Читайте также:
|
|
« Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы» ЖШС 1997 жылы Алматы қаласында ТМД елдері мен Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығында өндіріс және тауар қызметімен айналысуға негізделген.
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы» 7 жыл бойы кен – шахта құралдарын, насос агрегаттарын, компресорлар, электр қозғаушыларын, желдеткіштерді, трансформатор, электр дәнекерлері және басқа өндірістік құралдарды өндіріп, жеткізумен айналысады.
Ғылыми – зерттеу институттарымен тығыз ынтымақтастық, насос өндірісінің әлемдік тәжірибесін зерттеу, жеке өзінің конструкторлық базасын құру және дамыту, бізге нарық талаптарына жауап беретін жеке өнім түрін жаңарту, өндіріске жаңа насос құралдарын енгізуге мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның бүгінгі күнгі клиенттерінің ішінен, яғни Қазақстанның 2000 кәсіпорындарының ішінен мынандай алыптары бар: НАК КазАтомПром, КазақМыс ААҚ, «Алтын Алмас» НАК және тағы басқалар.
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы»ЖСШ-нің Қазақстанның барлық өндіріс орталықтарында өзінің өкіл компания жүйелері бар, сонымен қатар Алматы қаласында қоймалары мен өндірістік базасы қызмет етуде. Яғни темірден тапсырыс бойынша жасалған заттар көбінесе су шығаратын насос, мұнайға шығаратын, ауа қысымын пайда болдыртатын (пар және суық ауа) балқытып мүсін бойынша құю және оны мемлекеттік стандартқа сай етіп шығарады.
Қазақстанның мұнай өңдеуші, мұнай-химиялық, электрлік, коммуналды кәсіпорындарына, агро өндіріс комплекісіне және халық шаруашылығы саласындағы басқа өндірістерге насос құралдарын өндіріп, ірі жеткізушілер болып саналады.
1999 жылдан бастап мұнда еңбек ақы тұрақты түрде төлене бастады. 2000 жылдың 30 қыркүйегінен бастап салықтар, еңбек ақы бойынша салықтар, мердігерлерге еңбек ақы бойынша борыштар толықтай өтелді. Өндірісті қалпына келтіру мақсатында басқарманың жаңа аппаратын жаңа жобасы жсалынды. Жобаға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 209 млн. долларға жетті.
Өндірістік цехтар басшылығын инженеринг вице-президенті басқаратын техникалық бөлім атқарады.
Ұйымдық құрылымы құрамына келесілері кіреді: еңбек және адам ресурстар бөлімі, қаржылық бөлім, құқықтық-заң бөлімі. Қаржы бөлімінің құрамына жеткізуды қадағалаушы, төлемдер, еңбек ақы, негізгі құралдар, салықтар, құралдарды сату бухгалтерлері және кассир кіреді.
«Өнеркәсіптік құрал – жабдықтар орталығы»ЖСШ-ның басшылығында кәсіпорын президенті, одан кейін бірінші вице-президент, және оның қол астындағы қаржы және бухгалтерлік есеп, үкімет байланысы вице-президенттер.
1 кесте «Өндірістік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико – экономикалық көрсеткіші
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2004 жыл | 2005 жыл | Ауытқуы (-;+) | Өсу қарқыны, % | |||||||
Өнімді өткізуден түскен табыс | Мың теңге | 24157,3 | 97437,6 | 73580,3 | 4 есе | ||||||||
Өткізілген өнімнің өзіндік құны | Мың теңге | 13687,6 | 83045,5 | 69357,9 | 6 есе | ||||||||
Жалпы табыс | Мың теңге | 40469,7 | 44392,1 | 3922,4 | 109,6 | ||||||||
Кезең шығындары | Мың теңге | 19115,1 | 8627,8 | -10487,3 | 45,1 | ||||||||
Негізгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 21354,6 | 35764,3 | 2276,7 | 10 есе | ||||||||
Негізгі емес қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 21354,6 | 27485,3 | 6130,7 | 128,7 | ||||||||
Таза табыс | Мың теңге | 11568,2 | 38363,8 | 4 есе | |||||||||
Жұмысшылардың орта тізімдік саны | Адам | 109,2 | |||||||||||
Жұмысшылардың жалақы қоры | Мың теңге | 77620,3 | 104722,8 | 27102,5 | 134,9 | ||||||||
Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы | Теңге | 13560,5 | 16750,3 | 3189,8 | 123,5 | ||||||||
Өнім рентабельділігі | Пайыз | 2,9 | 0,5 | -2,4 | 17,2 | ||||||||
Негізгі қордың орташа жылдық құны | Мың теңге | 104,9 | |||||||||||
Қор қайтарымдылығы | Теңге | 2,2 | 8,7 | 6,5 | 3 есе | ||||||||
Қор сыйымдылығы | Теңге | 0,4 | 0,1 | -0,3 | |||||||||
Қормен қарулану | Мың теңге | 22,1 | 21,2 | -0,9 | 95,4 | ||||||||
Өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығыны | Теңге | 1,3 | 0,9 | -0,4 | 69,2 | ||||||||
«Өндірістік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико – экономикалық көрсеткіштерін талдауға кірісетін болсақ, бұл кәсіпорында 2004 жылы өнімді өткізуден түскен табыс 24157,3 мың теңгеге тең болған, ал 2005 жылы ол 73280,3 мың теңгеге өсіп 97437,6 мың теңгені құрған. Ал өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 13687,6 мың теңге, ал 2005 жылы 83045,5 мың теңге.
Кәсіпорындағы жалпы табыс өнімді өткізуден түскен табыстан өткізілген өнімнің өзіндік құнның алғанға тең болады, яғни 2004 жылы 40469,7 мың теңге, ал 2005 жылы 44392,1 мың теңге. Осы жылдары жалпы табыстың өсу қарқыны 109,6 пайызға тең болды.
Кезең шығындарына негізінен кәсіпорынның әкімшілік шығындары, өткізуге кеткен шығындар және пайыз шығындары кіреді. Бұл кәсіпорында 2004 жылы әкімшілік шығындар болмаған сондықтан оның көрсеткіші 19115,1 мың теңгеге тең, ал 2005 жылы керсінше пайыздық шығындар болмаған, 2005 жылы сондықтан 2004 жылға қарағанда 10487,3 мың теңгеге кем болған.
Негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылы 21354,6 мың теңге, ал 2005 жылы 35764,3 мың теңге құрған, оның өсу қарқыны ағымдағы жылмен салыстарғанда 10 есеге жоғарлағанын көрсетеді.
Ал негізгі емес қызметтен түскен табыс 2004 жылы 21354,6 мың теңге болды, 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 6130,7 мың теңгеге артық болған. Осы жылдардағы негізгі емес қызметтің өсу қарқыны 128,7 пайызды құрған.
Таза табыс 2004 жылы 11568,2, ал 2005 жылы 49932 мың теңге болды, ағымдағы жылға қарағанда бұл 38363,8 мың теңгеге артық.
Кәсіпорындағы жұмысшылардың орта тізімдік саны 2004 жылы 477 адам болған, ал 2005 жылы бұл кәсіпорынға 44 адам жұмысқа орналасқандықтан, жұмысшылар саны 521 адам болды. Осы кәсіпорындағы әр жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 2004 жылы 13560,5 теңге, ал 2005 жылы 16750,3 теңге болған. Ал енді осы көрсеткіштерді пайдалана отырып жұмысшылардың жалақы қорын есептейтін болсақ, яғни жалақы қорын есептеу үшін біз жұмысшылар тізімін 12 айға көбейтіп, оны жұмысшылардың орташа тізіміне көбейтеміз, сонда бізде бір жыл бойынша жалақы қоры шығады. Кәсіпорындағы 2004 жылы жалақы қоры 77620,3 мың теңге болған, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 34,9 есе көбейіп 104722,8 мың теңгені құрды.
Он бірінші көрсеткіште, яғни өнім рентабельділігінде 2004 жылмен 2005 жылды салыстырғанда 2,4 пайызға кем болған. Бұл жылдардағы өнім рентабельділігінің ауытқуы 17,2 пайызға тең.
Негізгі қордың орташа жылдық құны негізгі қордың жыл басындағы көрсеткішінен жыл аяғындағы көрсеткішін алып, оны екіге бөлгенде шығады. Біздегі негізгі қордың орташа жылдық құны 2004 жылы 10573 мың теңгеге, ал 2005 жылы 11095 мың теңгеге тең. Екі жыл арасындағы ауытқу 522 мың теңгеге тең.
Қор қайтарымдылығы =өткізілген өнімнің өзіндік құны / негізгі қордың орташа жылдық құнына
Егер, 2004 жылғы қор қайтарымдылық 13687,6 / 1057,3 = 2,2 теңге
ал, 2005 жылғы қор қайтарымдылық 83045,5 / 11095 = 8,7теңгеге.
Қор сыйымдылығы жоғарыдағы көрсеткішке кері көрсеткіш болып келеді, яғни мұнда біз негізгі қордың орташа жылдық құнды өткізілген өнімнің өзіндік құнына бөлеміз, осы формуланы пайдалана отырып бізде 2004 жылғы көрсеткіш 0,4 теңгеге, ал 2005 жылғы көрсеткіш 0,1 теңгеге тең болды. Кестеде көріп отырғанымыздай 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 0,3 теңгеге кем болған.
Қормен қарулану 2004 жылы 22,1 мың теңге, ал 2005 жылы 21,2 мың теңгеге тең болды. Өнімді бір теңгеге шаққандағы шығыны 2004 жылы 1,3 теңге, ал 2005 жылы 0,9 теңге, яғни 2005 жылы 0,4 теңгеге кем болған.
Осы кестеге сүйене отырып, бұл кәсіпорында шығын азайып, пайда көбейгенін көре аламыз. Өйткені бізде жалпы табыс және таза табыс ағымдағы жылға қарағанда бірнеше мың теңгеге жоғарлаған. Сонымен қатар кәсіпорын өз жұмыскерлерін жұмысқа ынталандыру үшін әр қызметкердің жалақысын жоғарлатқан. Сол себепті де мұнда 2004 жылға қарағанда 2005 жылы жұмысшылар саны 44 адамға өскен, және де жалпы жалақы қорында да өзгеріс байқалуда.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 157 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |