Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік тапсырыс,негізгі мақсаттары

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  5. Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері
  6. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  7. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  10. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Мемлекеттік тапсырыстар жаппай директивтік жоспарлаудан шектеулі жоспарлауға көшуді енгізді және рыноктық жаңғыртулардың басталуы нәтижесінде шаруашылық өмірге қайта енді.

«Мемлекеттік тапсырыс» өткен ғасырдың 20-шы жылдары шетелдерде және кеңестік экономикада қолданылған болатын. Бұл ұғымның отандық практикада қайта жаңғыруы 1989-1990 ж.ж. тұстас келді. Мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру тәртібі ережелерінде ол қоғамның бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындар жоспарына енгізілуі тиіс деп көрсетілді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік тапсырыстың мейлінше дамыған елі болып АҚШ есептеледі. Шаруашылық жүргізудің осы формасы арқылы АҚШ-та өнеркәсіптің электрондық, аэрокосмостық, атомдық және т.б. салалары пайда болып, дами бастады.

Мемлекеттік тапсырыс-рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірі. Мұнда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді.

Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ «өсу нүктелерін» қолдаудағы рөлі өте маңызды.

Мемлекеттік тапсырыстың негізгі мақсаттары:

• Мемлекеттік материалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру;

• Елдің қорғаныс қабілеттілігі қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау;

• Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету;

• Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында тауар жеткізілімдерін ұйымдастыру үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді.

Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды.

Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі:

• Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы;

• Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) сапасына қойылатын талаптар;

• Өнімді жеткізу мерзімі;

• Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары;

• Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.

37. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты,басты бағыттары

Әлеуметтік объектілер мен үдерістерді мемлекеттік реттеу формалар мен әдістердің, институттар мен құралдардың кең көлемді жиынтығына сүйенеді. Қайсыбір әдіс-тәсілдерді қолдану реттеу саласына, оның субъектілері мен объектілеріне тәуелді.

Әлеуметтік объектілер мен үдерістерді мемлекеттік реттеудің әмбебап құралына ҚР Конституциясы, Азаматтық Кодексі, Еңбек Кодексі, Бюджет Кодексі, әлеуметтік сфера салалары қызметін реттейтін заңдар жатады. Мемлекет тарапынан әлеуметтік үдерістерді құқықтық реттеу Президент Жарлықтары, Үкімет Қаулылары түріндегі нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асады. Бұл актілерде әлеуметтік жағдайға мемлекеттің әсер ету, экономиканың әлеуметтік сферасы салаларының қызметін реттеу, әлеуметтік жәрдем мен қолдау шаралары көрсетіледі.

Стратегиялық аспектіде әлеуметтік мақсаттарды мемлекеттік биліктің жоғары органдары әлеуметтік дамудың ұзақ мерзімді концепциясын талдап жасауда пайдаланады. Стратегияның әлеуметтік концепциясы принциптері мемлекеттік әлеуметтік доктринаға негізделеді.

Орта мерзімді перспективада мемлекеттік әлеуметтік мақсаттар табыс пен тұтынудың әлеуметтік нормативтеріне сүйенеді. Оларға, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы деңгейі, отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы, күнкөріс минимумы, игіліктердің негізгі түрлерін тұтыну көлемі, тұрғын үймен қамтамасыздандырылу сияқты көрсеткіштер жатады.

Қысқа мерзімді әлеуметтік мақсаттар мемлекет кепілдендірген жақын уақыт кезеңіндегі әлеуметтік ілгерілеудің деңгейін көрсетеді.

ЮНЕСКО ұсынған даму индексі бойынша әлеуметтік дамудың әмбебап көрсеткіштер қатары келесідей:

- салыстырмалы бағалар арқылы анықталып, халықтың жан басына шаққандағы табысымен өлшенетін өмір сүру деңгейі;

- өмір сүрудің орташа ұзақтығы;

- халықтың білімділік деңгейі.

Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік болжау жақын және келешек перспективада елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының нұсқалы болжамдарын талдап жасау түрінде көрініс табады. Әлеуметтік мемлекеттік болжамдар демографиялық ситуацияны, бала тууды, өлім деңгейін, халық санын, тұрғындардың жас-жыныс құрылымын, қалалық және ауылдық тұрғындар құрамын, миграцияны, жұмыспен қамтуды, табыс, баға, инфляция деңгейін, тауарлар, игіліктер, қызмет көрсету түрлерін тұтынуды алдын ала қарастыруды көздейді. Мемлекттік әлеуметтік реттеудің бір бөлігі ретіндегі әлеуметтік болжау жалпы экономикалық болжаумен тығыз бірлікте жүргізілуі тиіс.

Салалар бойынша әлеуметтік болжау әлеуметтік сфераның базалық салаларын қамтиды. Оларға мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ал аумақтар бойынша аймақтарды әлеуметтік дамыту жатады.

Мемлекет еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының кепілдендірілген минималды деңгейін минималды күнкөріс деңгейіне қатысты орнықтырып, жоспарлы көрсеткіштерді заңдар, жарлықтар, үкіметтік қаулылар формасында бекітеді. Мемлекеттік әлеуметтік жоспарлау, сондай-ақ әлеуметтік сфера салаларын дамытудың жоспарлы көрсеткіштерін осы мақсаттарға бөлінген мемлекеттік ресурстармен сәйкестендіре орнықтырады.

Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар дегеніміз уақыт пен кеңістік, атқарушылар мен ресурстар бойынша үйлестірілген, жалпымемлекеттік, салалық және аймақтық көлемде біртұтас ірі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Бәсекелі және монополды рыноктар. | Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар | Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар | Инновациялық-инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Ндіргіш күштерді дамыту және орналастыру заңдылдықтары | Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав