыздандыру болып табылады.

Әлеуметтік саясатты қалыптастырып, жүзеге асыруға мемлекеттің қатысуы қажеттілігі мемлекеттің әлеуметтік миссиясы (парызы) ғана емес. Мәселе әлеуметтік объектілердің өндірістік, сауда объектілері сияқты табыс, пайда түріндегі экономикалық түсім әкелмейтіндігіне барып тіреледі. Сондықтан әлеуметтік объектілерді коммерциализациялау кәсіпкерлік қызмет аясынан тыс қалады, дегенмен кейбір жағдайларда әлеуметтік тиімділіктің экономикалық тиімділіктен басым түсіп жататын кездері де аз емес.

Қазіргі қазақстандық тәжірибеде әлеуметтік жаратылыстағы объектілерді коммерциализациялау мен жекешелендіру оларды табиғатына сай пайдаланбау немесе әлеуметтік өнімге қатардағы тұтынушылардың қолы жете бермейтін жоғары, рыноктық бағалар тағайындау сияқты келеңсіздіктер жиі кездеседі.

Көрсетілген ерекшеліктерге байланысты мемлекет бір жағынан әлеуметтік объектілерді реттеуі тиіс және міндетті, екінші жағынан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік объектілерді тікелей немесе жанама түрде қаржыландырудың едәуір бөлігін өзіне жүктеуге мәжбүр.

Реформалардан кейінгі Қазақстанда рыноктық қатынастар орнығып мемлекет экономиканы «жоғарыдан төмен, төменнен жоғары» басқарудан қол үзген соң, бағалардың көбісі «өз бетінше» кетіп, мемлекеттің әлеуметтік функциялары әлсіреді. Сондықтан мемлекет қалыптасқан жағдайларға сәйкес әлеуметтік саясат саласында арнайы шаралар жүйесін қолдануы тиіс болды. Олар келесідей:

- әлеуметтік әлсіз, халықтың кедей топтарын мемлекеттік қолдау;

- жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жүйесін енгізу;

- міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құру;

- әлеуметтік сфера салаларына (мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт т.с.с.) салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар (преференциялар) беру;

- тұрғын үй-коммуналдық реформа жүргізу;

- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

- әлеуметтік бағдарланған мақсатты жобаларды жүзеге асыру;

- әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру және т.б.

Әлеуметтік үдерістер мен экономика сфераларын мемлекеттік реттеу жүйесін жаңғырту бойынша жоғарыда көрсетілген шараларды талдап жасау мен күнделікті қолданысқа енгізу Қазақстанда үздік-создық жүргізілуде. Қоғамның мемлекетке жүктейтін әлеуметтік тапсырыстары мен оларды қанағаттандыру бойынша мемлекеттің нақты ресурстары арасында алшақтықтар байқалады.

Жаппай мемлекеттік билеп-төстеудің нәтижесі ретіндегі әлеуметтік психология қалыптастырған қоғамдық менталитет (болмыс) жетістікті азаматтардың өзін-өзі ұйымдастырушылық формаларының іс жүзінде болмауы әлі де болса барлық ірі әлеуметтік проблемаларды қазақстандық мемлекет шешуі тиіс және ол соған міндетті деген масылдық көзқарастан арылта қойған жоқ. Екінші жағынан рыноктық қатынастар жағдайына әлеуметтік бағдарланған Қазақстан экономиканы басқару, реттеу үдерістеріне қанық әлеуметтік рең (түр, сипат, мазмұн деген мағынада) береді деген үміт те жоқ емес. Әрине, үмітсіз-шайтан, дегенмен рыноктық қатынастар бастамашыл, жігерлі адамдарға көптеген артықшылықтар беретінін де естен шығармаған мақұл.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Бәсекелі және монополды рыноктар. | Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав