Читайте также:
|
|
Классикалық механика түсінігі бойынша дененің массасы өзгермейтін тұрақты шама. Бірақ ХІХ ғасырдың аяғында аса үлкен жылдамдықпен қозғалатын электрондарды бақылай отырып, денелердің массаларының жылдамдықтарына байланысты екендігін, дәлірек айтсақ, жылдамдық артқан сайын масаның көбейетіндігін төмендегі заңдылық бойынша тапты:
, (9.48.1)
мұнда mo- материалық нүктенің (денңнің) тыныштық массасы, m- релятивистік масса.
Релятивистік массаны пайдалана отырып, релятивистік импульсті инерциялық санақ жүйесінде былай (9.48.2)
жазамыз. Олай болса Ньютонның екінші заңы Лоренц түрлендірулеріне қатысты да инвариантты болады. Сондықтан материалдық нүктенің релятивистік динамикасының негізгі заңы болады. (9.48.3)
Кеңістік біртекті болғандықтан релятивистік механикада релятивистік импульстің сақталу заңы орындалады: тұйық жүйенің релятивистік импульсі тұрақты болады.
Тыныштық массасы mo денеге Ғ күш әсер етсін. Осы күштің жұмысын есептейік. ығысу аралығында істелген элементар жұмыс
(9.48.4)
Барлық аралықта істелген жұмысты табу үшін, (146) формуладан күштің мәнін жоғарыдағы орнына қойып, оны интегаралдаймыз:
(9.48.5)
-дененің жылдамдығы,
G-интегралдау тұрақтысы.
mo- масса өзгермейді деп аламыз да, күштің толық жұмысы дененің кинетикалық энергиясын арттыруға кетеді:
(9.48.6)
G-нің мәнін (9.48.6) формуласынан табамыз, ол үшін =о болғанда
болатындығын ескерсек
, олай болса
(9.48.7)
немесе (9.48.7) формуласына релятивистік массаның мәнін қойсақ:
(9.48.8)
Кинетикалық энергия дененің қозғалғандағы энергиясы мен тыныштықтағы энергияларының айырмасына тең.
Дене қандай күйде болса да ол толық релятивистік энергиямен сипатталады:
(9.48.9)
Дене тыныштықта ( =о) болса, онда энергия
(9.48.9)
(9.48.9)-формуланың физикалық ұғымы: тыныштық массасы бар зат күйіндегі материалдық дененің тыныштық массасы жоқ сәуле түріндегі материалдық денеге айнала алатындығын (және керісінше де өзгереді), бірақ энергияның өзгермейтіндігін білдіреді. Бұған электрон мен позитронның (тыныштық массалары бірдей екі бөлшектің) қосылып (одан кейін олар жойылады), электромагниттік сәулеге айналуы және электромагниттік сәуленің энергиясының тура екі бөлшектің тыныштық энергияларының қосындысына тең болуын мысал етіп аламыз (бөлшектердің кинетикалық энергиясы нольге тең деп алынады).
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 746 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |